Нәресте. Анасының созылмалы инфекциялық аурумен ауруы
Аналық мен балалықты қорғау бұл – ана мен бала денсаулығын қамтамасыз етуге, отбасыны берік етуге, аналықты қолдауға, балаларды тәрбиелеуге анағұрлым қолайлы жағдайлар жасауға, оларды физикалық, интеллектуалдық және мінез-құлықты тұрғыдан дамытуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесі. Әйел-ана және өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясында және басқа да заңнамалық актілерді бекітілген. Баланың денсаулығын қорғауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу ол дүниеге келмес бұрын –ақ қолға алынады. Оның денсаулығына ата-анасы денсаулығының жағдайлары зор әсер етеді (әсіресе репродуктивті жүйелерінің). Жіті және созылмалы аурулардың ошақтарын жою, олардың асқынуларын болдырмау үшін барлық жүкті аналар міндетті түрде диспансеризациядан өтуі, экстрагенитальды ауытқушылықтары бар әйелдер ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Алайда, іріңді-қабыну аурушаңдықтары қазіргі замандағы акушерлік және педиатрия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қалуда.
Босанғаннан кейінгі іріңді – қабыну аурушаңдықтары - әйелдерде босанғаннан кейін болатын аурулар, тікелей жүктілікке, босануға байланысты, яғни, жұқпа, көбінесе бактериалды жұқпадан пайда болады.