100 нақты қадам бағдарламасы

Слайд 2

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, келешекте түрлі аурулармен ауыратын қарт адамдар көп

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауынша, келешекте түрлі аурулармен ауыратын қарт адамдар көп
болады. Оларға емханаға жатқызудың қазіргі жүйесінен басқаша емдеу жүйесі керек болады, сондықтан қазірден бастап инфекциялық ауруханаларға деген қажеттілік азаяды, есесіне онкологиялық көмекке деген қолжетімділікті кеңейту қажет».Сонымен қатар сарапшы, медицина қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ еңбек ресурстарының тиімділігін көтеруге бағытталған ҚР Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы маңызды бастама екенін атап өтті.

Слайд 3

«Денсаулық сақтау жүйесін кешенді реформалау - әлеуметтік жаңартудың ажырамас бөлшегі және ол

«Денсаулық сақтау жүйесін кешенді реформалау - әлеуметтік жаңартудың ажырамас бөлшегі және ол
әрбір азаматтың өз денсаулығы үшін жауапты екендігінің кепілі. Бұл шара еңбек өнімділігін арттыруға сеп болады және жалпы алғанда еліміздің экономикалық дамуына үлес қосады».
Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің «Технологиялар беру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалдық реформалар жүргізу» атты жобасының аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық консалтингілік компаниясымен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес 2020 жылға дейінгі кезеңде аурухана секторын дамыту стратегиясының (медициналық көмек көрсетудің деңгейлері бойынша) жобасын іске асыруда.

Слайд 4

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен
бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарлаудың жолдары қарастырылған. Құжаттың кадрдан басталуы дұрыс та. Өйткені, еліміздің әлеуметтік – экономикасының дамуы олардың біліктілігіне, іскерлігіне халық алдындағы адалдығына тікелей байланысты. Iлгергi қалыптасқан тәжiрибеде тағайындалған басшы, ол өз ретiнде мемлекеттiк қызметтегi бұрынғы кадрлардың барлығын жаңартуға тырысатын. Соның салдарынан жаңа лауазымға тәжiрибесi аз, бiлiктiлiгi төмен кадрлар қызметке қабылданып жататын. «Жүз нақты қадам» талабы, бұдан бөлек. Онда «Мемлекеттiк қызметке қабылдау төменгi лауазымдардан басталуы тиiс» және ол «Iскерлiк қасиеттер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс» деп көрсетiлген. Қала бердi, мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданушылар үшiн мiндеттi түрде үш және алты айлық сынақ мерзiмi белгiленбек. Сол арқылы қызметке сәйкестiлiгi анықталмақ. Бұл қадам кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезiнде олардың өмiр тәжiрибесiне ден қойылып, оларды ағайын-туыстық, рулық, дос-жарандық жолымен iрiктеуге тыйым салынбақ.

Слайд 5

«100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін

«100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін
нығайтуға, жолдан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы – Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. 2 қадамда «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. 3-қадам туралы айтатын болсақ, мұнда: «Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған.

Слайд 7

«100 нақты қадам» - Ұлт көшбасшысымен әзірленген және жаңа ішкі және сыртқы

«100 нақты қадам» - Ұлт көшбасшысымен әзірленген және жаңа ішкі және сыртқы
жағдайларда Стратегия-2050 орындауға бағытталған егжей-тегжейлі ұлттық жоспар. Бірегей құжат негізгі салалардың барлығын, экономиканы диверсификациялаудан бастап қазақстандық бірдейлікті дамытуға дейін қамтып отыр. Келесі қадам – экономиканың бастапқы секторларында «зәкірлі инвесторлары» - халықаралық стратегиялық серіктестері бар бірлескен кәсіпорындарды (БК) құру. Оңтайлы мысалдар бізде бар – «Эйр Астана», «Тенгизшевройл», «Дженерал Электрик» бесінші буынның локомотивтерін құру бойынша завод. Бұдан әрі бірлескен кәсіпорындардағы мемлекеттің үлесі IPO (акцияларды алғашқы орналастыру) шығарылатын болады. Ашып айтқанда оңтайлы жағдайларды жасап өндіру саласында тұрақты рентабельді бизнес өсіру, содан кейін оны бәсекелестік ортаға тапсыру.
Имя файла: 100-нақты-қадам-бағдарламасы.pptx
Количество просмотров: 55
Количество скачиваний: 0