Слайд 2
Бүйрек аурулары адамның ең жиі кездесетін аурулары
Бүйрек ауруларын зерттейтін саланы медицинада нефрология
деп атайды
Слайд 3Дәрістің жоспары
Бүйрек аурулары, анықтамасы, жіктелуі.
Гломерулонефрит, жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, өлім себебі.
Интерстициальды нефрит,
морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, өлім себебі.
Бүйрек тас аурулары.
Слайд 4
Бүйректің организмдегі маңызы:
1- Азот алмасуының ең соңғы өнімдерін бөліп шығарушы
ағза.
2- Ішкі орта тұрақтығын, әсіресе қышқыл -сілтілік тепе- теңдікті реттеуге тікелей қатысады.
3- Бүйрек шумақтарында (гломерулалы аппаратта) қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарады.
Слайд 6Бүйректің анатомиялық қалыпты құрылысы мен қызметі:
Бүйректер массасы 260-280гр
негізгі құрылымдық бірлігі нефрон,
олардың саны әрбір бүйректе милионға жетеді.
Шумақ капиллярынан күніне 1500л қан өтіп, 150л алғашқы несеп түзіледі.
Ол бүйрек өзекшелерінен қайта сорылып 1,5 л соңғы несеп түзіледі.
Слайд 7Бүйректің гистологиялық қалыпты құрылысы мен қызметі:
Қан мен несеп арасында электронды микроскоппен жақсы
көрінетін , шумақша сүзгісі(филтр) орналасқан, ол үш қабаттан тұрады
1 -Ішкі эндотелий қабаты
2-Ортада негізгі мембрана
3-Оның сыртында эпители қабаты
Слайд 9Капилляр эндотелиінің көлденеңі 50-100 нм фенестрлі, ашық тесіктері болады.
Ал эпителии қабатының
жасушаларын подоцит немесе эпицит деп атайды.
Эл-микр. арқылы қарағанда, олар ұзын аяқшалары трабекулар және қысқа аяқшалары педикулалармен капиллярларды қоршап алып, оның үстінен көтеріліп тұрады.
Слайд 11Бүйрек шумағының негізгі мембранасы
Бүйрек шумағының негізгі мембранасы , эндотелии мен эпителидің негізгі
мембранасынан тұрады.
Негізгі мембрана - белоктар мен ГАГ тұрады. Осы жердің болмашы зақымдалуы несеп шығарудың шұғыл өзгерісіне алып келеді.
Слайд 12Мезангиум жасушалары
Екі мебрананың арасында аралық жасушалар мезангиум орналасады, олар фагоцитоз қызметін
атқарып, шөгіп қалған иммунды кешендерді ыдыратады
Сонымен қатар мезангиум жасушаларында ангиотензин екі ,вазопрепсин әсерлесетін рецепторлар бар.
Бұл жасушалардың қысқаруы нәтижесінде капиллярлар тарылып, фильтрация көлемі азаяды.
Слайд 13 Бүйрек аурулары
1827 жылы Брайт бүйрек ауруларын -дененің жалпы ісінуімен, альбуминурия, гематурия,
жүрек гипертрофиясымен сипатталатын -, ауру деп алғаш рет сипаттаған, сондықтан бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен.
Слайд 14
1914 ж Ф. Фольгарт, К.Т. Фар бүйрек сырқаттарын үш топқа бөлді.
Нефриттер
Нефроздар
Нефросклероздар
Слайд 151980жылы
Гломерулопатиялар (шумақтағы өзгерістер)
Тубулоинтерстициялды нефриттер (аралық тін, өзекшелер, бүйрек түбегі мен тостағаншаларының
ауруы)
Бүйрек қан тамырларының аурулары (біріншілік нефросклероздар)
Слайд 16Этиологиясы
Туа пайда болған(даму ақаулары, гендік патология)
Жүре пайда болған( әртүрлі инфекциялар, аутоиммундық үрдістер,
химиялық, физикалық, токсиндік әсерлер)
Эндокриндік аутоиммунды метоболизмдік сырқаттарда- екіншілік патология ретінде дамуы мүмкін.
Бүйрек тас ауруы
Ісіктері болып бөлінеді.
Слайд 17Нефроздық синдром
Бүйректің гломерулалы аппаратының негізгі мембранасында сүзгіштік қызметі артып кеткенде нефроздық синдром
пайда болады яғни протейнурия, гипоальбуминэмия, гиперлипедемия және ісінулер дамиды
Слайд 18Нефриттік синдром
Бүйректің гломерулалы аппарата негізгі мембрананың сүзгіштік қызметінің төменденуі яғни шумақ капиллярларының
эндотелий немесе мезангии жасушаларының пролиферациясы яғни қабынуы нефриттік синдромға алып келеді , оған гематурия,цилиндрурия, пиоурия т.б жатады.
Слайд 19Гломерулонефритер
Жедел гломерулонефрит бүйректің екі жақты қабынуымен сипатталады.
Ағымына қарай түрлері:
Жедел
Тез дамушы(қатерлі)
Созылмалы
Слайд 20Клиникалық белгілері
Қабақтың немесе бүкіл дененің ісінуі,
қанда диспротейнемия, гиперазотемия,
несепте протейнурия, гематурия,
цилиндрурия дамуы мүмкін.
Слайд 21Этиологиясы
Ветта гемолиздеуші стрептакок 12-ші түрі.
Сондықтан стрептакоккты баспадан кейін, фаренгит, қызамықтан
кейін
пневмакок,
фридлендр таяқшасы,
салманелалар,
менингококтар,
грипп, жел шешек т.б.
Слайд 22Патогенезі
Ииммундық негізде яғни антигендерге қарсы антиденелердің түзілуі яғни антиген -антидене реакциясы жүріп
, иммундық кешендер шөгіп қалады
В.В. Серовтың пікірі бойынша стрептакокктың антигенімен бүйректің негізгі мембранасының құрылымының ұқсастығында. Демек зақымдалған негізгі мембрана кейін организм үшін аутоантиген ролін атқарады.
Слайд 23Патогенезі
Осыған байланысты сол жерге моноцит, нейтрофильдік лейкоциттер ферменттері әсерінен негізгі мембрана бұзылып,
енді осы мембранаға қарсы антидене ( шықпас шеңбер) түзіліп, гломерулонефрит әрі қарай өз-өзінен дами береді.
Слайд 24
Патологиялық анатомиясы морфологияның орналасқан жеріне байланысты:
Капиллярішілік:
1. Интракапиллярлы экссудативті ГН (лейкоцитарлы сіңбеленуі)
2.
Интракапилярлы пролифферативті ГН (эндотелий және мезангий жасушаларының пролиферациясы)
Слайд 27 Капиллярсыртылық ГН
1. Экстракапиллярлы ГН -экссудативті түрінде Шумлянский Баумен капсуласына сарысулы,
фибринозды немесе геморрагиялық экссудат жиналады.
2. Экстракапиллярлы пролиферативті түрінде нефротели жасушалары көбейіп жарты ай тәрізді көрініс береді.
Слайд 30ГН Морфологиялық өзгерістері:
Макро: бүйрек аздап үлкейген, бүйрек капсуласы астында және кескен кезде
майда нүктелі қан құйылуларды көреміз. Бүйректің қыртысты қабаты қоңыр сұр , ал пирамидалары қызыл түсті- «Шұбар бүйрек»
Микро: капиллярларда лейкоциттер саны көбейіп, кейбірінде тромбоз, некроз көрінеді.
Слайд 32Тез дамушы ГН
Бұл жедел нефриттен кейін, Гудпасчер синдромында, жүйелі қызыл жегіде, кейбір
қатерлі ісіктерден кейін дамуы мүмкін.
4% кездеседі.
Сырқат белгілері дамығаннан соң
1-1,5айда уремиядан қайтыс болады.
Слайд 33 Тез дамушы ГН
Макро: Бүйректің көлемі әдеуір үлкейіп,қыртысты қабаты қалыңдаған, түсі сұрғылт
қызыл «Үлкен ақ бүйрек» деп аталады.
Микро: Капилляр сыртында дамитын пролиферативті ГН. Өзекшелерде гиалин тамшылы немесе майлы дистрофия.
Слайд 35Созылмалы ГН- бүйрек ауруының 70%
Клиникалық түрлері:
латентті,
гематуриялық,
нефроздық,
гипертониялық және аралас.
Микро: СГН үшін капиллярішілік
және капиллярсыртылық пролиферативті өзгерістер тән.
Слайд 36Созылмалы ГН морфологиясы:
Бүйрек көлемі кішірейіп, сырты кедір бұдыр болады. Бүйректің массасы төмендеп,
бүйректің екіншілік бүрісуі деп аталады.
Бүйрек өзекшелері гиалинді және гидропиялық дисстрофияға ұшырайды.
Слайд 37Бүйрек амилойдозы
Екіншілік амилойдозға -жатады яғни созылмалы тыныс алу ауруларынан, сүйектердегі созылмалы іріңді
процестерден кейін, туберкулездің деструктивті түрінде кездеседі.
