Нәрестенің бас өлшемдері және иық, жамбас өлшемдері

Содержание

Слайд 2

Кіріспе. Акушерия тәжірибесінде нәрестенің бас сүйегінің сыртқы пішінін және оның өлшемдерін білудің маңызы

Кіріспе. Акушерия тәжірибесінде нәрестенің бас сүйегінің сыртқы пішінін және оның өлшемдерін білудің
зор,себебі босану кезеңдерінде бірінші болып 96 %-да нәресте басымен , 3-4%-да жамбаспен жамбас қуысынан өтеді, өзінің көлеміне байланысты нәресте басы босану жолдарында көптеген кедергілерге ұшырайды. Сүйек ерекшеліктері.Бет сүйектері қатты байланысқан.Ми сауытының сүйектері фиброзбен жалғасқан,осыған байланысты босану кезеңінде ми сауытының сүйектері жылжымалы және қозғалмалы болып келеді. Нәресте басының сырт пішіні өзгеріп тұрады.

Слайд 3

Бас сүйегінің өлшемдері. 1.Тік өлшем- кеңсірік пен шүйде бұдырмағының арасы 12 см, айналымы

Бас сүйегінің өлшемдері. 1.Тік өлшем- кеңсірік пен шүйде бұдырмағының арасы 12 см,
34см. 2.Үлкен қиғаш өлшем- иек пен шүйде бұдырмасының арасы 13-13,5 см, айналымы 38-42 см 3.Кіші қиғаш өлшем –шүйде ойығынан үлкен еңбектің алдыңғы шегіне дейін-9,5 см, айналымы-32 см. 4.Ортаңғы қиғаш өлшем- шүйде ойығынан маңдай шашпен ұштасқан жеріне дейін-10 см, айналымы -32 см. 5.Вертикальды өлшем-төбенің ең шығыңқы жерінен, тілшік астына дейін-9,5-10см, айналымы-32см. 6.Үлкен көлденең өлшем-төбе сүйектерінің шығыңқы бұдырларының ең алыс аралығы-9,5см. 7.Кіші көлденең өлшем-самай жігінің ең алыс аралығы-8 см

Слайд 5

Дене өлшемдері. Иық өлшемдері- иықтың көлденең ұзындығы-12 см, айналымы- 35 см , жамбастың

Дене өлшемдері. Иық өлшемдері- иықтың көлденең ұзындығы-12 см, айналымы- 35 см ,
көлденең өлшемі- 9-9,5 см, айналымы – 28 см. Жамбас өлшемдері- көлденең өлшемі 9-9,5 см айналымы 27-28 см

Слайд 6

Жамбас өлшемдері Әйел жамбас қуысының құрылысы акушерлік іс және гинекологияда маңызды орын алады.

Жамбас өлшемдері Әйел жамбас қуысының құрылысы акушерлік іс және гинекологияда маңызды орын
Әйел жамбас қуысында ішкі ағзалар:тік ішек,қуық,жатыр,жыныс бездері орналасқан. Әйел жамбасы нәресте туылар кезде туу жолдарын құрайды. Сондықтан акушерлік іс және гинекологияда әйелдің кіші және үлкен жамбас өлшемдерінің маңызы зор. Себебі,бала туылар кезде жамбас қуысы өлшемдеріне байланысты дәрігер тактикасы анықталады. Мысалы,туа біткен аномалияларда,тар жамбас кезіндегі,ірі нәрестенің туылуы кезіндегі дәрігердің іс-әрекеті.

Слайд 7

Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы

Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы
екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы Ү бел омыртқамен шектеліп жатады. Үлкен жамбас қуысының төрт өлшемі бар: үш көлденең және бір тік өлшемі: 1. . Distantia cristarum - мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29 см). Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді. 2. Distantia srinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық - 25-26 см. 3. Distantia trochanterica - ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен - 30-31 см. 4. Conjugata externa - сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегіз көз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы коньюгата қалыпты жағдайда - 20- 21см

Слайд 8

Кіші жамбас қуысы - айналасы сүйектермен, үсті кіреберіс, асты шығаберіс жазықтықтарымен қоршалған

Кіші жамбас қуысы - айналасы сүйектермен, үсті кіреберіс, асты шығаберіс жазықтықтарымен қоршалған
кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді 1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық. 2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы. 3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы. 4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

Слайд 9

Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан - симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы

Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан - симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы
ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан - сегізкөз мүйісімен шектеледі Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар : -тік -көлденең -екі қиғаш өлшем Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен , бүйірінен ұршық ойығының ортасымен , артынан 2-3 сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектелген. Тік өлшем-сегізкөздің 2,3 омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см. Көлденең өлшем-ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см ге тең

Слайд 10

Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегінен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал

Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегінен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал
артынан-сегізкөз-құйымшақ тігісімен шектелген. Тік өлшем-сегізкөз-құйымшақ тігісінен симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан, 11-11,5см Көлденең өлшем-шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді, ол -10,5 см.

Слайд 11

Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан - симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай

Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан - симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай
төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы. Бұл жерде де тік және көлденең өлшемдер бар. Тік өлшемі - құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол - 9,5 см-ге тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см-ге жылжиды, осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см-ге ұлғаяды. Көлденең өлшемін шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді, 11 см-ге тен.

Слайд 15

Қорытынды: Сонымен,қорыта келе акушерлік практикада жамбас қуысының көлемінің,ұзындық өлшемінің білудің маңызы зор екенін

Қорытынды: Сонымен,қорыта келе акушерлік практикада жамбас қуысының көлемінің,ұзындық өлшемінің білудің маңызы зор
білдік.Әсіресе,жас нәрестенің ана құрсағынан өмірге келуде,жамбас қуысының сыртқы 3 көлденең,бір тік параметрлерін және жамбас қуысының ішкі ұзындық өлшемдерін:анатомиялық,диагоналдық,көлденең,тік және қиғаш диаметрлерін білу қажет. Сонымен қоса, нәрестенің физикалық даму жағдайын бағалау да өте маңызды. Себебі бас , кеуде өлшемдерінің қалыптыдан ауытқуы белгілі бір патологиялық өзгерістерді көрсетеді.
Имя файла: Нәрестенің-бас-өлшемдері-және-иық,-жамбас-өлшемдері.pptx
Количество просмотров: 101
Количество скачиваний: 0