Сыртқы белгілері бойынша адамды сәйкестендіру әдістемесін жетілдіру

Содержание

Слайд 2

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ТҰЛҒАНЫ ТЕҢЕСТІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамның сыртқы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1 СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ТҰЛҒАНЫ ТЕҢЕСТІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
келбеті туралы криминалистикалық ілім - габитология түсінігі
1.2 Криминалистикалық-сараптау қызметінде қолданылатын адамның сыртқы келбетін зерттеу әдістері
2 СУБЪЕКТИВТІ ПОРТРЕТТЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тергеу және жедел–іздестіру қызметінде қолданылатын адамның сыртқы келбетін зерттеу әдістері
2.2 Портреттік сәйкестендіру әдістерін қолдану процестерін автоматтандыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

Слайд 3

ТАҚЫРЫП ӨЗЕКТІЛІГІ

Габитология - әр түрлі керіністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және кылмыстарды

ТАҚЫРЫП ӨЗЕКТІЛІГІ Габитология - әр түрлі керіністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және
ашу мен алдын алу мақсатыкда сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалык құрал-жабдыктары мен әдіс-тәсіддерін жетілдіретін криминалистикалык техниканың бір саласы болып табылады. Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әр түрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өнделген). Идентификациялауда кеңінен колданылатын әдістердің бірі - адамды сыртқы бейне белгілері бойынша салыстыру.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі уақытта габитология әдістемелерін қолдануда туындайтын бірқатар проблемалар бар. Олар:
- іздестіру үшін ұсынылатын субъективті портреттердің сапасының төмендігі, бұл, атап айтқанда, сараптау бөлімшелерін техникалық - криминалистикалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен және ескірген, сыналмаған бағдарламалық кешендерді пайдаланумен байланысты;
- жинақталған габитологиялық массивтердің қанағаттанғысыз функционалдық тиімділігі, ол олардың ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз ету сапасымен анықталады;
- тіркеу-іздестіру жүйелерін пайдалану мүмкіндіктері саласында бөлімше қызметкерлерінің шектеулі дайындығы салдарынан жеке тұлғаны анықтау практикасында тіркеу-іздестіру жүйелерін біліксіз пайдалану.
Жоғарыда айтылғандардың ішінен габитологиялық ақпарат жүйесін, оның ішінде ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін қолдана отырып тиімді пайдалану – қылмысқа қарсы іс-қимылды және оның пәрменді алдын алуды іске асыруда аса маңызды, сондай-ақ қойылған міндеттерді шешпей және көрсетілген кемшіліктерді жоймай мүмкін емес.

Слайд 4

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Диплом жұмысының мақсаты қазіргі уақытта қолданылып жүрген

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Диплом жұмысының мақсаты қазіргі уақытта қолданылып жүрген
сыртқы белгілері бойынша адамды сәйкестендіру әдістемесінің жетістіктерін анықтау, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі пайда болды:
габитология ұғымын ашу, онда субъективті портреттің жағдайын анықтау;
Портреттік сәйкестендіру әдістерінің жіктелуін қарастыру;
Сандық әдістердің криминалистикалық маңыздылығын ашу, сараптама қызметінде оларды қолдануға байланысты проблеманы шешудің мүмкін жолдарын ұсыну;
Адам тұлғасын сыртқы белгілері бойынша теңдестірудегі қазіргі заманғы бағыттарды, тенденцияларды және даму перспективаларын белгілеу, криминалистикалық аспектіге қатысты ұсыныстар енгізу;

Слайд 5

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПӘНІ

Диплом жұмысының зерттеу объектісі адамның сырт бейне

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПӘНІ Диплом жұмысының зерттеу объектісі адамның сырт
келбеті бойынша ұқсастығын анықтау әдістерін дамытуға бағытталған құқықтық қатынастар
Диплом жұмысының зерттеу пәні ретінде адамның сыртқы келбетін бейнелеудің ерекше объектісі ретінде субъективті портрет мысалында габитологиялық ақпаратты пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады

