Слайд 2 Шағымы:
5 жасар бала бір жақ ұмасының ісінгеніне және кіші дәретке отырғанда
қиындағанына шағымданады. Кіші дәретке отырғанда үрпі қабы томпаяды
Слайд 3 Жасалынатын іс әрекет:
Диагноз қою
Дифференциялды диагностика жасау
Ата-анаға түсіндіру
Ем тағайындау
Сауықтыру жұмыстарын жүргізу
Слайд 4Диагноз: Фимозбен біріккен гидроцеле
Слайд 5Қарағанда:
Бір жақ ұманың ісінуі,ісік сыртқы сақинадан басталып, ұманың түбіне дейін созылып
жатыр, сопақша пішінді, жұмсак, серпімді түзіліс байқалады. Бала күшенген кезде үлкейеді.Баланы шалқасынан жатқызып қараған кезде ісік жаймен кішірейіп кетті. Ісікті пальпация жасағанда ауырмады. Диафаноскопия жасаған кезде су шеменге тән ашық көріну анықталды. Жыныс мүшесінің басындағы терісі түгелдей жауып, піл тұмсығы сияқты төменге салбырап тұр. Сонын себебіне бала кіші дәретке отырғанда үрпі қабы томпаяды. Бала кіші дәретке дұрыстап отыра алмайды
Слайд 6 Гидроцеле-балаларда өте жиі кездесетін ауру. Ол іш пердесінің вагинальды өсіндісінің бітелмей
қалуына байланысты,ұмада сірлі сұйықтытың жинақталуымен жүреді. Егер іш қуысындағы сұйықтық аталық без қабығының ішінде еркін ағып келіп-кетіп тұрса, мұны аталық безбен шәуһет қабықтарының іш қуысымен байланысатын су шемені дейді.
Су шеменнің пайда болуы вагиналды өсіндінің қабырғаларының суды сіңіріп алу қасиетінің төмендеуіне және шап аймағындағы лимфа тамырларының жетілмеуіне байланысты. Бала өсе келе су ісік біртіндеп азайып кейде мүлдем жоғалып кетуі де мүмкін.
Слайд 7Клиникасы:
Су шемені бір жақты болса, онда ұманың осы жақ бөлігі, егер екі
жақты болса, онда бүкіл ұма үлкейеді. Аталық без қабығының оқшауланған су шеменде ұманың ісінуі дөңгелек пішінді, ал төменгі жағында аталық без анықталады. Аталық бездің байланысатын су шемені кезінде шап каналының ісігі сыртқы сақинасына басталып, ұманың түбіне дейін созылып жататын сопақша пішінді, жұмсақ, серпімді түзіліс білінеді.
Бала күшенген кезде ісік тәрізді түзіліс үлкейіп, тығызданады. Ісікті пальпация жасағанда ауырмайды.
Слайд 9Фимоз
Фимоз (бүрік)-ұл балада жыныс мүшесінің басы толық ашылмайтын, күпек тесігінің тарылуымен жүретін
ауру. Ұл балаларда 2-5 жасқа дейін жыныс мүшесінің басындағы тері көбінесе гипертрофияланған, басын түгелдей жауып, піл тұмсығы сияқты төмен қарай салбырап тұрады. Шеткі терінің ішкі қабаты мен жыныс мүшесі басының арасында нәзік эмбрионалды жабыспалар бар. Жыныс мүшесі өсе келе, ол терілік қапты кереді. Жыныс мүшесінің басы күпек терісінің жабыспаларынан біртіндеп ажырап, еркін шығып қайта кіретіндней болады. Сондықтан жас балаларда кездесетін фимоз физиологиялық болып есептеледі.
