Ана сүтінің пайдалы қасиеттерінің зерттелуі

Слайд 3

Ана сүті – өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Оны

Ана сүті – өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Оны
ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д витаминдері көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, климатқа қарамастан үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец), сүттің негізгі ингредиенттерін ыдырататын липаза, лактаза секілді т.б. арнайы ферменттер, патогенді бактерияларды жоятын, ішектің қалыпты микрофлорын дамытатын әрі өсіретін бифидус заттары, ауру тудыратын микрофлораларды көбейтпейтін әрі керекті темірді сүттен бала қанына тасымалдайтын лактоферрин белогы, ми ұлпалары мен көз жасушаларының түзілуінде аса керекті таурин заттары; өсу үстіндегі ағзаның ұлпалары мен жасушаларындағы май метаболизмін жандандыратын карнитин заттары, бактерияларды өлтіретін қандағы тірі жасушалар (нейтрофил, моноцит, лимфоциттер), көп тараған жұқпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер және т.б.

Слайд 5

Уыздың асыл қасиеттері
Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті.

Уыздың асыл қасиеттері Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – шешесінің сүті.
Ғалымдардың соңғы зерттеулері осы бір ана сүтінің маңызын күн сайын арттыра түсуде. Әр жаратылысқа өз рызық-несібесін келісті тағайындаған Аллаһ Тағала сәби мұрнына сүт иісін тез сезетін қасиет дарытқан. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті, туылғанына жарты сағат өтпей жатып оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл – оның ғажайыптығы. Қазақтың әлсіз, әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы.

Слайд 7

Пайдаларының зерттелуі
Бала үшін ана сүтінің пайдасы шаш-етектен. Түрлі зерттеулер негізінде оны шетелдік

Пайдаларының зерттелуі Бала үшін ана сүтінің пайдасы шаш-етектен. Түрлі зерттеулер негізінде оны
көптеген ғалымдар мойындап отыр.
«National Obesity Forum» британ ұйымы өкілі Иен Кэмпбелл мен Цинциннаттағы балалар емханасының жанындағы медициналық орталықтағы американдық зерттеушілердің пікірінше, ана сүтінің құрамында көп кездесетін «адипонектин» протеині артық салмақтың алдын алу мен семіздікті болдырмауда үлкен рөл ойнайды.
Американдық медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың дат азаматына он жыл бойына жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижелерін қорыта келгенде, туылған алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде естілік, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған. Ғалымдар ми дамуында ана сүті құрамындағы галактозалармен қатар ананың аялауы мен өбектеуі де психологиялық әрі жағымды себептерге жатады деуде. Бұны Норвегияның ғылым және техника университеті мамандары да қуаттауда. 345 балаға арнайы тексеру жүргізген Доктор Торстейн Вик жетекшілік еткен ғалымдар тобы 1 жасқа дейін емшектен ерте шыққан балалардың өз құралпыларға қарағанда сана-сезім тұрғысынан анағұрлым төмен тұратындығын байқаған.

Слайд 8

Калифорния университетінің медициналық орталығы Дэвисте Каролин Шантридың (Caroline J. Chantry) жетекшілігімен арнайы

Калифорния университетінің медициналық орталығы Дэвисте Каролин Шантридың (Caroline J. Chantry) жетекшілігімен арнайы
зерттеу жұмыстары жүрген. Онда 6 айдан екі жасқа дейінгі 2277 баланың мәліметімен қатар 1988-1994 жылдар аралығында жүргізілген балалы аналардың сауалнамалары тексерілген. Сондай-ақ, емізу уақытына қарай балалар бірнеше топтарға бөлінген. Нәтижеде 6 айдан көп уақыт емізілген балаларда өкпе қабынуы ауруы (pneumania) 4 есе аз кездесетіндігі байқалған. Дәл осы зерттеу сонымен қатар профилактикалық құрал ретінде ана сүтінің баланың тыныс жолдары ауруларына, диабетке, аллергияға, алаңғасарлық пен ұмытшақтыққа, ас қорыту мен несеп жолдарына, түрлі жұқпалы аурулардан қорғауда пайдалы екендігі анықталған.
Билл Пэкстон жетекшілігімен Амстердам университетінің ғалымдары ана сүті құрамында ЖИТС-ке (жұқтырылған иммунды тапшылық синдромы немесе СПИД) қарсы тұратын, оның балаға жұғуын бөгейтін «Lewis X» деп аталатын қант түрі бар екенін анықтады.
Швед ғалымдары сүйелге қарсы құрамында ана сүтінің витаминдері бар тері кремін ойлап шығарды. Ол «Гамлет» деп аталды. Шведтік Лунда университетінің зерттеушілері бұл құрал болашақта папиллом вирусы тудыратын жатыр мойыншығының қатерлі ісігі секілді басқа да түрліше тері ауруларының еміне жарап қалу мүмкіндігі зор деуде.

