Слайд 2 ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) JCI аккредитация стандарты
Б) JCI артықшылығы
III. Қорытынды
IV.
Пайдаланылган әдебиеттер
Слайд 3 К І Р І С П Е
Joint Commission International (JCI) –
медициналық мекемелердегі пациенттердің қызмет көрсетудің сапасын және қауіпсіздікті арттырумен және дамытумен айналысатын халықаралық ұйым. JCI аккредитациясы медициналық қызметтің сапасын арттыруды қалайтын мекемелер үшін «алтын стандарт» болып табылады. Бұл салада JCI әлемдегі ең ірі және ертеден келе жатқан ұйым.
Слайд 4 JCI аккредитациясы туралы түсінік
JCI (Jouint Commission International) дегеніміз – аккредитация
бойынша халықаралық біріккен комиссия. Мақсаты бүкіл әлемдік денсаулық сақтау саласында біліктіліктің жоғарғы деңгейде болуы. Ең алғаш АҚШ 1917 жылы
Hospital Standardizations деген атпен ашылған. 1951 жылы Joint Commission on Accreditation of Health care Organization (JCAHO) деп өзгертілген . Тек 1998 жылы ған — Joint Commission International (JCI) деген атауға ие болған.
Слайд 5JCI аккредитациясының болуы өз елінен сыртқа жоғары сапалы медициналық қызметті іздеп шыққан
медициналық туристер-пациенттердің сенім кепілі ретінде бағаланады.
Слайд 6 JCI АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
JCI денсаулық сақтаудың сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы
әлемдегі әйгілі көшбасшы.
JCI назары денсаулық сақтауға, сапаны жақсартуға және жұқпалы аурулармен күрестегі пациенттердің қауіпсіздігіне аударылған.
Слайд 7Бүгінгі таңда JCI әлемнің 39 елінде 300-ден астам мемлекеттік және жеке меншік
денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуден өткізді. Аккредитация нысаны ретінде ауруханалар, амбулаторлық ұйымдар, клиникалық зертханалар, оңалту орталықтары, медициналық көлік жөніндегі ұйымдар, БМСК, сондай-ақ жекелеген медициналық қызметтер бойынша сертификация болып табылады.
Слайд 8 JCI МАҚСАТЫ
JCI мақсаты әлемдегі медициналық ұйымдардың жұмысын халықаралық деңгейде келісілген стандарттардың
және медициналық ұйымның қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және тиімді пайдалану арқасында үздіксіз жақсартуға ынталандыру.
Слайд 9
JCI ЖӘНЕ ҰМХ
(ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГ)
«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» 2011
жылғы қарашада осындай аккредитацияны алатын, Орта Азия аумағындағы алғашқы клиника болады деп жоспарланады. Халықаралық аккредиттеуге дайындық 2009 жылы басталған. Холдингтің қалған еншілес ұйымдары да одан әрі аккредиттеуден өтеді деп жоспарланады.
Холдинг клиникаларында осы халықаралық аккредиттеудің болуы, ауруханалардың емдеудің қауіпсіздігі мен сапаның жоғары стандартына бағытталғанына дәлел болады. Бұл сөзсіз, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына өз елінен сыртқа шықпай-ақ жоғары сапалы медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай аккредитация халықаралық нарыққа шығуға және Қазақстандағы медициналық туризмнің дамуына септігін тигізеді.
Слайд 10JCI АККРЕДИТАЦИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
JCI аккредация клиникаға мына мүмкіндіктерді береді: ішкі аурулар инфекцияларының, медициналық
қателердің, қажетсіз шығындардың (оның ішінде, қателер есебінен) төмендеуі, ақылы емделушілер және медициналық туристер санының артуы, қызметкерлердің де, емделушілердің де көңіл толуы деңгейінің артуы.
Келтірілген ұстанымдар мен тұжырымдамалар «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ мен «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ аккредитацияланған JCI клиникаларда тәжірибеге сәтті енгізілді. Ел басшылығы тарапынан аталған бастаманы қолдау жағымды істердің бірі болды.
2011 жылдан бері JCI халықаралық аккредитация стандарттары ел басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен Қазақстан азаматтары қаралатын Қазақстан Республикасы Президенті Істері Басқармасы Медицина орталығы (бұдан әрі - Медицина орталығы) клиникаларының жұмысына енгізілуде. Медицина орталығының емдеу және қараудың ғасырлық дәстүрі, жоғары деңгейлі сервис Медицина орталығының басты құндылығы болды. Медицина орталығының жүйесінде шамамен 500 дәрігер мен провизор және оқу мен біліктілігін арттыруға дайын медиуиналық орташа қызметкерлер жұмыс істейді.
Слайд 11Жаңашыл ойлау, медициналық ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану, күрделі клиникалық-диагностикалық тапсырмаларды
шешу мүмкіндігі Медицина орталығының мамандарын сипаттайды. Ұжымдағы коропоративтік рухтың да JCI аккредитациядан өтуде маңызы зор. Медицина орталығы, «Медициналық технорлогиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ мен Медицина орталығы клиникалары мамандарының командалық күш жұмсауы JCI сынды халықаралық аккредитацияның сүйемелденуіне ықпал етіп отыр. Емделушілердің игілігі үшін күнделікті үйлесімді жұмыс қауіпсіздік, медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен халықаралық мойындауды қамтамасыз етеді.
2015 жылға жоспарланып отырған Медицина орталығы клиникаларының аккредитациялық бағалаудан өтуі мемлекеттік қызметкерлер мен ел халқына медициналық көмек көрсетудің жоғары дейгейін растайды және жақсартады.
Слайд 122011 жылдан бері JCI халықаралық аккредитация стандарттары ел басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен
Қазақстан азаматтары қаралатын Қазақстан Республикасы Президенті Істері Басқармасы Медицина орталығы (бұдан әрі - Медицина орталығы) клиникаларының жұмысына енгізілуде. Медицина орталығының емдеу және қараудың ғасырлық дәстүрі, жоғары деңгейлі сервис Медицина орталығының басты құндылығы болды. Медицина орталығының жүйесінде шамамен 500 дәрігер мен провизор және оқу мен біліктілігін арттыруға дайын медиуиналық орташа қызметкерлер жұмыс істейді.
Слайд 13 JCI стандартын орындау – бұл белгілі бір талаптарды орындауды тұрақты еске салу,
оқыту және бақылау үрдісі. Бұл стандарттардың көздегені – пациент. Бұл дегеніміз тиісінше күтім жасау, пациенттің күтуде қанағаттандыру, жұмыс кезінде қателіктерді мүмкіндігінше кеміту, аурухана ішінде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу. Тәуекелді азайтып, аурухана қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген жұмыс стандарттары енгізіледі және клиника қызметінің жалпы ұстанымдары белгіленеді.
JCI акредитациясынан өту 12-24 ай уақыт алады.
Аккредитация әрбір 3 жылда өтіледі және өтпес бұрын 6-9 ай алдын ала өтініш откізіледі.
Аккредитациялау 197 негізгі стандарттармен ,368 жалпы стандарттармен, және 1032 қосымша көрсеткіштермен баға береді.
Слайд 14JCI халықаралық Біріккен Комиссиясы аккредитациясы медицина ұйымдарындағы сапа мен қызмет көрсету қауіпсіздігінің
нақты танылған «алтын стандарты» болып табылады.
"Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" АҚ – JCI халықаралық Біріккен Комиссиясы аккредитациясына өз алдына ие болған Қазақстандағы бірінші мекеме. Бұл қазақстандық дәрігерлердің, медицина бикелері мен денсаулық сақтау әкімшілерінің жоғары әлеуетін білдіреді»,- деп атап көрсетілген хабарламада.
Бүгін әлемнің 90-нан астам елінде 450-ге тарта медициналық ұйымдар JCI халықаралық Біріккен Комиссиясында аккредитацияланған. "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" АҚ аталған аккредитацияны алған еліміздегі екінші, ТМД-дағы үшінші ұйым.
Слайд 15Аккредитация мәртебесі егер, Халықаралық Біріккен Комиссиясы аудиторлар тобының тексеруіне сәйкес 1200 халықаралық
стандарт талаптарына сәйкескен жағдайда ғана беріледі. Аталған стандарт бойынша, медициналық ұйымдағы барлық бөлімшелер мен үдерістер бағаланады. Атап айтқанда: дәрігердің емдеуі мен медбикенің ғимараттың қауіпсіздігіне, жұқпалы аурауларды бақылау, медикаменттермен жұмыс істеу, пациеттің құқын қорғауға дейінгі жауап беруі, тағы басқалар ескеріледі.
Слайд 16Ұлттық медициналық холдингтың клиникасы – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Joint
Commission International біріктірілген халықаралық комиссиясының халықаралық стандарттар бойынша аккредитация туралы ресми қорытындысын алды. Бұл кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі денсаулық сақтау саласындағы халықаралық беделі мойындалған клиника. Дүниежүзінде барлығы бұл ұйымның аккредитациясын шамамен 300 медицина мекемесі алған. JCI аккредитациясы көрсетілетін медициналық қызметтердің әлемдік класын растайды және денсаулық сақтау саласындағы ең беделді болып табылады.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының халықаралық аккредитацияға дайындық шаралары 2009 жылдан басталған болатын. 3 жыл бойына қызметкерлер мен клиника деңгейін медициналық көмек көрсетудің және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сай келтіру бойынша көп жұмыс атқарылды. Халықаралық сарапшылар жыл сайын клиникадағы әріптестерімен бірге дайындық жұмыстарының әр кезеңінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалады, одан әрі жетілдіру жоспарына өз түзетулерін енгізді.
Халықаралық аккредитацияға дайындау процесінде комиссияның кеңесшілері клиникада сапаның 1 200 өлшемі бойынша бағаланатын 329 әлемдік стандарттың орындалуына және денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылықтың сақталуына аса көңіл бөлді.
Осындай халықаралық аккредитациядан Ұлттық медициналық холдингтың тағы да 5 клиникасы өтеді деп жоспарланып отыр, ал бұл Назарбаев Университетінің медицина мектебінің клиникалық базасын құру үшін өте маңызды болмақ.
Слайд 17 ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, JCI денсаулық сақтаудың сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы әлемдегі
әйгілі көшбасшы. JCI назары денсаулық сақтауға, сапаны жақсартуға және жұқпалы аурулармен күрестегі пациенттердің қауіпсіздігіне аударылған.
Бүгінгі таңда JCI әлемнің 80 елінде 400-ден астам мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуден өткізді. Аккредитация нысаны ретінде ауруханалар, амбулаторлық ұйымдар, клиникалық зертханалар, оңалту орталықтары, медициналық көлік жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жекелеген медициналық қызметтер бойынша сертификация болып табылады.