Слайд 3Компьютерлік графика –
әр түрлі кескіндерді
(суреттерді,
сызбаларды,
мультипли-
кацияларды)
компьютердің
көмегімен алуды
қарастыратын
информатиканың маңызды саласы
Слайд 4Компьютерлік, nелевизиялық жəне кинотехнологиялар тоғысында салыстырмалы
түрде жаңа сала – компьютерлік графика мен
анимация дүниеге келді жəне тез қарқынмен дамуда.
Слайд 5Дербес компьютерді пайдаланушылардың
қатарында компьютерлік графикамен
айналысатындардың саны артып келеді. Қазіргі кез
- келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады
Слайд 6Компьютерлік графикада елеулі орын ойын-сауыққа бөлінген. Осыған
байланысты ойындардағы мəліметтердің графикалық көрінісінің механизмі
ұғымы қалыптасқан. Ойын программаларының нарығы бірнеше ондаған миллиард доллар айналымды құрайды жəне көбінесе графика мен анимацияның жетілуінің кезекті
кезеңін көрсетеді.
Слайд 7Компьютерлік графика тек құрал ретінде болғанымен оның құрылысы мен əдістері негізгі жəне
қолданбалы ғылымдар: математика, физика, химия, биология,статистика, программалау жəне т.б. ғылымдардың алдыңғы қатарлы жетістіктеріне
негізделеді.
Слайд 8Бейнені құру мен өңдеу компьютердің программалық жəне аппараттық
құралдарына да тығыз байланысты.
Сондықтан
компьютерлік графика
информатиканың жедел қарқынмен дамитын салаларының бірі жəне көбінесе барлық
компьютерлік индустрияны соңынан ертетін көшбасшы болып табылады.
Слайд 9Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі
бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика.
Алғашқы
компьютерлер тек ғылыми және өндірістік
есептерді шығару үшін қолданылды.
Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін
оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер мен
диаграммалар, сызбалар тұрғызған.
Машинадағы алғашқы графиктерді
символдық режимде басып шығаратын.
Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың
көмегімен сызатын арнайы құрылғылар –
графиксалғыштар (плоттерлер)
пайда болды.
Слайд 10Іскерлік графика – қандай да бір мекеме
жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну
үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Слайд 11Контрукторлық графика - инженер –
конструкторлардың, архитекторлардың,
жаңа техниканы ойлап шығарушы
өнертапқыштардың
жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования – жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады.
Конструкторлық графика құралдарын
пайдалана отырып жазықтықтағы
кескіндерді (проекциялар, сызбалар)
ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді
кескіндерді де жасауға болады.
Слайд 12Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен
сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді.
Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.