Содержание
- 2. Жоспары: 1. XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі 2. XVII ғасырдағы мемлекет нышандары 3. Билер институты. Құрылтай 4.
- 3. XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі
- 4. XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз
- 5. Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық
- 6. Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан) өзінің ақыл-парасатымен және әділдігімен
- 7. Қазак хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан — мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер
- 8. Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — «Жеті Жарғы» өмірге келді. Ол
- 9. «Жеті Жарғы» — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды
- 10. Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды: икта, сойырғал, вакуф, милк. Икта —
- 11. Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді: Хараж — жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық. Баж — саудагерлерден алынатын
- 13. Скачать презентацию
Слайд 2Жоспары:
1. XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
2. XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
3. Билер институты. Құрылтай
4.
Жоспары:
1. XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
2. XVII ғасырдағы мемлекет нышандары
3. Билер институты. Құрылтай
4.
5. Меншік қатынастары. Салықтар мен міндеткерліктер
6. Пайдаланылған әдебиет
Слайд 3XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі
XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі
Слайд 4XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында
XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында
Слайд 5Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да
Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да
Ел арасында аса беделді үш би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.
Слайд 6Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан)
Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан)
Ұлы жүзде — Төле,
Орта жүзде — Қазыбек,
Кіші жүзде — Әйтеке билер.
Слайд 7Қазак хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан — мемлекет басы, ал
Қазак хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан — мемлекет басы, ал
Аса маңызды жалпыұлттық мәселелер, соның ішінде басқа елдермен қатынас сипаты, әскери іс жылда күзде шақырылатын жалпы-халықтық Құрылтайда талқыға түсті, ал оның шешімін орындау және басшылыққа алу барлық буындағы билеушілерге міндеттелді. Құрылтайдың шешімін тек Құрылтай ғана өзгерте алатын еді.
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты заңдық ережелер, кейін оларды ауыстырған «Жеті Жарғы» қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды. Хандықтың астанасы және елдің рухани орталығы — Түркістан қаласы болды.
Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола калыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң бүл мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтары да байқалды. Қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясына отарлық тәуелділікке ұшырауына алып келді.
Слайд 8Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — «Жеті
Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — «Жеті
жер дауы,
жесір дауы,
құн дауы,
ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы,
қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.),
ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау.
Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. «Жеті Жарғы» енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында
«қара қазан» (айыпкерге өлім жазасы),
«қара нap» (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету),
«қара мылтық»,
«қара кілемт» т. б. жазалар болды.
Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, «әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады» деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.
Меншікті қорғау — ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік — ру, ал мал — отбасы меншігінде. Ереже ақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды.
Слайд 9«Жеті Жарғы» — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға
«Жеті Жарғы» — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға
«Жеті Жарғыда» сондай-ақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: «Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, көпір болған адам мал-мүлкімен айдалады», — деп көрсетілді.
Ережеге «Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде» деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867—1868 жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.
Меншік қатынастары. Салықтар мен міндеткерліктер
XVI—XVII ғасырлар Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды. Мұны Шыңғыс хан тегінен шыққандардың белгілі бір қалаларды иеленуінен, үлестік жүйенің сақталуынан көреміз. Мәселен, казақ ханы Есім Түркістан қаласын биледі, ал сол кезде Ташкент Тұрсын ханның қолында болды.
Слайд 10Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды:
икта,
сойырғал,
вакуф,
милк.
Икта — дәстүр
Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды:
икта,
сойырғал,
вакуф,
милк.
Икта — дәстүр
XIV ғасырдың соңына қарай бұл уақытша жер иелену түрі неғұрлым кеңейтілген құқықтар берілген сойырғалмен ауыстырылды. Сойырғал «сыйға тарту» деген мағына білдіреді. Иктадан айырмашылығы — өмір бойына берілді, демек, мұрагерлікке қалдырылды. Салық жинаумен қатар сот-әкімшілік істерін де басқару мүмкіндігіне қол жеткізді.
Вакуфтық жер — салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер.
Милк — жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы.
Райаттар — негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеуші
Слайд 11Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді:
Хараж — жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық.
Баж —
Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді:
Хараж — жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық.
Баж —
Жасақ — көшпелі малшылардан алынатын салық.
Қамсыздандыру үшін алынатын заттай алым:
Зекет — мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.
XVI—XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеткерліктер атқарды:
Мардикар — суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша «мард» — адам, «кар» — іс, жұмыс.
Құналғы — әскер бөлімдерін лайықты қабылдау.
Жамылғы — әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).
Салықтар, алымдар және міндеткерліктер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды.