Слайд 2Қуат көзінің ақаулығы
Егер компьютер мүлдем іске қосылмаса, онда ол қуат көзі ақауларынан
болуы мүмкін. Оны тексеру үшін басқа жұмыс жасайтын блок питаниесін қосу керек. Егер компьютер жаңа қуат көзімен іске қосылса, онда бұрынғы блок питаниенің істен шыққанын білуге болады. Егер қуат көзін ауыстырған кезде компьютер әлі де іске қосылмай жатса, онда басқа компонентпен ақаулар болуы мүмкін. Блок питаниенің бұзылуының кесірінен дк-ның басқа компонентерінің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Слайд 3Жедел жад ақаулығы
Компьютердің әрдайым бұзылатын бір бөлігі ОЗУ. Бұл ақаудың әдеттегі симптомы
- қысқа жағымсыз сигналдан кейін компьютердің қосылмауы. Бірақ бұндай сигналдардың дыбысы әртүрлі және әр кезде әртүрлі ақаулардың кесірінен шығуы мүмкін. Біз дк-ның ақауының жедел жадыда екендігін анықтау үшін:
1. Озу-ды алып басқа слотқа салып көреміз. 2. Озулардың орнын ауыстырамыз. 3. Басқа озу салып көреміз. Осы арқылы біз ақау озу-да немесе озу-ды қабылдайтын аналық тақшада екендігін анықтаймыз.
Слайд 4Видеокарта ақаулығы
Видеокарта істен шыққан жағдайда біздің компьютер әдетте іске қосылады, бірақ ол
бірнеше дыбыстық сигнал шығарады және экран қара болып тұрады. Егер компьютер қалыпты түрде іске қосылса және біз динамиктерден операциялық жүйенің іске қосылуына тән дыбыстарды естісек, бірақ экранда ештеңе көрінбесе, онда монитордың видеокартаға қосылуын және видеокартаның аналық тақшаға дұрыс қосылуын тексереміз тексереміз.
Слайд 5Компоненттердің қызып кетуі
Жалпы проблема, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолданылған компьютерлерде, компоненттердің қызып
кетуі. Бұл мәселенің әдеттегі симптомы-ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін компьютердің автоматты түрде өшіп қалуы. Пайдаланушылар әрдайым ДК үнемі жақсы желдетуді қажет ететінін есте ұстауы керек. Содықтан жүйелік блоктың ішінде желдеткіштер болуы керек. Тағы бір істеуге болатын зат - процессорға арналған жаңа салқындату жүйесін сатып алу. Компоненттердің қызып кетуінің тағы бір себебі шаң болуы мүмкін, сондықтан пайдаланушылар мезгіл сайын компьютерлерін тек сыртынан ғана емес, сонымен қатар корпустың ішінен де тазалап отыруы керек.
Слайд 6Дк-ның қызып кетпеуіне
арналған заттар:
Жүйелік блоктарға арналған желдеткіштер
Процессорға арналған кулер
Процессорға арналған термопаста
Слайд 7Вирустар
Вирустар-бұл операциялық жүйенің тұрақты жұмысын бұзатын кодтар. Вирустар файлдарды бұзады немесе жояды.
Бұл зиянды кодтармен күресудің негізгі тәсілі - антивирустық бағдарламалар. Ондай бағдарламалар өте көп. Кең қолданылатын және улкен антивирустық базасыбарларына назар аудару керек. Олар қазіргі кездегі вирустардың көпшілігін дер кезінде анықтауға және мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сіздің антивирусыңыз әрдайым жаңарып отыруы үшін базаны үнемі жаңартып отыру керек.