Слайд 10Жабыспалардың болуы күпек қабы астына микробтардың өсіп өнуіне қолайлы орта болып саналатын
смегманың жиналуына әкеледі. Соның салдарынан жас балаларда, әсіресе жыныс мүшелерін дұрыс жуып тазалап тұрмаған кезде, шеткі терінің іші жиі қабынып, іріңдейді. Қосымша жабыспалар пайда болады. Терісінің шеті тыртықтанып, жыныс мүшесінің басын ашу мүмкін болмайды. Несеп шығару қиындайды. Несеп купек қабы тәрізді шеткі терінің астына жиналып,оны кереді. Оны тыртықталған фимаз дейді. Шеткі терінің тыртықтану салдарынан несеп сыздықтап немесе тамшылап қана ағады.
Слайд 14Шап жарығының клинкасы
Бала өмірінің алғашқы айларында білінеді. Ата-анасы баласы жылағанда немесе күшенгенде
байқалатын, ал ұйықтап жатқана жоқ болатын шап аймағындағы томпаюды байқайды.
Жарықтың әсерінен келе-келе ұманың терісі созылып, шәуһет шылбыры қалыңдайды.
Шап аймағында немесе ұмада шығыңқы анықталса және ол еш қиындықсыз басқанда құрылдап, қалыпты жағдайына келетін болса, диагноз анық болып есептеледі.
Слайд 16Қысылған шап жарығы
Балаларда кесдесетін күрделі асқыну.
Қысылған шап жарығы дегеніміз бұрын
қалпына келетін, ал кенеттен қалпына келмей қалатын құбылыс. Жарық сыртқы шап сақинасында жиірек қысылады. Қысылудан кейін веналық қанның іркілуі артериялық ишемия және жарық қапшығы құрамының гангренасы болады. Қысылу 6 айдан 12 айға дейінгі балаларда көбірек ұшырасады.
Слайд 17Қысылған шап жарығының клиникасы
Бала бірден мазасызданып, жылайды немесе жарық шығыңқысы аймағындағы ауырғандық
сезіме шағымданады. Ауырғандық сезіміне жүрек айну және құсу қосылады. Жарық шығыңқысының қатаюы күшейеді. Дене қызуы қалыпты. Егер науқас дәрігерге дер кезінде қарамаса біртіндеп ішек өткізбеушілігінің белгілері қосылады.
Құсу жиілейді
Құсық құрамына өт, ал кейіннен нәжіс араласады.
Ішек перистальтикасы күшейеді
Нәжіс пен газдар шықпайды, іші кебеді, ауырсынады
Слайд 18Қарағанда:
Шап аймағында құрсақ қуысына қайта кірмейтін, пальпация жасағанда ауыратын сопақша немесе домалақ
пішінде түзілісті анықтайды. Алғашқы кезеңде қысылған түзіліс қоршаған тіндермен жабыспаған, терісі өзгермеген болады. Кейіннен жарық айналасындығы тіндер ісінеді, терісі қызарады, жарық шығыңқысының шекарасы тегістеліп көрінеді.
Слайд 19Парафимоз
Парафимоз деп- жыныс мүшесі шеткі терісінің сыртына қарай айналып кетіп, жыныс мүшесінің
басы мен мойынын сақина тәрізді қысып қалуын айтады.
Парафимоздың себептеріне балалардың жыныс мүшесін уқалап ойнауы және шеткі терісін сыртына қарай күштеп тартқан жағдайлары жатады. Егер айналып кеткен шеткі теріні дер кезінде қалпына келтірмесе онда жыныс мүшесінің басы мен тіндерінің ісінуі, үлкеюі болады. Кейде некрозға ұшырауы мүмкін.
Слайд 22Оперативті жолмен емдейміз
Тыртықты фимозда шетін айналдыра кесіп, сүндетке отырғызады.
Физиологиялық фимоз арнайы
емдеу шараларын өткізіді қажет етпейді.
Гигиеналық талапты сақтау керек
Слайд 24Су шемені кезінде хирургтер Винкельманның операция тәсілін қолданады:
Су ісіктің қабығын тіледі
Аталық безбен оның қосалқылырын сыртына қарай айналдыра тігеді
Пункция тәсіліменде емдеуге болады:
Сулы сұйықтықты сорып алып, ұмаға супензорий жасап қойылады.
Сұйықтық тағы жиналатын болса, қайтадан пункция жасалады.