Слайд 2 «Сабақ беру –
үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны

табатын өнер»
Ж.Аймауытов
Слайд 4 Интеллектуалды ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттыруымен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық

ойлау қабілетін дамытады.
Слайд 6кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын көлемдегі мәтінді

қолдана алады;
Слайд 7 алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын қолданады;

Слайд 8тілдік қатынас және қоршаған шынайылықты танып білу құралы ретінде ана тілінің маңызын

түсінеді;
Слайд 9 топпен, командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын пайдалана алады;

Слайд 10жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;

Слайд 11интеллектуалдық ойындар барысында жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;

Слайд 12өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;

Слайд 13ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа

тартылады.
Слайд 14интеллектуалдық даму деңгейі жоғары , дарынды тұлғалар айқындалады.

Слайд 15Дайындық барысындағы мәселелер
Ойынның мақсаты. Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның

қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?
Ойынға қатысушылар саны.
Ойында қолданылатын материалдар, әдебиеттер.
Слайд 16Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?
Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл

ойын әсерлі, қызықты бола ма?
Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?
Слайд 17Ойын бұрын сабақта қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?
Ойын қорытындысын хабарлау.

Слайд 18«Алғырлар мен тапқырлар» ойыны.
Ойынның шарты:
3 ойыншы қатысады. Әр ойыншы асық таңдайды,

асықтың түсіне байланысты жолға барып тұрады. Тақырып таңдайды.
Слайд 19 Сары жолға тұрған ойыншыға жеңіл сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға орташа сұрақтар, қызыл

жолдағы ойыншыға күрделі сұрақтар беріледі. Сары жолдағы ойыншыға 5 сұрақ, жасыл жолдағы ойыншыға 3 сұрақ, қызыл жолдағы ойыншыға 2 сұрақ қойылады.
Слайд 20
“Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес”
В.А.

Сухомлинский