Микробиология, вирусология және иммунология
Жоспар: I.Кіріспе. II.Негізгі бөлім: Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі. Микробиология, вирусология және иммунологияның олардың тарихи дамуындағы мақсаттары мен міндеттері. Бұл пәндердің дәрігердің практикалық қызметіндегі маңызы. Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу жабдықтары мен ережелері. Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы әдістері. Бактериоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік және оны зертханалық диагностикада қолдану. Бактериологиялық зерттеу әдісінің маңызы III. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиет. Медициналық микробиологияның, иммунологияның, биотехнологияның шың мәнінде негiзiн қалаушы Луи Пастер (1822-1895жж.) болды, оның енбектері микробиологиялық ғылымның негiзiн қалады. Ол алғаш рет ашыту және шiру процесiн микроорганизмдер қоздыратынын; тірі организмнің өзiнше пайда болуының мүмкін еместігін, микробтардың аэробты тыныс алуынан баска анаэробты жағдайда да тыныс алуы болатынын дәлелдеді. Л.Пастер асептика, антисептика, залалсыздандыру тісілдернің дамуына әсер еттi; практикалық иммунологияның негiзiн қалады, кұтыру ауруына, күйдiргi, тауық тырысқғгына қарсы вакцина жасап шығарды. Біркатар аурулардың алдын алу үшiн әлсіздендірілген штамдардан тipi вакцина жасап, алғашкы рет Л.Пастер «аттенуациялау» деген терминдi ұсынды. Пастер өзінің вакциналарын осындай аттенуацияланган микробтардан дайындады. Микробиология (mikros – ұсақ, bios – тіршілік, logos – ғылым, ілім) ұсақ көзге көрінбейтін микробтар немесе микроорганизм атауы берілген ағзаларды, олардың тіршілік
үшін, он және кері әсерлерін зерттеп оқытатын ғылым. Кіріспе