Аналар мен балалар денсаулығын қорғау

Содержание

Слайд 2

Еліміздің әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, құрамына бесіктегі баланы да, еңкейген кәріні

Еліміздің әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, құрамына бесіктегі баланы да, еңкейген кәріні
де қосатын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі халыққа жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Жаһандық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі саяси дамуымыздың маңызды беталысынан айныған жоқ.

Слайд 4

Елбасымыз адамзат жаратылысында елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту мәселесіне

Елбасымыз адамзат жаратылысында елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын жақсарту мәселесіне
айрықша көңіл бөліп, жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді үрдіске айналдырды. «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты барлық қазақстандықтарға арнаған 2007 жылғы Жолдауында осы үрдісті жалғастырып, жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу қажеттігін атап көрсетті. Осыған орай, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі

Слайд 6

Мұндай төлемдерді тек жұмыс істейтін әйелдер жұмыс берушісімен әлеуметтік тәуекел туындаған күнге

Мұндай төлемдерді тек жұмыс істейтін әйелдер жұмыс берушісімен әлеуметтік тәуекел туындаған күнге
дейін ай сайын әлеуметтік аударымдар төленген, сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жағдайда ала алады. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты бір реттік әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының негізінде босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі әлеуметтік демалыстың барлық кезеңіне таға-йындалады. Бұл орайда, жұмыс берушінің жұмысшылары үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды уақытылы және тұрақты төлеуіне асқан жауапкершілікпен қарауы өте маңызды, себебі бұл аударымдардың мөлшері Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Слайд 8

Аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері жүктілігі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген

Аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері жүктілігі және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген
күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдары негізінде анықталатын орташа айлық табысты сәйкес коэффициенттерге көбейту ар-қылы айқындалады. Бұл коэффициенттер босану қалпына байланысты анықталады, мәселен қалыпты, ауыр және екі не одан да көп бала туған жағдайда, ядролық сынақтар жүргізілген аумақта тұру не жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу жағдайларына байланысты өзгереді.

Слайд 10

Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем бала

Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем бала
туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік аударымдар негізінде анықталатын орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Алайда, аталған төлемнің белгіленген ең жоғарғы және ең кіші мөлшері қарасты-рылған, яғни, төлем мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауы және осы тектес бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының бала санына орай белгіленген мөлшерінен төмен болмауы керек.

Слайд 11

Бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сай-ынғы әлеуметтік аударымдар

Бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сай-ынғы әлеуметтік аударымдар
жүргізілмеген әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері Қазақстан Респу-бликасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен анықталған. Аталған Заңға сәйкес, ҚР азаматтарына нәрестелі болған жағдайда, мемлекеттік бюджет есебінен баланың туылуына орай бір реттік мемлекеттік жәрдемақы төлеу қарастырылған: бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленетін, 30 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК), төртінші не одан да көп баланың туылуына – 50 АЕК-тең сома беріледі.

Слайд 13

Сонымен қатар жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты

Сонымен қатар жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты
жұмыс істейтін әйелдің жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысы кезінде де зейнетақы жинақтары үзілмейді, яғни оған жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі. Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Зей-нетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне өтініш білдіру керек.

Слайд 15

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған
жағдайларда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 3) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы; 4) салық төлеушінің куәлігі; 5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі; 6) жұмыс орнынан жүктілігі және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама қоса ұсынылады.

Слайд 16

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін
әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтiнiшке келесі құжаттар: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары; 4) салық төлеушінің куәлігі; 5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік; 6) отбасы құрамы туралы мәліметтер (отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері) қоса ұсынылады.

Слайд 18

Атап кететін жәйт, тіршілік атаулыда елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын

Атап кететін жәйт, тіршілік атаулыда елеулі орын алатын ана мен баланың жағдайын
жақсарту үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қосып жатқан үлесі зор. Бұл үлесті Қордан жүктілігі мен босануы және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленген әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуінен көруге болады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы туылған балалардың саны 356 575 болса, 2009 жылы – 357 552 баланы құрады, немесе 0,3%-ға өсті. Бұл ретте, 2009 жылы Қордан жүктілігі және босануына байланысты төленген әлеуметтік төлемдер алушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 36%-ға өсті. 2008 жылдан бастап 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Қордан жүктілігі мен босануына байланысты 56,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды.

