Карбон қышқылдарының препараттары: Аскорбин қышқылы, кальций глюконаты, натрий цитраты
Карбон қышқылы R-COOH карбон қышқылдары карбоксильді топ деп аталатын, молекула құрамында -COOH топтасуы бар көмірсутектердің туындылары болып табылады. Карбон қышқылдарының бөлінуі молекуладағы карбоксил тобының санынан және көмірсутекті қалдықтың табиғатынан тәуелді болады. Әдетте, карбон қышқылдарының класында карбоксил тобының туындыларын қарастырады. 1) Монокарбонды қышқылдар (қаныққан, қанықпаған, аренкарбонды); 2) Дикарбонды және поликарбонды қышқылдар (қанықпаған, қаныққан, аренди- және поликарбонды қышқылдар); 3) Карбон қышқылдарының функционалды туындылары (ацилгалогенидтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер, имин эфирлері, амидиндер, тиоқышқылды және дитиоқышқылдар, пероксикарбонды қышқылдар, нитрилдер, изоциандар); 4) Құрамында әр түрлі функционалды топтары бар карбон қышқылдардың туындылары (гомогенкарбонды қышқылдар, гидроксикарбонды қышқылдар, аминкарбонды қышқылдар, оксикарбонды қышқылдар); 5) Формальды түрде карбон қышқылдарының туындыларына жатқызуға болатын көмірқышқылының туындылары. Карбон қышқылдарының жіктелуі: