Слайд 2Вирусты гепатиттер медицина ғылымында және дүниежүзілік денсаулық сақтаудағы маңызды актуальді проблеманың бірі
болып табылады.
Бұл кең таралуына, аурушаңдылықтың жоғары деңгейіне, полиэтиологиялығына, созылмалы ағымға ауысу мүмкіндігінің жоғары болуына, одан бауыр циррозы және гепатокарциномаға айналуы жәнеде жоғары өлімділік қауіпіне байланысты.
Слайд 8Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің ақпараты бойынша 2012 жылы “созылмалы вирусты гепатит
В, С” диагнозымен диспансерлік есепте 13 701 ересек адам және 2034 бала есепте тұрған.
2012 жылы вирусты гепатитке 120 696 бала және 278 мыңға жуық ересек адамдар тексерілген. Вирус 484 балада және 2870 ересек адамда анықталған .
Слайд 92015 жылы вирусты гепатит «В» балалар арасында 2 жағдай тіркелген ( 100
мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші – 0,04) ал 1991 жылы 2 469 жағдай (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші – 46,1).
Слайд 10Балаларда вакцинацияның кең ауқымдылығына байланысты соңғы 25 жылда вирусты гепатит «В» мен
Қазақстандағы балалардағы аурушаңдылық 1234,5 есе төмендеген.
Вирусты гепатит «В»-ға өарсы вакцинациялық комплекс 12 айға дейін үш иммунизациядан тұрады.
Алғашқы екпені туғаннан кейін бірден 12 сағат ішінде және кейін 2 және 4 айында.
Слайд 11Вирусты гепатиттер ішінде ВГА гепатиттерінің үлес салмағы жоғ ары, А және В
гепатитімен ауру жиілігі айқын төмендеген, әсіресе ВГВ 14 жастағы балалар арасында, ВГА берілу жолдары арасында тұрмыстық-қатынастық, ал ВГВ және ВГС – жыныстық қатынас арқылы берілетіні анықталғ ан.