Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер
Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам дінінің таралуына байланысты VII – VIII ғасырлардан бастап араб саяхатшылары келе бастайды. Олардың ішінде ибн Хордадбек, ибн Хаукаль, әл-Масуди, әл-Идриси,ибн Фадлан еңбектері аса бағалы. Фараб ( Отырар ), Тараз ( Талас), Испиджаб ( Сайрам ), Сабран ( Саудан ) қалалары мен Сырдария, Шу, Жайық, Жем, өзендері жайлы мәліметтері келтірілді.