Слайд 6

Криминалистикалық габитология ұғымы және адамның сыртқы келбеті белгілерінің сот сараптамасы ілімін келесідей

Криминалистикалық габитология ұғымы және адамның сыртқы келбеті белгілерінің сот сараптамасы ілімін келесідей
ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген –Алаева Г.Т., Бычкова С.Ф., Россинская Е.Р., Шакиров К.Н., Жәкішев Е.Г., Исаев А.А., Тапалова Р.Б., Найманова Г.Х., Темірболат Н.С., Селиванов Н.А., Эисман А.А., Тахо-Годи Х.М. Силкин П.Ф., Толмачев Е.Ф., Корухов Ю.Г., Бергер Я., Исаев А.А., Скоморохова А.Г. және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, В.И. Шикановтардың жалпы криминалистика іліміне қатысты еңбектері бар.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Слайд 7

Криминалистік габитология затына:
адам сырт келбеті туралы криминалистикалық түсінікті, оның қасиеттерін, белгілер

Криминалистік габитология затына: адам сырт келбеті туралы криминалистикалық түсінікті, оның қасиеттерін, белгілер
және элеметтер жүйесін оқып-ұйрену;
адамның сырт келбетінің түрлі бейнеде суреттеліп қалу заңдылықтарын оқып-ұйрену;
сырт келбет туралы мағулматтарды жинау, зерттеу және пайдаланудың жалпы заңдылықтарын, тиісті әдіс-құралдарды қолдану негізінде оқып-ұйрену;
портреттік сараптама әдістемесін дамыту, сүйек қалдықтары бойынша адамның келбетін қалпына келтіру жатады.
Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңғіру – білім жетістіктін тәжірибеде кеңінең қолданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Адамның сыртқы келбеті деп әртүрлі сыртқы мәлеметтердің жиынтығын, дәлірек айтқанда көзбен қабылданатын адамның сыртқы түрін айтады.

ТАҚЫРЫПТЫҢ МАЗМҰНЫ

Слайд 8

Адамдарды криминалистикалық идентификациялауға мүмкіндіктің болуы, кез-келген адамның сыртқы бейнесінің басқа адамда қайталанбайтын

Адамдарды криминалистикалық идентификациялауға мүмкіндіктің болуы, кез-келген адамның сыртқы бейнесінің басқа адамда қайталанбайтын
білгілердің болуына байланысты. әлемде сыртқы бейне белгілері жиыньығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді.
Адамды теңдестіруге пайдаланатын сыртқы бейне белгілері:
- тұрақты (белгілі бір уақыт аралығында саластырмалы өзгерессіз) болуы тиіс
- салыстырмалы түрде сирек кездесетін
- салыстырмалы түрде басқа белгілерге тәуелсіз болуы керек.
Адамның сыртқы келбетінің шамамен тұрақтылығы деп, өмір бойғы өзгерістерге қарамастан нақтылы бір кезең аралығында бет әлпетінің ерекшеліктері шамамен тұрақты болып қала белетіндігін айтады.
Адамның бет әлпетінің әртүрлі кескеіндерге (фотосурет, сурет ж.т.б.) суреттелу қабілеті сияқты қасиеті – бет әлпет туралы ақпаратты қылмысты тергеуде қолдануға жол береді.

ТАҚЫРЫПТЫҢ МАЗМҰНЫ

Слайд 9


Өзіндік: жалпы физикалық, анатомиялық, функционалдық. Ілеспелі (бірге жүретін): тұрақты, тасымалдаушы болып бөлінеді.