Слайд 20

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді
тағайындау жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменттері саналады. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге құқылы.

Слайд 21

Атап кететін жәйт, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде төлеушілердің (жұмыс берушілер және/немесе өзін-өзі

Атап кететін жәйт, әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде төлеушілердің (жұмыс берушілер және/немесе өзін-өзі
жұмыспен қамтыған тұлғалардың) ҚР Салық Кодексі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаларға қайшы, ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды дұрыс және уақытында төлемеу фактілері анықталып жатыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылары үшін ай сайын әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз көлемінде, арнаулы салық режимiн қолданатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұлғалар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес көлемде әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті.

Слайд 23

. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, өзін-өзі

. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, өзін-өзі
жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдардың ең үлкен мөлшері есептік кезең үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асып кетпеуі тиіс, себебі оларға жеңілдетілген салық режимі ұсынылады (патент негізіндегі жеке кәсіпкерлерге салық салу объектісінен, яғни, көрсетілетін табыс сомасынан 2%, оңайлатылған декларация негізінде – 3%). Тәжірибеде көрсетілген нормаларға қарамастан, әлеуметтік аударымдар әлеуметтік салықтың есептелген сомасынан асырылып төленеді, бұл Қордан асырылған көлемдерде әлеуметтік төлемдер алуға әкеледі. Сонымен қатар, ҚР Салық Кодексіне сәйкес жұмыс берушілер әлеуметтік салықты төлеу кезінде еңбек шарты жасалған әрбір жұмысшысы үшін есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын шегеріп тастайды.

Слайд 25

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының
2010 - 2015

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының 2010 - 2015
жылдарға арналған негізгі операциялар жоспары
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар коры;
Мыңжылдық декларациясын іске асыру, Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу және міндеттемелерін Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ өздеріне қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау үшін өзара келісім мен ынтымақтастықты дамыта отырып;
алдыңғы ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру кезеңіндегі қол жеткізілген жетістіктер мен тәжірибеге сүйене отырып;
ынтымақтастықтың 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жаңа кезеңіне қадам баса отырып;
бұл міндеттемелердің ізгі ниетті ынтымақтастық рухында орындалатынын мәлімдей отырып,
төмендегілер туралы келісті:

Слайд 27

I бөлім. Өзара қарым-қатынастар негізі
1. 1994 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі

I бөлім. Өзара қарым-қатынастар негізі 1. 1994 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының
мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар коры (ЮНИСЕФ) арасында жасалған 1994 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісім (ЫНК) Үкімет пен ЮНИСЕФ арасындағы өзара қарым-қатынастар негізін қамтамасыз етеді. 2010 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтитын осы Операциялардың негізгі жоспары (ОНЖ)1 ЫНК-ге сәйкес түсіндіріліп, жүзеге асырылуға тиіс. Онда ұсынылған бағдарламалар мен жобаларды Үкімет пен ЮНИСЕФ өзара келіскен. Операциялардың негізгі жоспары жалпы тұжырымдаманы, басымдықтарды, мақсаттарды, стратегияларды, басқару жөніндегі міндеттерді және Үкімет пен ЮНИСЕФ-тің міндеттемелерін сипаттайтын 10 бөлімнен тұрады.

