Дәріс неврологияға кіріспе. Пән және клиникалық неврология тарихы. Неврологиядағы дәлелдену медицинасы

Содержание

Слайд 2

Неврология – нерв жүйесі туралы ғылым. Ол нерв жүйесінің зақымдануының сезімталдық, қозғалыс,

Неврология – нерв жүйесі туралы ғылым. Ол нерв жүйесінің зақымдануының сезімталдық, қозғалыс,
сөйлеу және т.б. белгілерін үйретеді, диагностикалық тексеру тәсілдерін дамытады, емдеу және алдын алу шараларын үйретеді.

Слайд 3

Невропатологияның негізін білу орта медициналық қызметкерлерге тек қана емдік және алдын алу

Невропатологияның негізін білу орта медициналық қызметкерлерге тек қана емдік және алдын алу
шараларын дұрыс орындау үшін емес, басқа аурулардың неврологиялық асқынуларын білу үшін қажет.
Сонымен қатар мейірбике науқастарды күтуді ұйымдастыруды, мейірбике үрдісінің кезеңдерінің құжаттарын толтыруды, қажет болған жағдайда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсетуі тиіс.

Слайд 4

Қазіргі кезеңде мейірбикелерге қойылатын талап бойынша мейірбикелер ғылыми білімді, психологияның негізін коммуникативтік

Қазіргі кезеңде мейірбикелерге қойылатын талап бойынша мейірбикелер ғылыми білімді, психологияның негізін коммуникативтік
дағдыларды, науқастармен қарым-қатынасты жоғары дәрежеде көрсете білуі қажет

Слайд 5

Нерв жүйесінің аурулары туралы мағлұматтар өте ертеде анықталған, олар египеттің папурустарында, ертедегі

Нерв жүйесінің аурулары туралы мағлұматтар өте ертеде анықталған, олар египеттің папурустарында, ертедегі
индиялық Аюр-Ведтік жазылымдарда кездеседі.
Сол кездің өзінде паралич, ұстамалар, қысқа аралық естен танулар туралы мәліметтер бар. Гиппократтың, Авиценнаның және Рази жазылымдарында неврологиялық аурулар туралы мәліметтер бар (эпилепсия, менингит, сақина ауруы).
Ежелгі Рим дәрігері Гален (II ғасырда) жануарлардағы мидың анатомиялық құрылымдары туралы, кезбе нерв туралы, ми нервтері және олардың қозғалыстағы атқаратын міндеті туралы түсініктер берді.

Слайд 6

Бец, Броун-Секар, Даркшевич және т.б. ғалымдар ми мен жұлынның әр түрлі бөліктерінің

Бец, Броун-Секар, Даркшевич және т.б. ғалымдар ми мен жұлынның әр түрлі бөліктерінің
құрылымдары туралы түсініктер берді.
1865 жылы Париж «Сальпетриер» ауруханасында Жан Шарко жұмыс жасай бастады. Ол 10 жыл бойы шашыраңқы склероз, бүйірлік амиотрофиялық склероз, сирингомиелия, истерия және т.б. аурулар туралы ғылыми еңбектер жазды.

Слайд 7

Россиядағы нервологияның дамуы ерекше жолмен басталды. XVIII ғасырда
I Петрдің нұсқауы бойынша

Россиядағы нервологияның дамуы ерекше жолмен басталды. XVIII ғасырда I Петрдің нұсқауы бойынша
алғашқы әскери госпиталь құрылды.
1869жылы Москва университетінде бірінші Россиялық нерв аурулары және жындылар аурулары клиникасы ашылды, оны дәрігер, ғалым, оқытушы А.Я. Кожевников басқарды.
Ол көптеген неврологиялық аурулардың суреттемесін берді, сонымен қатар қояншық ауруы туралы мәліметтер жинады (кожевников эпилепсиясы).
Кожевников көптеген талантты жас орыс ғалымдарын тәрбиелеп шығарды, невропатологтар мен психиатрлардың алғашқы қоғамын ұйымдастырды және невропатологтардың негізін қалаушы болып табылады

Слайд 8

И.М. Сеченов және И.П. Павловтың невропатологияның дамуында қосқан үлесі зор. Олар рефлекс

