Слайд 2МIНДЕТТЕМЕНIҢ БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫ ҰҒЫМЫ
Азаматтық кодекстің 349-бабына сәйкес:
1. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау
(мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.
Слайд 3МIНДЕТТЕМЕНIҢ БҰЗЫЛУЫНАН ТУЫНДАҒАН ЗАЛАЛДАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ
Заңда көрсетілген негіздерде мiндеттеменi бұзған борышқор несие
берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндеттi;
Залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн;
Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.
Слайд 4АЙЫРБАС ШАРТЫ
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың
меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
Слайд 5АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША ӨЗАРА ТАУАР БЕРУ МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ОРЫНДАУ
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру
мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады.