Нәрестелердің некротикалық флегмонасы

Содержание

Слайд 2

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Нәрестелердегі некротикалық флегмонаның этиологиясы
Дамуы
Клиникасы
Дифференциалды диагностикасы
Емі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Нәрестелердегі некротикалық флегмонаның этиологиясы Дамуы Клиникасы Дифференциалды диагностикасы Емі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3

Кіріспе

Некрозды флегмона – терi астындағы майдың некроз түрiндегi шiрiген қабынуы. Ол көбiнесе

Кіріспе Некрозды флегмона – терi астындағы майдың некроз түрiндегi шiрiген қабынуы. Ол
құйымшақ тұсында, арқада, мойында жиi кездеседi. Нәресте терісінің жұқа әрі нәзік болуы тері асты май қабатының жақсы қандануы әсерінен кішкене жарақаттардан инфекция қанға түсіп қабыну туғызады. Флегмонаның абсцестен ерекшелігі процестің шектелмегендігі. Нәрестенің тері асты флегмонасының ересек балалардағы флегмонадан айырмашылығы қабынуға қарағанда некротикалық өзгерістердің басымдығы. Нәресте флегмонасында тері жиі екіншілік зақымданады. Нәресте флегмонасы жеке, ауыр нозологиялық науқас болып саналады.

Слайд 4

Этиологиясы

Аурудың ең жиі қоздырғышы – стафилокок және стрептококк, бірақ сонымен қатар флегмона

Этиологиясы Аурудың ең жиі қоздырғышы – стафилокок және стрептококк, бірақ сонымен қатар
басқа да флорамен шақырылады (ішек таяқшасы, анаэробты инфекция) Инфекцияның тері асты май қабатына енуінің қарапайым жолы – терінің жаралануы, зақымдануы. Сонымен қатар инфекция гематогенді жолмен де түсуі мүмкін. Кейде флегмона басқа да жергілікті процестердің асқынуынан (лимфаденит, фурункул, мастит, омфалит) болады.Нәресте терісінің жұқа әрі нәзік болуы тері асты май қабатының жақсы қандануы әсерінен кішкене жарақаттардан инфекция қанға түсіп қабыну туғызады.

Слайд 5

Нәрестелердің некротикалық флегмонасының негізгі себептеры:
Эпидермистің оңай жарақаттануы
Базалды мембрананың нашар дамуы
Жасушааралық сұйықтықтың салыстырмалы

Нәрестелердің некротикалық флегмонасының негізгі себептеры: Эпидермистің оңай жарақаттануы Базалды мембрананың нашар дамуы
түрде жоғары мөлшері
Тері мен тіндік тамырлардың дамымаған анастомоздар
Май тініндегі дәнекер тін көпірлерінің дамымауы.

Слайд 6

Дамуы

I сатысы (бастапқы) – қызыл, тығыз, сипағанда ыстық, жылдам ұлғаятын(бірнеше сағат

Дамуы I сатысы (бастапқы) – қызыл, тығыз, сипағанда ыстық, жылдам ұлғаятын(бірнеше сағат
ішінде), шекарасы айқын ауру сезімді дақ пайда болады. II сатысы (альтеративті-некротикалық) –1-1,5 тәуліктен кейін инфильтрат аймағындағы тері түсі өзгеріп – көккүрең түске айналып, ортасы жұмсарады. III сатысы (отторжения) – іріңді қалташалар мен шеттері жыртылған жараның түзілуі IV сатысы (репарация) – жараның грануляциясы және эпителизациясы дамиды.

Слайд 7

Клиникасы

Флегмона кезінде қабынудың бес белгісі айқын: ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі,

Клиникасы Флегмона кезінде қабынудың бес белгісі айқын: ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі,
ауырсыну және зақымдалған дене бөлігінің қызметінің бұзылуы. Процесс таралуға бейім. Кейде тіндер іріңді ыдырауға ұшырап, инфильтраттың жұмсаруы пайда болады. Ауру айқын көрінетін жалпы белгілермен өтеді (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі). Нәресте флегмонасының ең жиі орналасатын жері: сегізкөз-құйымшақ аймағы, арқа, көкірек. Ауру жедел басталады. Бала әлсірейді, тәбеті төмендейді, дене қызуы 38-40Ә-қа көтеріледі. Теріде тығыздалған және қызарған, басқан кезде ауыратын ошақ пайда болады. Қабыну ошағы тез үлкейеді, зақымдалған жердегі терінің түсі қанық-қызыл, ал кейіннен көгеріңкірейді. 2-3 тәулікте зақымданған жердің ортасында жұмсарулар пайда болып, кейіннен осы жердегі тері ыдырап, жыланкөз түзіледі. Одан бұлыңғыр түсті шіріген тіндер (некрозданған клетчатка) бөлінеді. Жыланкөз шеттеріндегі тері біртіндеп ажырап, іріңді ыдырауға ұшырайды, соның нәтижесінде жиектерінде шұңқыр жара түзіледі. Процестің өту барысы асқынусыз болған кезде шіріген тіндер сылынып, жара біртіндеп тыртықтанады. Егерде уақытылы ем қолданылмаған болса, некроз тереңге таралып, сүйектерге жетеді. Балаларда сепсис дамиды