И.М. Сеченов және И.П. Павловтың невропатологияның дамуында қосқан үлесі зор. Олар рефлекс
туралы негізгі түсінікті берді, ми қызметінің қозу және тежеу арқылы жұмыс жасайтынын анықтады.
Нерв жүйесінің анатомиялық және физиологиялық негізін орыс ғалымы— В.М. Бехтерев қалады. Ми қыртысындағы қызмет орталықтарын анықтауда үлкен үлес қосты

Слайд 9

Дарынды орыс ғалымдарымдарының жұмыстары И.П. Павлов, С.С. Корсаков, Г.И. Россолимо, В.М. Бехтерев,

Дарынды орыс ғалымдарымдарының жұмыстары И.П. Павлов, С.С. Корсаков, Г.И. Россолимо, В.М. Бехтерев,
М.Е. Введенский және т.б. неврологияны алдыңғы ғылымдар қатарына қосты. Олардың ісін көрнекті совет ғалымдары В.А. Гиляровский, В.П. Протопопов, В.П. Осипов, О.В. Кербиков, В.Н. Мясищев, А.В. Снежневский, С.Н. Давиденков, П.К. Анохин, Н.К. Боголенов, Н.Н. Бурденко ары қарай жалғастырды.

Слайд 10

Бұдан кейінгі жылдарда да ғылыми орталықтарда невропатологияның негізгі бағыттарында зерттеу жұмыстары жалғасып

Бұдан кейінгі жылдарда да ғылыми орталықтарда невропатологияның негізгі бағыттарында зерттеу жұмыстары жалғасып
жатты.
Мидың қан айналысының бұзылуларын (Н.В. Верещагин, Е.И. Гусев);
шеткі нерв жүйесінің патологиясын (И.П. Антонов);
балалар невропатологиясын (Л.О. Бадалян);
эпилепсияны (В.А. Карлов); вегетопатологияны (А.М. Вейн, И.И. Шогам).
Ростов қаласында РГМУ (В.А. Балязин) нейроонкология проблемаларын зерттеуде.

Слайд 11

Мейірбикелердің неврология бөліміндегі қызметі өте күрделі және маңызды, оның күрделілігі көбіне науқастардың

Мейірбикелердің неврология бөліміндегі қызметі өте күрделі және маңызды, оның күрделілігі көбіне науқастардың
ауырлығында және мүгедектігінде.
Мейірбике емдеуші дәрігерлердің тағайындаған емін уақытында және сапалы орындауы қажет, науқастардың күн тәртібін орындауын және тазалығын қадағалауы керек.
Алғашқы медициналық жәрдемді көрсетуі тиіс, керек жағдайда дәрігерді шақыруы қажет.
Алғашқы реабилитациялық шараларды және асқынулардың алдын алу шараларын жүргізуі тиіс.

Слайд 12

Мейірбике үрдісінің бірінші сатысы- медициналық тексеру, науқастың аты-жөнін, шағымдарын, әлеуметтік жағдайын және

Мейірбике үрдісінің бірінші сатысы- медициналық тексеру, науқастың аты-жөнін, шағымдарын, әлеуметтік жағдайын және
психикалық жағдайын анықтаудан тұрады.
Екінші сатысында науқастың денсаулығын анықтау, науқастың проблемаларын анықтау.
Мейірбикелік диагноз қою үшін науқастың физикалық, эмоциональналды-психологиялық, әлеуметтік және көңіл күйін анықтау қажет.
Үшінші сатысында мейірбике мақсатты анықтап көмек көрсету сатысын жоспарлайды.
Жақын арадағы және алыс мақсаттарды анықтап- мейірбикелік шаралардың кезеңдері анықталынады. Науқасты күтуге арналған шаралар мейірбикелік ауру тарихына немесе карталарға жазылады.

Слайд 13

Төртінші сатысында жоспарланған шараларды іске асырады.
Олар мейірбикелік қалыптастырылған күту шараларына сәйкес

Төртінші сатысында жоспарланған шараларды іске асырады. Олар мейірбикелік қалыптастырылған күту шараларына сәйкес
келуі қажет және алғашқы жоспардағы шаралар әрбір бөлім бойынша жазылып отырылады.
Бесінші сатысы — мейірбикелік күту шараларының сапасы бағаланады.
Имя файла: Дәріс-неврологияға-кіріспе.-Пән-және-клиникалық-неврология-тарихы.-Неврологиядағы-дәлелдену-медицинасы.pptx
Количество просмотров: 55
Количество скачиваний: 0