Слайд 29

II бөлім. Ахуалды талдау
2. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы экономикалық тұрғыдан барынша дамыған

II бөлім. Ахуалды талдау 2. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы экономикалық тұрғыдан барынша
елдердің бірі болып саналады, мұнда 2000 - 2007 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі орта есеппен алғанда 9 - 10% пайызды құрады. Алайда 2008 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысының елге тигізген әсері ЖІӨ-нің үштен біріне жуық төмендеуіне алып келді, мұның экономиканың әлеуметтік секторына ықпалы тиюі мүмкін. Ел үкіметі бұған қарамастан әлеуметтік бағдарламаларды, әсіресе, балалар мен отбасылардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға айтарлықтай қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Слайд 30

3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2008 жылдың төртінші тоқсанында елдегі

3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2008 жылдың төртінші тоқсанында елдегі
кедейшілік деңгейі 8,8%-ға төмендеді, бұл 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға төмен, сонымен қатар бұл көрсеткіш ауылдық жерлерде 2,1%-ға төмендеп, 10,8%-ды құрайды.
4. Аз қамтамасыз етілген 244,000-нан астам азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілді, олардың 64,4%-ын ауылдық жерлердің тұрғындары, 60,6%-ын балалар құрайды; 750,000 адам 18 жасқа дейінгі балаларына әлеуметтік жәрдемақылар алды; 191,000 отбасы тұрғын үй көмегін алды. Бұған басқа, ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында 2010 жылдан бастап бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтілді, мүгедек баланы тәрбиелейтін адамға жаңа жәрдемақы енгізілді.

Слайд 31

5. 2007 жылы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы шығыстардың

5. 2007 жылы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы шығыстардың
ұлғаюы аясында әлеуметтік сектордағы ЖІӨ үлесі әлі да айтарлықтай төмен болып тұр. Денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландырудағы ЖІӨ 2003 жылғы 1,9% 2007 жылы 2,3% дейін және ЖІӨ тиісінше, 3,2% (2003 ж.) 3,6% дейін (2007 ж.) артты. Қазақстанның 2007 жылғы есебіне талдау жасай отырып, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті басым салаларды айқындап, қолайсыз жағдайда тұратын балаларға бөлінетін бюджетті көбейтуді ұсынды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі білім беру саласындағы 2003 және 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттік шығыстардың үлесі бар жағдайларды анықтау қажет деп санайды.

Слайд 33

6. Қазіргі кезде еліміз бала өлім-жітімін төмендетуге бағытталған Мыңжылдық дамудың төртінші мақсатына

6. Қазіргі кезде еліміз бала өлім-жітімін төмендетуге бағытталған Мыңжылдық дамудың төртінші мақсатына
қол жеткізу жолында жұмыс істеуде. Алдын алуға болатын перинатальды шығындардың - нәрестелердің өлім-жітімінің, сондай-ақ өткір респираторлық және ішек инфекцияларының негізгі себептерін азайту үшін қосымша күш-жігер жұмсау қажет. Жазатайым жағдайлар мен жарақаттар да бала өлім-жітімінің елеулі құрамдас бөлігі болып табылады. Үй шаруашылықтарын мульти-индикаторлық кластерлік тексеру (МИКТ) деректеріне сәйкес, ТТА мен А витаминінің жетіспеушілігі бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің 36% және жасы 6 — 59 ай арасындағы балалардың 57% байқалатын болса, бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің 45%-ы қаны аздық ауруымен ауырады. Ана мен бала денсаулығын қорғау жөнінде көрсетілетін қызмет сапасының қанағаттанғысыз болуы нормаларды, стандарттар мен әдістемелерді енгізуде жүйелі ұстанымның болмауына байланысты.

Слайд 34

7. Қалалық және ауылдық жерлер арасындағы теңсіздік пен айырмашылық көптеген балаларға қолайсыз

7. Қалалық және ауылдық жерлер арасындағы теңсіздік пен айырмашылық көптеген балаларға қолайсыз
әсер етеді. Бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім ауылдық жерлерде 41%-ға жоғары (1000 тірі туылғандарға шаққанда 30,2% салыстырғанда тиісінше, 42,6), сонымен қатар, ең «кедей» квантильдер арасындағы өлім-жітім ең «байларға» (1000 тірі туылғандарға шаққанда тиісінше 40,5 және 16,) қарағанда екі есе жоғары. Солтүстік өңірлерде мектепке дейінгі мекемелерге қол жеткізуге қатысты біршама қолайлы жағдайлар бар:
Имя файла: Аналар-мен-балалар-денсаулығын-қорғау.pptx
Количество просмотров: 99
Количество скачиваний: 2