Слайд 2800 үйден тұратын Н., аумағында жұмыс жүргізілу үшін 200 үйлі (720 адам)
жер бөлінді. Н., аумағы ылғалды субтропикалық зонада орналасқан. Колхоздыңең басты да маңызды жұмысы- шәй өсіру. Барлық адамдар шәйді өсірумен айналысады. Үй жануарларынан ірі қара мал,сиыр,өте көп шошқалар, құстардан- үйрек, тауық, қаз. Жиі жанбыр әсерінен үйлер биіктетіліп орналастырылған. Үйлерде бау-бақша, жеміс-жидектер бағы бар. Ауыз суды халықтың бір бөлігі бұлақ көзінен алса,бірі терең құдықтан алады. Ал күнделікті пайдалануға суды әрбір үйде орналасқан терең емес құдықтардан алады. Жаңбырлы күндері ер адамдар бау-бақшада аяқ киімсіз жұмыс жасайды. Жылы күндері әйелдер мен балалар аяқ киім кимей жүреді.
Н., аумағында қазылмаған, жартылай бұзылған,ағаштан жасалған әжетханалар бар. Олар ағаштармен жерден 0,5 метрге көтерілген. Сондықтан үй жануарлары және құстар нәжістік массамен оңай байланыста болды. Бірақ жер бетіндегі нәжістік массан шошқа және иттермен,жиі жаңбыр әсерінен жойылып отырғандықтан табу қиын болды. Жоғарыда аталған әжетханалар халықтың 80 % болды. Жартысы оны қолданбаған. Ал 20% мүлдем болмаған. Халықтың бұл бөлігі дефекация үшін бау-бақшалы жерге, кукуруздар өсетін жерге барған. Ауылда 771 адам зерттелді, оның 349- ер адам және 422- әйел адам.
Барлық зерттелгендер ішінен 750 адам, соның ішінде 339 ер адам және 411 әйел адам инвазирлі аскарида, анкилостомидамен ауырды. Анкилостомидамен ауырғандарды ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың аяқ киімсіз жүруіне байланыстырамыз. Ергежейлі цепень- 1% , сиыр және шошқа цепені 0,4%. Инвазирлі түрлерінің ішінде гельминттердің бір түрімен ауырғандар 99 адам, екі түрімен- 259, үш түрімен-385, төрт түрімен-7 адам.