№ 2299 ж/е №526 бұйрықтары

Содержание

Слайд 2

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Слайд 3

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен
мен шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30.12.№ 2229 қаулысымен бекітілген

Слайд 4

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттары :
1. Жалпы ережелер

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттары : 1. Жалпы
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі және шарттары (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - пациенттер) көрсетіледі.
3. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, ақылы қызметтер, ақылы қызметтер , ақылы бөлімшелер, денсаулық сақтау ұйымы ұғымдар пайдаланылады.

Слайд 5

0л ұғымдар :
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі -ТМККК)

0л ұғымдар : тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі -ТМККК)
Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін медициналық көмектің бірыңғай көлемі;
ақылы қызметтер - ТМККК тізбесіне кірмейтін және пациенттердің жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін басқа да қызметтер;
ақылы бөлімшелер (палаталар) - денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Слайд 6

2. Ақылы қызметтерді көрсету тәртібі
4. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың

2. Ақылы қызметтерді көрсету тәртібі 4. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың баға
баға прейскуранты мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарындағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
5. Азаматтарға ақылы қызметтерді көрсеткен кезде есеп және есептілік құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жүзеге асырылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негізде медициналық көмек алған пациенттерге:
амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту кезінде медициналық көмек сырқатнама үзіндісін;
көрсетілген медициналық көмек үшін жұмсалған шығыстар туралы ақпарат береді.

Слайд 7

7. Ақылы медициналық қызметтер осы Ережеге қосымшаға сәйкес пациент пен осы қызметтерді

7. Ақылы медициналық қызметтер осы Ережеге қосымшаға сәйкес пациент пен осы қызметтерді
ұсынатын денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
8. Пациент пен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы шарт ақылы қызмет көрсеткенге дейін жасалады.
9. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтердің бағалары медициналық қызмет, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындар ескеріле отырып анықталады және жарты жылда бір реттен артық емес қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер бағасы ТМККК арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен белгіленбейді.
10. Денсаулық сақтау субъектісі ақылы қызметтер корсету бойынша жол берілген тәртіп бұзушылықтар (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, пациенттен және бюджет қаражатынан көрсетілген бір медициналық қызмет үшін екі есе ақы алу, тиісті көлемдегі және сапалы медициналық қызметтерді көрсетпеу) үшін жауапты болады.

Слайд 8


3. Ақылы қызметтерді көрсету шарттары:
11. Ақылы қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік

3. Ақылы қызметтерді көрсету шарттары: 11. Ақылы қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік
медицина ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келген кезде көрсетеді.

Слайд 9

12. Денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуі мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
пациенттердің бастамасы

12. Денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуі мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: пациенттердің
бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсеткенде;

Слайд 10

Емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде;
ТМККК тізбесіне енбеген медициналық зерттеулер жүргізгенде;
тиісті жолдамасыз

Емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде; ТМККК тізбесіне енбеген медициналық зерттеулер жүргізгенде;
санаториялық емдегенде;
медициналық көрсетімдерсіз медициналық-генетикалық зерттегенде;
жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық зерттеп-қарағанда;
ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсеткенде;
қосымша сервистік қызметтер көрсеткенде.

Слайд 11

Денсаулық
сақтау ұйымдарында
ақылы қызметтерді көрсету
ережесі мен шартына
қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шартына қосымша Денсаулық сақтау
шарт
___________________ 20__ жылғы __ ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________________
____________________________________________________________________,
(пациенттің Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері) біртараптан және бұдан әрі Қызмет көрсетуші деп аталатын
____________________________________________________________________
(Жарғы, Ереже және т.б) негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________ атынан
(денсаулық сақтау ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

Слайд 12

1. Шарттың мәні
1. Қызмет көрсетуші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес
____________________________________________________
(медициналық қызметтің түрі

1. Шарттың мәні 1. Қызмет көрсетуші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес ____________________________________________________ (медициналық
мен көлемі) көрсетеді.
2. Медициналық қызмет көрсетудің мерзімі _____________
3. Тапсырыс беруші Шартқа қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызмет көрсетушіге шығындарды өтеуді жүзеге асырады.
4. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды

Слайд 13

2. Ақылы қызметтер көрсеткені үшін өзара есеп айырысу рәсімі
5. Тапсырыс беруші

2. Ақылы қызметтер көрсеткені үшін өзара есеп айырысу рәсімі 5. Тапсырыс беруші
Қызмет көрсетуші ұсынған шотқа сәйкес іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
6. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде Қызмет көрсетушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленеді.

Слайд 14


7. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле

7. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле отырып,
отырып, емдеу үрдістерінде шарттың сомасын түзетуге жол беріледі, қосымша сома мен оны төлеу тәсілі пациентпен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
8. Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге қолда бар ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері) береді.
9. Емдеу курсы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда (басқа денсаулық сақтау ұйымына ауысқанда, пациенттің жағдайы жақсарғанда, қайтыс болған жағдайда және т.б.) Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге науқастың стационарда болудың белгіленген режимін бұзуына орай мерзімінен бұрын шығару жағдайын қоспағанда, төленген сома мен көрсетілген медициналық көмектің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы төлейді.

