Отоги-дзоси жанры

Слайд 2

ОТОГИ-ДЗОСИ

Отоги-дзоси(яп. 御伽草子 Отоги дзо:си, «занимательные рассказы») - Муромати кезеңіндегі(1333-1576) жапондық әдеби

ОТОГИ-ДЗОСИ Отоги-дзоси(яп. 御伽草子 Отоги дзо:си, «занимательные рассказы») - Муромати кезеңіндегі(1333-1576) жапондық әдеби
жанр. Бұл жанрда 300-ге жуық әңгімелер мен аңыздар жазылған, олардың кейбірі тақырыптық- сюжеттік циклдарға біріктірілген. Жапондық феодалдық қалалар мен өзіндік жеке әдеби жанрлары болғанын қалаған және де спецификалық мәдени талғамдары болған қала табының өсуіне байланысты пайда болып, дамыды.

Слайд 4

ОТОГИ-ДЗОСИ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Оңтүстік және солтүстік сарайлар дәуірі басталған соң сарайлық мәдениет

ОТОГИ-ДЗОСИ ШЫҒУ ТАРИХЫ Оңтүстік және солтүстік сарайлар дәуірі басталған соң сарайлық мәдениет
құлады. Бұл хэйандық әдеби жанрлардың, император анталогияларының, сарай адамдарының күнделіктерінің және т.б. біртіндеп жойылуына алып келді. Алайда ертедегі әдеби формалар отоги-дзоси ретінде қайта жарық көрді. Олардың көпшілігі қарапайым адамдардың өмірімен байланысты сэцува жанрының, әрі сарайлық мәдениетті мадақтайтын моногатаридің элементтерін өзіне сіңірген. Сонымен қатар энги(храмдар мен ғибадатханалар жайлы) және гунки(әскери әңгімелер) элементтерін де қосып алды. Тарихта отоги-дзоси хэйандық ақсүйектік пен эдолық атақты әдеби формалар арасындағы көпір іспеттес.

Слайд 5

ОТОГИ-ДЗОСИ АВТОРЛАРЫ

Жапонияда орта ғасырларда өткен көптеген соғыстарға байланысты ақсүйектер өз

ОТОГИ-ДЗОСИ АВТОРЛАРЫ Жапонияда орта ғасырларда өткен көптеген соғыстарға байланысты ақсүйектер өз билігін
билігін жоғалтқан болатын. Бұл жаңа авторлардың және жана бұқараның шығуына алып келді. Отоги-дзоси авторлары көбінде будда монахтары, самурайлар және ауқатты қарапайым қала тұрғындары болды.
Отоги-дзоси авторлары анонимды болды, шығармалары самурайлық жыр, аңыз және буддистік қызықты әңгімелердің синкретистік қосындысымен жазылған. Мұнда сипатталатын көптеген оқиғалар Жапонияның сол кездегі астанасы - ескі Киотода орын алған.

Слайд 6

ОТОГИ-ДЗОСИ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

Отоги-дзоси жанрында көптеген кейіпкерлер кездеседі: буддалар, ақсүйектер, жауынгерлер, балықшылар, тірі

ОТОГИ-ДЗОСИ КЕЙІПКЕРЛЕРІ Отоги-дзоси жанрында көптеген кейіпкерлер кездеседі: буддалар, ақсүйектер, жауынгерлер, балықшылар, тірі
өсімдіктер және құбыжықтар. Сол себепті де отоги-дзоси қысқа және ұзын әңгімелері көпшілікке танымал болған. Отоги-дзоси жанрының кейбір кейіпкерлері гэкокудзё ұғымын анықтап береді - төменгі таптан шыққан адам жоғары тұрған адамадардан асып түсу көрінісі.

Слайд 7

ОТОГИ-ДЗОСИ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Жаңа кең аудиторияның қызығушылықтары мен мақсаттары көп болды. Соған орай

ОТОГИ-ДЗОСИ ТАҚЫРЫПТАРЫ Жаңа кең аудиторияның қызығушылықтары мен мақсаттары көп болды. Соған орай
отоги-дзоси тақырыптары сан алуан болды. Олардың бір категориясы хэйандық моногатаридан туындады; екіншісі - дін кызметшілері жайлы әңгімелер. Олардың ішіндегі ең белгілісі - "Длинная повесть осенней ночью"(Аки но ё но нага моногатари). Бұл әңгімеде Миэдэра храмының адамы мен Хиэй тауының діни қызметшісі екі храм арасындағы текетіреске киліктіріледі.
Самурайлар жайлы әңгімелер де көптеп кездеседі. Оларды гунки жанрының өрбуі ретінде қарастыра аламыз. Мұндағы ең белгілі кейіпкер - Ёсицуне. Ең белгілі самурайлық әңгіменін бірі - Жалқау Таро(Моногуса Таро)
Имя файла: Отоги-дзоси-жанры.pptx
Количество просмотров: 47
Количество скачиваний: 0