Постэмбриональді гемопоэз
Алғашқы қан клеткаларының аралшықтары Эритроцитопоэз – эритроциттердің түзілуі: Эритропоэз (erythropoesis, грек, erythros — қызыл, poesis — түзілу, даму) — сүйектің қызыл кемігі майындағы эритроциттердің түзілу процесі. Эритропоэз кезінде эритроциттер көп мүмкіндікті (полипотентті) діңгекті және жартылай діңгекті бөліну арқылы дамуынан бастама алған бірмүмкіндікті (унипотентті) проэритробласттардан түзіледі. Олардан эритробласттар қатары (базофилді, полихроматофилді, оксифилді) жетіліп, пронормоцитке, одан нормоцитке айналады. Бұлар ядроларын сыртқа шығарып, ретикулоциттер деп аталады. Ретикулоциттер қан арнасына өтіп жетіліп, эритроциттерге айналады. Бағаналы жасушалар - жартылай бағаналы - унипотентті – эритробласттар – проэритробласттар – базофильді, полихроматофильді, оксифильді эритробласттар – ретикулоциттер - эритроциттер