Бейорганикалық қосылыстарды тазалау және анықтау
Жоспар Бейорганикалық химия туралы Оның заңдылықтары Тазалау әдістері Бейорганикалық қосылыстарды анықтау Анорганикалық химия, бейорганикалық химия – химиялық элементтерді, солардан түзілетін жай және күрделі заттарды әрі олардың өзгерулерін зерттейтін ғылым. Анорганикалық химияның негізгі мәселелері: элементтердің атомдық құрылысын анықтау, олардың қасиеттерін атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру, жай және күрделі заттардың молекулалық, кристалдық құрылымдарын анықтау, сондай-ақ қазіргі ғылым мен техникаға сай қажетті қасиеттері бар (мыс., беріктік, қызуға, әр түрлі сәулелердің әсеріне төзімділік, т.б.) жаңа материалдар алу.