Саламатты Қазақстан бағдарламасы

Слайд 2

ҚазАқпарат - 2015-2016жыл­­дарға арналған «Саламатты Қа­зақстан» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының негізгі мақсаты- елдің орнықты

ҚазАқпарат - 2015-2016жыл­­дарға арналған «Саламатты Қа­зақстан» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының негізгі мақсаты- елдің орнықты
әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын қам­тамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақ­сарту бо­лып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтау мә­селелері бойынша сектораралық және ведомство­аралық іс-қимыл­дың тиімділігін арттыруға;
Профилактикалық іс-шаралар­ды, мақсат­ты ­зерттеп-қарауды кү­шейтуге, диагнос­ти­каны жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;
Санитариялық-эпидемио­ло­гия­лық қызмет­терді жетілдіруге;
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақ­тау жү­йе­сінде медициналық кө­мек­ті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;
Медициналық, фармацевти­ка­лық білімді жетілдіруге; иннова­циялық технологияларды дамыту­ға және медицинаға енгізуге;
Халық үшін дәрілік заттардың қол­жетім­ділігі мен сапасын арт­ты­руға, денсаулық сақ­тау ұйымда­рын медициналық техникамен жа­рақ­тан­дыруды жақсартуға бағыт­талған.

Слайд 3

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН "САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН "САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ Бүгін ҚР Президенті жанындағы
коммуникациялар қызметінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің әлеуметтік дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты.Сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев Президенттің Үкіметке жүктеген басты міндеті, бұл – экономикалық өсім қарқындарын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сонымен, жұмыссыздықтың артуына жол бермеу мақсатында сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда, барлық өңірлерде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарлары бекітілген, олармен 322 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 191 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды. 2,2 млн. адамды қамти отырып, жұмыс орындарын және жалақыны сақтау бойынша 66 мыңнан астам меморандум жасалды.«Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, еліміз мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында барлық әлеуметтік міндеттерді орындайды», - деп сендірді вице-премьер. Денсаулық сақтау саласына қатысты Б.Сапарбаев «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері оң динамикаға ие болғанын баса айтты.

Слайд 4

2015–2020 жылдар аралығындағы кезең.
Жастардың мүдделерi мен қажеттiлiктерiн қозғайтын барлық бюджеттiк бағдарламаларды iске

2015–2020 жылдар аралығындағы кезең. Жастардың мүдделерi мен қажеттiлiктерiн қозғайтын барлық бюджеттiк бағдарламаларды
асыруды бағалаудың нысаналы индикаторларын енгiзу маңызды шарт болады. Жастар саясаты саласында мемлекеттiк органдар iске асырып жатқан iс-шараларға талдау жүргiзiлiп, оның қорытындысы бойынша мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы мiндеттердi iске асыру үшiн нысаналы трансферттер бөлу мүмкiндiгiн қарастыру болжануда.
Жастардың бастамаларын қолдау және оларға мемлекеттiк және ақпараттық қызметтердiң барлық спектрiн көрсету орталықтарын құру туралы мәселе қарастырылатын болады. Ұлттық ерiктiлер желiсi жаппай дамуда.
Тұжырымдаманы ойдағыдай iске асырудың түйiндi шарты бiлiм беру жүйесiнде жастармен өзара iс-қимыл жасау әдiстерiн қайта қарау болып табылады. Барлық жоғары оқу орындарында жас отбасыларға ақыл-кеңес қызметiн ұйымдастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау жөнiндегi бағдарламаларды, спорт инфрақұрылымын, соның iшiнде мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде нысаналы бағдарламаларды iске асыру мүмкiндiгi пысықталады. Барлық оқу орындарының спорт залдарын жаңарту, жалпы дене шынықтыруды және спортты өткiзу стандарттарын қайта қарау мәселелерiн зерделеу болжануда. Студенттiк спорттың ұлттық лигалары жаппай құрылатын болады.

Слайд 5

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жоғары

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жоғары
кәсiби әдiстемелiк орталыққа айналып, қызметi әлеуметтiк зерттеулердi әзiрлеуге және iске асыруға, мониторингiге, талдау шолуларын әзiрлеуге және т.б. зерттеулердi iске асыруға бағытталады.
Осылайша, жастармен өзара iс-қимыл жасаудың барлық тетiктерi тұрақты даму процесiнде болады, бұл ретте орталық деңгейде де, өңiрлiк деңгейде де мемлекеттiк жастар саясатының нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру басым бағытқа айналады.
Жас қазақстандықтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту, жастардың бiлiм алуы және кәсiптiк өсуi, олардың қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне қатысу дәрежесiн ұлғайту Мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасын iске асыру нәтижесiне айналуға тиiс.
«Қазақстан–2050» стратегиясының мiндеттерi мен мақсаттарын iске асыруға белсендi қатысу жаһандық бәсекелестiктiң жаңа жағдайларында Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етедi — жастардың жетiстiгi бүкiл ел жетiстiгiнiң берiк кепiлiне айналады.
Имя файла: Саламатты-Қазақстан-бағдарламасы.pptx
Количество просмотров: 48
Количество скачиваний: 0