Жүректің электрофизиологиялық зерттеу әдісі. Инвазивті және инвазивті емес зерттеулер. Көрсеткіштері. Методикасы. Асқыныстары

Содержание

Слайд 2

Электрофизиологиялық зерттеу әдісінің анықтамасы

Жүректің электрофизиологиялық зерттеу әдісі (ЭФЗ) – жүрек ырғағы бұзылысы

Электрофизиологиялық зерттеу әдісінің анықтамасы Жүректің электрофизиологиялық зерттеу әдісі (ЭФЗ) – жүрек ырғағы
мен өткізгіштік бұзылысы бар науқастарды зерттеу әдісі. ЭФЗ кезінде жүректің әртүрлі бөлімдеріне электростимуляция жасалып, электрокардиограммаға тіркеледі.

Слайд 3

Методология

Ертеректе электрофизиологиялық зерттеулер спонтанды ритм кезінде қарапайым электродтар көмегімен стимуляциялау арқылы полюсішілік

Методология Ертеректе электрофизиологиялық зерттеулер спонтанды ритм кезінде қарапайым электродтар көмегімен стимуляциялау арқылы
электрлік белсенділікті тіркеу арқылы жүргізілген.
Қазіргі заманауи әдістерде эндокардтің бірнеше аймақтарына электродты енгізіп, бір уақытта стимуляция мен регистрация жасау арқылы жүргізіледі. Осылайша, спонтанды ритм кезінде де, стимуляция кезінде де әртүрлі электрофизиологиялық параметрлер анықталады. Программаланған стимуляция көмегімен картирлеу әдісі арқылы жүрек ырғағының әртүрлі көпетеген бұзылысын тудырып анықтауға болады.

Слайд 5

Диагностикалық электродтардың орналасуы

Электродтардың саны мен орналасуы аритмияның дәрежесіне және электрофизиолог мақсатына

Диагностикалық электродтардың орналасуы Электродтардың саны мен орналасуы аритмияның дәрежесіне және электрофизиолог мақсатына
байланысты. Көпполюсті эндокардиальді электродтар жүрек іші қуына енгізіледі және келесі бөлімдеріне орналастырылады:  1. оң жүрекше аймағына; 2. оң қарынша аймағына;
3. Гис будасы аймағына; 4. Коронарлық синусқа (жүректің сол бөлімдерін тіркеу)

Слайд 6

ЭФЗ жүргізудің түрлері:

1. инвазивті: инвазивті әдістің 3 негізгі түрі бар: - эндокардиальді (зерттеу стационар

ЭФЗ жүргізудің түрлері: 1. инвазивті: инвазивті әдістің 3 негізгі түрі бар: -
деңгейінде жансыздандырусыз диагностикалық мақсатта жүргізіледі) - эпикардиальді (операция кезінде ашық жүрекке жасалады) - комбинирленген (көрсеткіш болғанда екі әдісті бірдей қолдану)
Инвазивті ЭФЗ жүректің кез-келген төрт камерасына ЭС жасауға мүмкіндік береді. Эндокардта ауырсыну рецепторлары болмағандықтан ЭС жасау пациенттерде ауырсынусыз өтеді.

Слайд 7

2. неинвазивті емес (өңеш ішілік) қолдану ауқымы кең, емхалалық, стационарлық жағдайда жасалады. Бұл дәрігерлерге

2. неинвазивті емес (өңеш ішілік) қолдану ауқымы кең, емхалалық, стационарлық жағдайда жасалады.
клиникалық жұмысында қолжетімді және науқастарға аз ауыртпашылық әкелетін әдіс.  ӨіЭФЗ диагностикалық мүмкіншілігі тек сол қарынша стимуляциясымен шектеледі.

Слайд 9

ЭФЗ көрсеткіш:

Эндокардиальді ЭФЗ жүргізуге терапиялық, аритмологиялық бөлімшелерден жолдама беру арқылы болады. Науқастардың

ЭФЗ көрсеткіш: Эндокардиальді ЭФЗ жүргізуге терапиялық, аритмологиялық бөлімшелерден жолдама беру арқылы болады.
категориясы анықталады, яғни этиологиясы белгісіз естен тану, жүрекшелер мен қарыншалардың пароксизмальді формалық тахикардиясы, антиаритмиялық препараттарға тахикардияның рефрактерлігі.
Клиникалық көрсеткіштері:
Синус түйінінің дисфункциясына күмән келтіретін науқастарда синус түйінің қызметін анықтау;
Қайталамалы естен танулар – егер неврологиялық себептер табылмаса;
Атриовентрикулярлы блокады (AV-блокада) – белгісіз деңгейдегі симптомсыз блокада;
Гис шоғыры аяқшасының блокадасы – этиологиясы белгісіз естен танулар;
Ашық QRS комплексті тахикардиялар – шектелген қарыншалық тахикардия мен абберантты QRS жүрекшелік тахикардия;
Тұрақты қарыншалық тахикардия;
Жүрекшелік тахикардии - (AV - түйінді, жасырын қосымша өткізгіш жолдар, WPW - синдром және жүрекшелер фибрилляциясы).

Слайд 10

Асқынысы

ЭФЗ жүргізудің ауқымды тәжірибесіне қарамастан асқыныстар болу каупі бар. Пункция мен катетерлер

Асқынысы ЭФЗ жүргізудің ауқымды тәжірибесіне қарамастан асқыныстар болу каупі бар. Пункция мен
саны қан кету қаупін жоғарылатады. Қатты манипуляциялар мен бір нүктедегі ұзақ эффективті әсер етулер миокард перфорациясына әкеледі. Антикоагулянттарды пайдалануына қарамастан тромбоэмболия дамуына қауіп бар. Жиі ауыр басылатын тахикардиялар гемодинамика тұрақсыздығына әкеледі.
Имя файла: Жүректің-электрофизиологиялық-зерттеу-әдісі.-Инвазивті-және-инвазивті-емес-зерттеулер.-Көрсеткіштері.-Методикасы.-Асқыныстары.pptx
Количество просмотров: 44
Количество скачиваний: 0