ppt
Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. 2.Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру; - Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу. Сабақтың түрі: пікірталас,сұхбат,ой қозғау,талдау,зерттеу.. Сабақтың көрнекілігі:«Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары; «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;шарлар, гүлдер, интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекеттік рәміздерді көрсету. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.