Слайд 2Жоспары:
Кіріспе
Биотехнологияның дамуының қысқаша тарихы.
Биотехнологиялық процесстерге қатысатын микроорганизмдер.
Бактериялар мен

вирустардың генетикасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Биотехнология (bios-тіршілік; шеберлік;logos-ғылым) - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім

алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Слайд 4Биотехнологияның дамуының қысқаша тарихы.
Алғаш рет «Биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эрехи шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде

олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану болып табылды.
Слайд 5Биотехнологиялық процесстерге қатысатын микроорганизмдер.
Биотехнология - процесс барысында микроағзалардың, оқшауланған жасушалардың немесе олардың

құрам бөліктерінің биохимиялық əрекетін пайдалана отырып, халық шаруашылығына жəне адамзат тіршілігінің əртүрлі салаларына бағытталған бағалы өнімдерді алу.
Мысалы, бидайды судан жəне тыңайтқыштан алу бір қарағанда - биотехнология. Бірақ мұнда оқшауланған жасушалардың іс-əрекеті емес, жоғарғы сатыдағы көпжасушалы ағза, макроағза, яғни тұтас өсімдіктің биохимиялық іс-əрекеті пайдаланылады.
Слайд 7Бактериялар мен вирустардың генетикасы.
Бактериялар мен вирустар - жалпы генетикалық заңдылықтарды анықтау

үшін қолданылатын негізгі зерттеу обьектілері. Вирустар мен бактериялар генетикалық тәжірибе жасауға қажетті қасиеттерімен ерекшеленеді. Осы себептен олар молекулярлы генетиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды.
Слайд 10Гендік инженерия және оны құрастыру
Гендік (генетикалық) инженерия —молекулалық және клеткалық инженерия белгілі

бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
Слайд 12Генетикалық рекомбинациялар
Генетикалық рекомбинациялар — бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық

рекомбинация нәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Ген алмасуында нуклеин қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады.
Слайд 14Қорытынды
Қорыта айтсақ, негізінен биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы деп санасақ болады.Биотехнологияның

негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері болып табылады.
Слайд 15
Пайдаланылған әдебиеттер
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
https://www.google.com/search?q
Дарханбаев Т.Б.,

Шоханов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы , 1982.
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567
https://www.google.com/search?q
https://www.google.com/search?q