Слайд 2Қоғамдық денсаулық сақтау пәніне кіріспе
Қоғамдық денсаулық пәнін зерттеу әдістері
Слайд 3Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі.Өкінішке орай, көп
адамдар қарапайым, ғылым дәлелдеген салауатты өмір салтының ережелерін сақтамайды. Біреулер ерте қартайуға әкелетін аз қимылдау өмір сүрудың құрбаны, басқалар көп жағдайларда семіруге әкелетін, шамадан тыс тамақ жеудің құрбаны, үшіншілер демалуды, көңілін өндірістік тұрмыстық шаруаларынан қалай аудару екенін білмей, өмір бақи тынышсыз, жүйкесі қозған, ұйқының бұзылуынан азап шегіп, нәтижесінде бұның барлығы көптеген ауруларға әкеліп соғады. Кейбір адамдар, шылым тарту және алкогольді ішімдіктер сияқты жаман әдеттерге беріліп, өмірлерін едәуір қысқартады.Жас адамның екінің бірі созылмалы аурулармен ауырады.
Слайд 5Шынымен де, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру біздің қоғамның ең өзекті мәселелерінің
біріне айналды. Ғалымдар мен дәрігерлер дабыл қағады.
Слайд 6Семіру – ең өзекті мәселелердің бірі
Слайд 8Денсаулық - бұл дене шынықтыру және спорт ғана емес, бұл дұрыс әрі
теңдестірілген тамақтану. Денсаулық экономикалық және саяси мүдделерінен жоғары есептеледі. Әрине, ұлттың денсаулық мәселесі барлығын толғандырады.
Слайд 9“Fast food” қоғам денсаулығына әсері...
Слайд 10Қоғам тіреуі – нәрестелер, біздің келешегіміз.
Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан.
Слайд 11Халықтың физикалық және рухани имандылық саулығы елдің зияткерлік әлеуетін, экономикалық мүмкіндігін және
қорғаныс қабілетін белгілейді.
Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады, сондықтан дені сау, тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін белгілейді.Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу, денсаулығын қорғау және медициналық көмекке құқығы. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу құқығы, денсаулығын қорғау және медициналық көмек көрсету болып табылады. Мемлекет адамның физикалық және рухани-имандылық денсаулығын, оның экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық ырыс-берекесін, дене шынықтыру және спортты дамытуын, лайықты өмір салтын қалыптастыру қамтамасыз етуі тиіс.
Слайд 12Ұлттың денсаулығы қолайлы медициналық қызметтердің, дене шынықтыру мен әуесқойлық спорттың кең таралуының, салауатты
өмір салты және дұрыс тамақтанудың, зиянды әдеттерді жою, экологиялық таза және күтілген орталығын жасау, елдің әр түкпірінде қауіпсіз және жасампаз өмір сүру мүмкіндігінің көмегімен қалыптасады және қолдау алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру, дене шынықтыру – спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру және қорғау, салауатты өмір салтын жұртқа таныту және тарату, жас өспірімді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.
Слайд 13 Дәрумендер – денсаулығымыздың дәнекері.
Слайд 15Қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың негізгі әдістері:
Аналитикалық әдіс
Салыстырмалы әдіс
Экономикалық әдіс
Тепе-теңдік әдісі
Нормативтік әдіс
Слайд 16Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістері:
Тарихи
Статистикалық (санитарно-статистикалық)
Эксперимент әдістері және модельдеу
Эксперт бағалауларының экономикалық Социалдық тексеру
Анализдеу
Эпидемиялық
Медико-географиялық