Өзіндік: жалпы физикалық, анатомиялық, функционалдық. Ілеспелі (бірге жүретін): тұрақты, тасымалдаушы болып бөлінеді.
Адам сырт келбетінің өзіндік элементтері мен белгілері жалпы физикалық: жынысы, жасы, антропологиялық типі, конституциондық типі, тәндік жағдайы болып бөлінеді.
Функционалдық: мүсін (күнделікті кейпі), жүрісі, жұлқынып сөйлеу, артикуляция, дауыс (сөйлеу), әдет пен дағдылар.
Анатомиялық: фигурасы жалпы алғанда: мойын, иық, кеуде, арқа, қол, аяқ, басы, шашы, беті және оның бөліктері: маңдай, қабақ, көз, мұрын, ерін, ауыз, тіс, иек, құлақ
Адам сырт келбетінің ілеспелі элементтері мен белгілері:
Әрдайым болатын: киім-кешек, бас киім, аяқ киім, көзілдірік, протез, балдақ, тыңдау аппараты
Тасымалдаушы: сумка, портфель, қолшатыр, сағат, темекі шегетеі аспаптар, әшекейлер, жасанды шаштар, қаламсап, алқа белгілер
Ерекше белгілер: топтық белгілерден күрт ауытқығандар, нақты элементтердің ерекше көзге ұратындығы, қалыптан тыс ауытқу және кейіпсіздік элементтері, көзге көрінетін операция және жарақат іздерінің сипаттары, татуировка мазмұны мен белгілерінің сипаттары, адам сырт келбетінің тұрақсыз және кездейсоқ элементтерінің сипаты жатады.

Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері жүйесі

Слайд 10

- Арнайы (стандартты) терминологияны қолдану
- Суреттеу анфас және оң жақ профильде

- Арнайы (стандартты) терминологияны қолдану - Суреттеу анфас және оң жақ профильде
жүргізіледі (қажет болғанда ұзыннан және де басқа жақтарынан суреттеледі)
- Мұндай суреттеу сырт келбет пен бастың дұрыс (стандартталған) тұрқына қатысты
- Суреттеу барысында жүйелікті сақтау
- Барынша толықтылықпен суреттеу
- Суреттеу барысында ерекшелерді айыру

Габитологияда адамның сыртқы бейне белгілерін суреттеудің
ауызша портрет әдісі
суреттеудің жалпы ережелері:

Слайд 11


Тірі адамның: - адам ағзасының табиғи жыныстық-жастық өзгерістері
- адам органдарының патологиялық

Тірі адамның: - адам ағзасының табиғи жыныстық-жастық өзгерістері - адам органдарының патологиялық
өзгерістері (ауру салдарынан)
- медициналық косметика, пластикалық хирургия, жарақат салдарынан
пайда болған жасанды өзгерістер.
Мәйіттің: - шіру процессінен пайда болған табиғи өліктік өзгерістер
- мәйітті қасақана кейіпсіздендіру нәтижесінде пайда болған
жасанды өзгерістер
- жан-жануар, шыбын-шіркейдің әсер ету нәтижесінде пайда
болған өзгерістер.

Сырт келбеттің өзгеріске ұшырау заңдылықтары

Слайд 12


адамдар
құжаттар құрастырылған:
- жеке тұлғалармен
- ішкі істер органдары қызметкерлермен (тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру шаралары,

адамдар құжаттар құрастырылған: - жеке тұлғалармен - ішкі істер органдары қызметкерлермен (тергеу
арнаулы зерттеулер)
- басқа да мекемелер қызметкерлерімен
мәйіт және сүйек қалдықтары
көрнекті кескіндер:фотосуреттер, бейнежазбалар, киноленталар, типографиялық көшірмелер, рентген суреттері, субъективтік портреттер, өлген адамның бетінен әзірленген маска