Патогенезінде негізгі мембрананың өткізгіштігінің күшеуінен басталады, сондықтан клиникада басында нефроздық синдроммен басталып, азотемия мен уремияға алмасады.
Слайд 38Тубулаинтерстициалді аурулар
Өзекшелердің жедел некрозы:
Себебіне қарай екі топқа бөлінеді:
1 ишемиялық
2 токсиндік
Слайд 39Даму механизмі
Әртүрлі шоктар яғни қан қысымының күрт төмендеу салдарынан бүйрекке алып келуші
қан тамырдың тарылуы, нәтижесінде қан қыртысты қабатқа жетпей, милы қабатындағы вена жүйесінде (артерио веноздық шунтқа) өтіп кетіп қыртысты қабат қансызданады. Бүйректің жедел жетіспеушілігі дамиды.
Слайд 42Бүйректің ж.ж. кезеңдері:
Бастапқы шоктық(бүйрек өзекшелерінің дистрофиялары).
Олигоануриялық ( өзекше эпителилері ошақты некрозданып несеп
бүйрек тініне сіңе бастайды, жауап ретінде лейкоцитарлы, лимфацитарлы сіңбелер, цилиндрлер өзекше ішіне толып бітеп тастайды.
Дуйрездің қайта қалпына келуі регенерациялық ошақтар көрінеді
Сауығу кезеңін ажыратады.
Слайд 43Пиелонефрит
Пиелонефрит бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралық тіннің және өзекшелердің зақымдалуымен өтетін патология.
Бүйрек
ауруларының 30% құрайды.
Этиологисы:
ішек таяқшалары, стафилакоктар.
Слайд 44Даму механизміне қарай:
Обструкциямен- (ер кісілерде қуық алды безінің рагі,аденомасы, қабынуы, тастар,
туа пайда болған кемістіктермен тарылуы)
Обструкциясыз – (зат алмасу үрдісінің бұзылуы әсіресе қанда кальций жне несеп қышқылының көбеуі)
Слайд 45Бактерияның түсу жолы
Гемотагенді
Лимфагенді
Несеп арқылы
Слайд 46Жедел пиелонефриттің морфологиясы
Жедел ПН бүйрек үлкейген, қызарған, түбекше мен тостағаншалар кеңейіп, қуысына
іріңді несеп жиналады.
Абсцестер байқалады.
Слайд 48Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефрит жедел пиелонефриттен кейін дамиды, бүйрек тінінің склерозы мен бүрісіп
қалуымен сипатталады.
1- Обструктивті(несеп тас ауруынан кейін)
2- Рефлюкстік( туа пайда болған везикоуретралық рефлюкске байланысты)
Слайд 49Созылмалы пиелонефриттің морфологиясы
Микро: Бүйрек тінінде склероз ошақтары,лимфациттер мен плазмацит жасушаларының сіңбеленуі,бүйрек
эпителиінің метаплазиясы, созылмалы абсцестер байқалады.
Бүйрек өзекшелеріндегі дистрофиялық, атрофиялық өзгерістер олардың ішіне эозинофильді массаның жиналуына алып келеді. Бұл қалқанша безіне ұқсайтын бүйрек деп аталады.
Слайд 50Созылмалы пиелонефриттің асқынуы
Созылмалы абсцесс.
Бірнеше абсцестер қосылып карбункул түзу.
Пионефроз, пери-паранефроз.
Перитонит.
Уросепсис.
Уремия.
Слайд 51Бүйрек тас ауруы -нефролитиаз
Нефролитиаз –бүйректің табақшаларында, түбекшесінде және несеп ағарда, қуықта
химиялық құрамы мен пішіні бойынша әртүрлі тастардың түзілуі.
Слайд 54Несеп тас ауруының себебі:
1.Минералдар алмасуының жалпы бұзылуы
2.Несеп жолының қабынуы,
3.Несеп ағардың
туа пайда болған кемістігі,
4. Несеп шығарылуының қиындауы.
Слайд 56Несеп тас ауруының морфологиясы
Гидрокаликоз – тастардың себебінен табақшалардың кеңеюі
Гидронефроз –бүйрек паренхимасы
атрофияланып, бүйректің қапшық тәрізді болуы.
Гидроуретеронефроз –табақша, түбекше және несеп ағардың кеңеюі
Асқынуы:Апостематозды пиелонефрит,
панцерлі паранефрит, бүйрек тінінің май тінімен алмасуы