Слайд 2Ішкі аурулардың этиологиясын, патогенезі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып

анықтау, емдеу және алдын алу шараларын қарастырады, жеке аурулардың пайда болу себептерін анықтайды.
Слайд 3
Аурудың даму тарихы (anamnesis morbi). Ауру басталуының ерекшеліктерін анықтау қажет, ауру белгілерінің кенеттен

немесе біртіндеп басталуы; олардың ағымы, себебі, дамуы; қолданылған ем, оның тиімділігі, соңғы нашарлауының себептері.
Созылмалы аурудың сырқатнамасында – оның басталған жылы немесе қанша жыл науқас өзін аурумын деп санайды, аурудың бірінші белгілері хронологиялық ретпен ең бірінші белгісінен бастап ауруханаға түскенге дейін; бәсеңсуі және асқынуы кезеңдері, асқынудың жиілігі. Емдік және алдын алу шаралары, олардың тиімділігі; қазіргі емханаға жатқызудың тікелей себептері, қандай белгілер пайда болды. Науқастың алған емін көрсету керек.
Слайд 4 Өмірінің тарихы (anamnesis vitae). Ол үшін науқастан ағзасының ерекшеліктерін және оның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап

беретін қасиетін, сонымен қатар, белгілі бір аурудың дамуына жағдай туғызатын кейбір себептер жөнінде мәліметтер алу қажет.
Өмір анамнезінің негізгі бөлімдері келесі: науқас жайында қысқаша өмірбаяндық мәліметтер (қай жерде, қашан туылды, қалай өсті, қанша жасында мектепке барды, бірге оқитын оқушылырдан артта қалған жоқ па; неше сынып бітірді, әскерде қызмет етуі, жоғарғы оқу орнында оқуы, мамандығы).
Слайд 5Медициналық этика және медициналық деонтология – спецификалық жағдайдағы, үлкен парыздың, кәсіби қызметтің,

жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы болып табылады.
Слайд 6Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу),
медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы

жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда)
Яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидалар жиынтығы