Слайд 10

Әртүрлі жас топтарындағы балаларға арналған барлық құрғақ сүт өнімдері халықта кең

Әртүрлі жас топтарындағы балаларға арналған барлық құрғақ сүт өнімдері халықта кең сұранысқа
сұранысқа ие. Алайда кептіру кезінде олардың биологиялық құндылығы төмендейді, себебі ақуыздардың құрылысы және қасиеттерінде қайтымсыз өзгерістер жүреді, витаминдер және амин қышқылдарының басым бөлігі жойылады, ақуыз-көмірсу кешендері түзіледі, өнімдердің сіңімділігін төмендететін бірнеше басқа құбылыстар жүреді. Сонымен қатар оларды үй жағдайларында қалпына келтіргенде су және құрғақ қоспа мөлшерлері арасындағы дұрыс арақатынас әрқашан ұсталынбайды, сондықтан бала дұрыс емес концентрлі өнім қабылдайды. Зерттеулер көрсеткендей талап етілген концентрациядан ауытқулар - 15-тен +85% дейін жетеді. Бұдан басқа, қалпына келтіргенде қоспаны қайнату қажеттілігі көрсетілмесе, өнім жағымсыз микрофлорамен ұрықтануы мүмкін. Қалпына келтірілген өнімді сақтағанда оның бактериологиялық көрсеткіштері одан да нашарлайды. Сондықтан соңғы жылдары біздің мемлекетте, сонымен қатар бірқатар шет елдерде (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Япония) сұйық стерилденген балалар сүт өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі басталды. «Малютка»құрғақ сүт қоспасы жетілмеген және сау балаларды туылған күннен бастап 1-2 айлыққа дейін жасанды және аралас тамақтандыруға арналған, құрғақ сүт негізін қантпен, С, РР, В6 витаминдерімен және темір глицерофосфатымен араластырып алынатын ұсақ ұнтақ түрінде болады. Ең маңызды тағамдық заттар құрамы (ақуыздар, амин қышқылдары, майлар, полиқанықпаған май қышқылдары, витаминдер) бойынша «Малютка» сүт қоспасы әйел сүтіне жақындатылған.

Слайд 12

Құрғақ сүт ботқалары химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы бойынша жарма қайнатпалары

Құрғақ сүт ботқалары химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы бойынша жарма қайнатпалары қосылып
қосылып жасалған сүт қоспаларына жақын, бірақ олардың рецептурасы өзгеше. Құрғақ сүт ботқаларын жасау процессі жарма қайнатпаларымен жасалған сүт қоспаларын өндіретін технологиялық жабдықтарда ұнды, құрғақ сүтті, қантты араластыру арқылы жүргізіледі. Құрғақ сүт отқаларын өндірудің негізгі операциялары компоненттерді араластыруға дайындаудан, оларды мөлшерлеуден және араластырудан, сонымен қатар дайын өнімді бөлшектеу және буып-түюден тұрады, яғни ол жарма қайнатпалары қосылып жасалған сүт қоспаларын өндіру операцияларына ұқсас жүргізіледі. Тағамдық концентраттар өнеркәсібінде өндірілетін құрғақ сүт қоспаларында балаларға қажет витаминдер мен полиқанықпаған май қышқылдары болмайды. Осыған байланысты құрамына С, РР, B1, B2. В витаминдері және полиқанықпаған май қышқылдары ретінде өсімдік майы кіретін байытылған «Малыш» сүт ботқасының технологиясы жетілдірілді. Көрсетілген компоненттер дамып келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Байытылған ботқаларды құрғақ сүт негізін (Малыш» қоспасына ұқсас)талқан немесе ұн (күріш, қарақұмық, сұлы), С, РР, B1, B2. В витаминдерін және сахарозаны қосып дайындайды. «Малыш» ботқасының «Малыш» сүт қоспасынан айырмашылығы көмірсулық құрамының (ұнның мөлшерін көп мөлшерде қосуға байланысты), сонымен қатар май, сахароза және витаминдердің мөлшерінің өзгешелігінде. «Малыш» сүт ботқасын өндіруде темір препаратын қосу рецептура бойынша қарастырылмаған.
Имя файла: Ана-сүтінің-пайдалы-қасиеттерінің-зерттелуі.pptx
Количество просмотров: 56
Количество скачиваний: 0