Жүктіліктің бірінші жартысындағы гестозды емдеуде имбирдың эффективтілігін анықтау
Жүктілікпен шақырылған құсу əйел организімінде диспепсиялық жəне барлық заталмасу түрлерінің бұзылыстарына əкелетін əдетте жүктіліктің I жартысында көрініс беретін жүктіліктің асқынуы. Жеңіл дəрежесінде-тəулігіне 4-5рет құсу,жүрек айну,апатия,еңбекке қабіле ттілігінің төмендеуі байқалады; Орташа дəрежесінде –тəулігіне 10ретке дейін құсу,көп мөлшерде сілекей бөлінуі,апатия,іш қату,əлсіздік Ауыр дəрежесі-тəулігіне 20жəне одан да көп құсу,апатия,айқын тахикардия,терінің құрғақтығы,сілекейдің шамадан тыс бөлінуі,артериальды гипотензич болады. Патогенезіне тоқталсақ,жүкті əйел организімінде барлық заталмасу түрлерінің нейроэндокринді реттелуінің бұзылысымен,ашығу жəне сусызданумен көрініс береді.Нəруыз,май көмірсу алмасуының жəне су-тұз алмасуының бұзылысы салмақ жоғалту мен азуына əкеледі.Ашығу əсерінен алдымен бауырдағы гликоген қоры таусылып анаболиз процессі ,яғни нəруыз бен май алмасуының жоғарылауы болады.Нəтежиесінде ,ферменттер мөлшерінің азаюы болып,анаэробты гликлолиз бен аминқышқылдарының анаэробты ыдырауыны соқтырады.Мұндай жолмен пайда болған қорзаттарды тіндердің игеруі мүмкін емес.Нəтедиесінде тотықпаған метоболиттер көбейіп –ацетон зəр арқылы бөлінеді.