Слайд 9

Дифференциалды диагностикасы

Нәресте флегмонасын тілме ауруынан, тері асты май қабатының қабынуынан (склерема) ажырату

Дифференциалды диагностикасы Нәресте флегмонасын тілме ауруынан, тері асты май қабатының қабынуынан (склерема)
қажет. Аталған аурулар арасында ажыратпалы диагнозды мұқият жүргізу керек, себебі олардың емдеу әдістері әр түрлі. Нәрестелерде тілме ауруы өте сирек кездеседі. Тілменің флегмонадан айырмашылығы: терідегі гиперемияның анық шеттері болады, терісі қызғылт түсті және жылтыр, ісіну шекаралары жақсы білінеді, зақымданған тері бетінде жұмсару аймағы болмайды. Тері асты май қабатының қабынуы (склерема) кезінде біртіндеп көптеген ірі емес инфильтраттар пайда болады. Оларды пальпация жасағанда ауырмайды, терісі өзгермеген, ал баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері асты май қабатының қабынуы арнайы емдеу шараларын өткізуді қажет етпейді, 5-6 аптадан кейін өздігінен қайтады.

Слайд 10

Емі

Емдеу, тек ауруханаға жатқызылып жүргiзiлуi тиiс. Аурудың алғашқы фазасында – жылдамдатып операция

Емі Емдеу, тек ауруханаға жатқызылып жүргiзiлуi тиiс. Аурудың алғашқы фазасында – жылдамдатып
жасалуы керек. Ол үшiн ¼% новокаин дәрiсiмен қабынған ауданның шетiнен, қатты инфильтрат жасамай, терiні жансыздандырады (А.В.Вишневскийдiң қысқа блокада тәсiлi). Негізі операцияны жалпы наркоз қолданып жүргізген жөн. Егер қабыну ауданы тым үлкен болса, жалпы наркоз берiлуi керек. Қабынған ауданның терiсiне шахмат клеткасы сияқты тiлу жарасы салынады. Жараның ұзындығы 1,5-2,0 см, тереңдiгi терi қабаттарын түгелдей қамтиды, бiр-бiрiнен ара қашықтығы 1,5-2,0 см аралығында болады. Тiлу жарасы, қабынған ауданнан ары сау терiні де қамтуы керек. Жараларды кеңейтiп, оған резинадан дренаж қоюдың қажетi жоқ, ол терi некрозын одан әрi үдетуi мүмкiн. Жараға гипертониялық сұйықтар қойылып (10% натрий хлоридi, 25% күкiрт қышқыл магнезия) 6-8 сағатқа байланады. 6-8 сағаттан кейiн жараны қайта ашып, үрдіс барысын (жайылып бара ма жоқ па) анықтайды. Қажет болса терiнi тағы тiледi де, гипертониялық ерiтiндiлер қойып, қайта байлайды.

Слайд 11

Алғашқы күндерi жараны 3-4 рет қайта таңу қажет. Тiлу операциясынан кейiн балаға

Алғашқы күндерi жараны 3-4 рет қайта таңу қажет. Тiлу операциясынан кейiн балаға
қан, плазма құйылады, антибиотиктер егiледi, витаминдер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер берiледi. Магистральдық веналарға түтiкшелер қойылып, қанға уыттануға (интоксикацияға) қарсы сұйықтар енгiзiлiп, қарқынды түрде ем жүргiзiледi. Баланың емшек емуге шамасы келмесе, 3-4 күн зондпен тамақтандырады. Қанға ақуызды заттарды, глюкоза ерiтiндiсiн құяды. Гамма-глобулиндер, стафилококке қарсы анатоксиндер пайдаланылады. Жараға, таңу кезiнде 2-ші күннен бастап УФО және ванна (бұлау) жасалынады. Жарадағы экссудация үрдісi тоқтаған кезде оны анилин бояуларымен немесе марганцовкамен бояп тастайды. Егер науқас терiсiнде некроз болғаннан кейiн ауруханаға жеткізілсе, жараны некроздан тазалап, плацентамен немесе өзiнен бөлiнiп алынған терiмен жамайды.

Слайд 12

Қорытынды

Нәрестенің некротикалық флегмонасы -нәрестенің алғашқы аптасында болатын тері асты май қабатының іріңді

Қорытынды Нәрестенің некротикалық флегмонасы -нәрестенің алғашқы аптасында болатын тері асты май қабатының
қабынуы. Нәресте терісінің жұқа әрі нәзік болуы тері асты май қабатының жақсы қандануы әсерінен кішкене жарақаттардан инфекция қанға түсіп қабыну туғызады.
Бұл ауруды болдырмас үшін нәрестенің күтім жасау ережелерін қатаң сақтау қажет. Яғни жөргегін уақытылы ауыстырып, арнайы жуынуға арналған құралдар мен кремдерді пайдалану маңызды. Өмірдің алғашқы күндерінде баланың іріңді аурулармен зардап шегетін адамдармен байланысын болдырмау.
Имя файла: Нәрестелердің-некротикалық-флегмонасы.pptx
Количество просмотров: 45
Количество скачиваний: 0