1513925812 (2)
М А Қ С А Т Ы Білімділік: 1. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін , моделінің жобасын жасау Дамытушылық: 2. Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір – біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу. Тәрбиелік: 3. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу. САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ: 1.Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып , талдау арқылы мейірім , әділет , шапағат , ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам» бейнесін жасау. 2.Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға , жоспарлауға , бағыттауға , ой қоытуға пікір айтуға , дүние танымдық көзқарасын арттыру.