Слайд 2Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі 3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен
тұрады.
1 - негізгі – ұрық бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы. Ұрық басы сагитальды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.
1 – қосымша – ұрық басы сәл бүгіліп, иегі кеудесіне жақындайды. Кіші еңбегі жамбастың өткізгіш осьіне жақындап, өткізгіш нүктеге айналады.
Слайд 32 - негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі.
2 - қосымша – ұрықтыңбасы екінші аздаған
іштей бұрылыс жасап, сагитальды жігі жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
Слайд 53 - негізгі – ұрықтың басының жарып шығуы, шүйде ойысы қасағаның астына келіп, бірінші
айналу нүктесі пайда болады.
3 - қосымша – сол айналым нүктесінде бала басы шалқаяды, баланың беті, маңдайы,иегі туылады. Денесіішке бұрылыс жасап, басы сыртқа бұрылыс жасайды. Бала алдыңғы иыққа дейін туылып, иық пен қасаға арасында екінші айналым нүктесі пайда болады.Осы нүктеде бүйіріне бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай қалған бөлігі кедергісіз туылады.
Слайд 7Босанудың ІІІ кезеңі
Нәресте туылғаннан кейін басталады.Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуымен
аяқталады.