Слайд 15

3. Тараптардың міндеттері
10. Қызмет көрсетуші:
1) лицензияға сәйкес сап алы медициналық

3. Тараптардың міндеттері 10. Қызмет көрсетуші: 1) лицензияға сәйкес сап алы медициналық
көмек көрсетуге;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерін, сондай-ақ дәрілік заттарды қолдануға;
3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен террористік актілер жағдайларындағы жұмысты қамтамасыз етуге;
4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат беруге;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерді сақтауға;

Слайд 16

7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға және өз қызметіндегі

7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға және өз қызметіндегі сабақтастықты
сабақтастықты сақтауға;
8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруға;
9) уәкілетті орган және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіппен және мерзімдерде бастапқы медициналық қүжаттарды жүргізуге, есептерді ұсынуға;
10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы -уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының пайда болу қатері және (немесе) туындауы туралы - төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге;

Слайд 17

11) пациенттің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін

11) пациенттің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық
барлық шараларды қабылдауға;
12) жүргізіліп жатқан ем шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті көрсетуді басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
13) көрсетілген медициналық және сервистік қызметтердің түрлерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
14) Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.

Слайд 18

11. Тапсырыс беруші:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
2)

11. Тапсырыс беруші: 1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға; 2)
денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
3) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілік көрсетуге;
4) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
5) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
6) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
7) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Осы баптың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

Слайд 19

4. Тараптардың құқықтары.
12. Тапсырыс берушінің:
мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда,

4. Тараптардың құқықтары. 12. Тапсырыс берушінің: мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда,
тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш жасауға;
дәрігерді немесе медициналық ұйымды алмастыруды таңдауға;
өзінің денсаулығы жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізуге;
өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымдарының көрнекі үгіт орындарда орналастырылуға тиіс;
диагностика, емдеу және күтім жасау үдерісінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

Слайд 20

13. Қызмет көрсетушінің:
штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының

13. Қызмет көрсетушінің: штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына
таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

Слайд 21

5. Тараптардың жауапкершілігі
14. Қызмет көрсетуші ақылы қызметтер көрсету бойынша жол берілген

5. Тараптардың жауапкершілігі 14. Қызмет көрсетуші ақылы қызметтер көрсету бойынша жол берілген
тәртіп бұзушылық жағдайлары үшін (медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет: пациенттен және бюджет қаражатынан ақы алу) жауапты болады.
15. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
16. Қызмет көрсетуші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Қызмет көрсетушінің Шарт сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
17. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Тапсырыс берушінің Шарт сомасының 00,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Слайд 22

6. Шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату
18. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі

6. Шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату 18. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша
бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
19. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабар дар етуге міндетті.

Слайд 23

7. Қорытынды ережелер
20. Тараптардың бірде-бірі өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін

7. Қорытынды ережелер 20. Тараптардың бірде-бірі өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші
екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
21. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы -Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызмет көрсетушіде болады.
22. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.
8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Қызмет көрсетуші: Тапсырыс беруші:
__________________ _________________
__________________ _________________
__________________ _________________

Слайд 24

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 526 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5847 болып енгізілді.

Слайд 25

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18
қыркүйектегі Кодексінің 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

Слайд 26

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы
бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. "Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 434 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 қазанда N 4421 тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада N 191 "Заң" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Слайд 27

Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 14 қазандағы

Министр Ж. Досқалиев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы

N 526 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында
емдеуге тыйым салынған аурулардың
тізбесі
1. Карантинді жұқпалар:
Шешек
Полиомиелит (жабайы полиовирустардан пайда болған)
Адам тұмауы (жаңа кіші түрінен пайда болған)
Ауыр жіті респираторлы синдром (АЖРС)
Тырысқақ
Оба
Сары қызба
Ласса қызбасы
Марбург вирусынан пайда болған ауру
Эбол вируснан пайда болған ауру
Батыс Ніл безгегі
Денге қызбасы
Рифт-Вал қызбасы (Рифт алабы)
Менингококк жұқпасы

Слайд 28

2.Аса қауіпті жұқпалар:
Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру
Жүре пайда болған иммунитет

2.Аса қауіпті жұқпалар: Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру Жүре пайда болған иммунитет
тапшылығы синдромы
Қырым геморрагиялық қызбасы
Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба
Алапес
Құтырма
Лептоспироз
Листериоз
Туберкулез
Туляремия
Бруцеллез
Аусыл
Сібір ойық жарасы

Слайд 29

3. Паразиттік аурулар:
Эхинококкоз
Безгек
4. Ауа-тамшы арқылы жұғатын жұқпалар:
Күл

3. Паразиттік аурулар: Эхинококкоз Безгек 4. Ауа-тамшы арқылы жұғатын жұқпалар: Күл Көкжөтел
Көкжөтел
Қызылша
Қызамық
Эпидемиялық паротит
Күл қоздырғышын таратушылық
Туа біткен қызамық жұқпасы (туа біткен қызамық синдромы)
Гемофилия жұқпасы
Сіреспе

Слайд 30

5. Жіті жұқпалы аурулар:
Жедел вирусты гепатиттер
Іш сүзегі және А, В,

5. Жіті жұқпалы аурулар: Жедел вирусты гепатиттер Іш сүзегі және А, В,
С қылаулары
Сальмонеллез
Дизентерия
Иерсиниоз
Риккетсиоздар
Вирусты кене энцефалиті
Имя файла: №-2299-ж/е-№526-бұйрықтары.pptx
Количество просмотров: 39
Количество скачиваний: 0