Адам сырт келбеті туралы ақпараттардың шығу тегі

Слайд 13

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР

Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар, оларды

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар,
атап кететін болсақ, олар: Р.А. Рейсс, В.А. Лебедьев, Н.С. Бокарин, С.М. Потапов, Н.В. Терзиев, Н.И. Якимов, А.А. Гусев, В.А. Снетков, З.И. Кирсанов, П.Г. Орлов, А.П. Пересункин, А.М. Зинин, И.Ф. Пантелеев, П.П. Цветков деген ғалымдарды атап кеткен жөн болар. Осы ғалымдардың жұмыстарына токтала келіп, криминалистикалық габитологияның келесі тұрғыдағы түсінігін беруге болады.
Адамның сырткы келбетінің әр түрлі көріністе сакталып қалу зандылыктарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу оның алдын алу максатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді кұрастырушы криминалистикалык техниканың саласы.
Криминалистикалық габитология дегеніміз, бұл — қылмыстарды алдын алуда, ашуда және тергеуде маңызы бар ақиқатты айқындау үшін белгілерді қолдануына мүмкіндік беретін әдістеме ретінде адамның сыртқы келбетінің материалдық және идеалды бейнелері туралы ілім бола тура, кршиналистикалық техника тарауының бір саласы болып табылады. Антропологиялық жалпы және сот медицинасының, адамның морфологиялық, криминалистикалық техниканың дамып, жетілуімен сот фотосурет-еуі мен тергеулік, жедел-іздестірушілік және сараптамалық тәжірибенің жетілуінің нәтижесінде криминалистикада габитоскопия ілімі туралы оқу пайда болды десе де болады. Криминалистикалық габитоскопияның негізіне: адамның ажары, бейнесі, жүзі, көркі, көрінісі, нұсқасы, рабайы, сұры, тұрпаты, шырайы, әлпеті, өңі, өн-түсі, үсті-басы кіреді. Осы сипаттың барлығын бір сөзбен айтқанда адамның бет-әлпеті кіреді десек қателеспейміз.

Слайд 14

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР

Криминалистикалық габитологияның затына келесілер кіреді:
- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР Криминалистикалық габитологияның затына келесілер кіреді: - адамның сыртқы келбеті туралы
түсінігі, оның қасиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;
- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп қалуының зандылықтарын окытып үйрету;
- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айқындау зерттеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын, қажетті әдістер мен құралдарды пайдалану негізіндегі жайттары туралы мағлұматтарды толығымен окып үйрету;
- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін адамның бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін қалпына келтіру.
Ғылыми-техниканың ұдайы ілгері жылжуына байланысты криминалистикалық габитоскопияға қатысты адамның бет әлпетін қылмыстарды тергеу, ашу, оларды алдына алу барысында қолданылатын техникалық құралдар және ол белгілерді дұрыс пайдаланудың тактикалық тәсілдері өзгертіліп, жетілдіріліп және оларды колдану өрісі ұлғайып отырды. Кейіннен криминалисти-калық мақсаттарда адамдардың сыртқы келбетін сипаттаудың және фотосуреттік бекітудің катаң ережелері пайда болып, портреттік сараптама және адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін қалпына келтірудің ғылыми негізделген әдістемесі қалыптасқан. Адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін калпына келтірудің ғылыми негізінін әдістемесін Ресейде атақты орыс ғалымы Герасимов іске асырған.

Слайд 15

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР

Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу мен

ҚОРЫТЫНДЫ ҰСЫНЫСТАР Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу
тергеу барысы бағыттарының басқа да мүмкіндіктерін кәрсетеді. Атап айтқанда бұл криминалистикалық түрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілері келесі міндеттерді шешу үшін қажет:
а) қылмыс субъектілерінің жеке басын тексеру мен куәландыруда;
ә) қылмыстық істің ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;
б) қылмыс жасап, сот және қалмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардын іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;
в) жазасын етеу жерінен қашкан қылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалык және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;
г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;
д) куәлардың, қылмыс оқиғасын ез көзімен керген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің қиысты (композициялық) суреттерін салу үшін;
е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;
ж) сүйек калдықтары (бас сүйек) бойынша мәйіттің жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі калпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Слайд 16

АНТИПЛАГИАТ НӘТИЖЕСІ

Антиплагиат тексеру нәтижесі:
2020 жылдың 30 сәуірі
КП 1 –

АНТИПЛАГИАТ НӘТИЖЕСІ Антиплагиат тексеру нәтижесі: 2020 жылдың 30 сәуірі КП 1 –
3,78
КП 2 – 0,67
Имя файла: Сыртқы-белгілері-бойынша-адамды-сәйкестендіру-әдістемесін-жетілдіру.pptx
Количество просмотров: 58
Количество скачиваний: 0