Дина Төлепберген
Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) 9 сәуір 1984 жылыШымкент қаласында дүниеге келген - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы. Үлгі тұтар журналистері: Тілеуғабыл Мыңжасар, Ларри Кинг, Опра Уинфри, Познер. Адам бойында бағалайтын қасиеттері: адалдық, табандылық, қайсарлық Тауға шығу. Жаяу треккинг: Қазақстан жастары Конгресінің шыңы (4030м); Мәншүк Мәметова шыңы (4194м); Күмбел шыңы (3200 м) және т.б Хореография: Нұсқаушы хореограф; «Айгөлек» балалар хореографиялық ансамбілінің 12 жыл қатысушысы; Түркия, Болгария, Кипр, Ресей, Украинаелдерінде өткен халықаралық би фестивальдерінің лауреаты; Шахмат: 2-ші разрядты шахматшы; ОҚО құрама командасының мүшесі; Айкидо: қызыл белбеу иегері; «Монтессори» іліміне қызығады;