Атопиялық дерматит

Содержание

Слайд 2

Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Атопиялық дерматит
Кезеңдері
Балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит
Емі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар I.Кіріспе II.Негізгі бөлім Атопиялық дерматит Кезеңдері Балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит Емі III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3

Атопиялық дерматит (АД) — бұл созылмалы аралықта тұқым қуалаушылыққа бейімделген, бөртпе шығумен және

Атопиялық дерматит (АД) — бұл созылмалы аралықта тұқым қуалаушылыққа бейімделген, бөртпе шығумен
терінің қышынуымен айқындалатын, терінің иммундық (қорғаныш) қызметінің төмендеуімен сипатталатын ауру түрі.

Атопиялық дерматит

Слайд 4

Атопиялық дерматит-Атопия, әртүрлі мәліметтер бойынша тұрғындардың 3-15% тіркелген. АтД таралуы балалар арасында

Атопиялық дерматит-Атопия, әртүрлі мәліметтер бойынша тұрғындардың 3-15% тіркелген. АтД таралуы балалар арасында
5-20%, үлкендер арасында — 2-10%, АтД ауруының ең үлкен көрсеткіштері урбанизацияланған (үлкен және өнеркәсіп қалаларында) өңірлерде анықталуда. Асқазан-ішек жолдары органдарының патологиясы, әсіресе атопиялық дерматитке шалдыққан 80-90% балаларда ішек дисбиозы анықталуда. Мамандар терідегі дисбиоздың айқындалу мен АтД клиникалық ауыртпалықтарының көріну дәрежелері арасында өзара байланыс бар екендігін анықтады.
Атопиялық дерматиттің негізгі белгілері: қышу және терінің құрғауы, бөртуі. Бұл айқандалған белгілердің дәрежесін анықтау үшін — тесттен өту керек: бөртпе шығуы — қышыну .

Атопиялық дерматит (АтД)

Слайд 5

Кезеңдері

· 1-кезеңде бетте, бөкседе, қол және аяқта бөртпе ошағы анықталады. Терідегі аурудың түрі

Кезеңдері · 1-кезеңде бетте, бөкседе, қол және аяқта бөртпе ошағы анықталады. Терідегі
толығымен күшті және азапты бөртпемен еріп жүреді;
· 2-кезеңде терінің зақымданған ошағы бірте-бірте құрғақтанып, түлейді, қышуы азаяды;
· егер жазылмаса, онда ауру
 3-кезеңге— ұлғаю кезеңіне ауысады. Бұл кезеңде қолдың және аяқтың бүгілетін жерінде, мойын және төс терісінде өзінің симметриялығымен лихенделу (терінің қатқылдануы) ошағы пайда болады.

Слайд 6

Балалар арасында атопиялық дерматит

Балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит бұл – диатез,

Балалар арасында атопиялық дерматит Балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит бұл – диатез,
балалар есекжемі, созылмалы аллергиялық, яғни ауық-ауық қайталанып тұратын ауру. Асқынған кезінде жазылмай, тұрақтап қалуы да мүмкін. Тұқым қуалайды. Әке-шешесінде осы кесел болса, балаларының бұл ауруға шалдығу қаупі 80 пайыз шамасында.

БЕЛГІСІ. Тері құрғап қабынуға ұшырайды, қышиды. Қол мен аяқтың буын тұстарының, беттің, бастың, мойынның терісі кеуіп, дуылдап қышиды. Сәбилерде атопиялық дерматит әдетте беттен, шынтақтан, әйтпесе тізеден байқалады. Дененің басқа тұстарынан да сезілуі мүмкін. Жасөспірімдер мен ересектерде бөрткен көбіне тізе мен шынтаққа, мойынның екі қапталына, мойынға, қолтыққа, алақанға, бетке шығады.

Слайд 7

ҚОЗДЫРҒЫШЫ.

Бөбектер бұл ауруға әртүрлі аллергендердің, немесе аллергендер туғызатын заттардың салдарынан шалдығады.

ҚОЗДЫРҒЫШЫ. Бөбектер бұл ауруға әртүрлі аллергендердің, немесе аллергендер туғызатын заттардың салдарынан шалдығады.
Үш жасқа дейінгі сәбилерде азық-түлік аллергендері негізгі рөлді атқарады. Жалпы атопиялық дерматиттің туындауына кез келген тағам себепші болуы мүмкін. Аурудың жиілігі ас-судың сипатына, баланың денсаулық ерекшелігіне байланысты. Бір жасқа дейінгі нәресте үшін атопиялық дерматиттің бастапқы аллергені сиыр сүті болып табылады. Баланы біресе емшек сүтімен, біресе қолдан аралас қоректендіру де себепші болады.
Атопиялық дерматит шикілей пайдаланған балдыркөк, желкөк, пияз, ашыған қырыққабат, мал және тауық етінің сорпасынан да еселене түсуде.

Слайд 8

1. “Үй стационарын” (сырқат балаға жайлы жағдайды қамтамасыз етіп, мейірбикелік көмек көрсетуді)

1. “Үй стационарын” (сырқат балаға жайлы жағдайды қамтамасыз етіп, мейірбикелік көмек көрсетуді)
ұйымдастыру. 2. Бала мен оның ата-анасына аурудың даму себептері, емдеу қажеттілігі, алдын алу (профилактика) бойынша сұхбат жүргізу. 3. Мейірбикелік ұсыныстарды беру: - тыныштандыру; - тағам аллергенін (тағамдар күнделігін жүргізу) анықтау; - дәрігер тағайындаған дәрілерді қолдануды үйрету; - бөлмені жиі ылғалды жинау; - баланы мезгілі бойынша киіндіру, қымтамау; - баланы күнделікті шомылдыру (ауру асқынған кезде ғана емес); - теріге күтім жасау ерекшеліктері бойынша кеңес беру; - баланың тырнақтарын қысқартып, алып тастау; - балаға мақтадан жасалған шұлық және қолғап кигізу; - белсенді патронаж жасау, ауру динамикасын қадағалау,  - баланың жағдайы нашарлағанда дәрігерге хабарлау немесе үйге шақыру.

Балаға көрсетілетін мейірбикелік күтім: 

Слайд 9

АтД болғанда «элиминациондық емдәм» тағайындалады, онда аллерген болып табылатын тағамды рационнан алып

АтД болғанда «элиминациондық емдәм» тағайындалады, онда аллерген болып табылатын тағамды рационнан алып
тастайды. Мұны жасауға Сізге Сіздің дәрігеріңіз және тамақтану күнделігіңіз көмектеседі. АтД науқастанған адамның тағамына төмендегіні енгізеді:
· өсімдік немесе зәйтүн майы араласқан сүтсіз көкөністерден әзірленген ботқалар (қарақұмықтан, күріштен, сұлы жармасының, тарының, жүгерінің, ұнтақ тан басқалары);
· көкөністер (қырық қабат, картоп, кәді, самсар, шалқан);
· ет (сиыр, күркетауық, қоян, тұздалмаған доңыз);
· жеміс-жидектер (ашық түсті емес қышқыл-тәтті алмалар, қара өрік, алмұрт).
Жергілікті қабылданатын дәрілер
Дәрігер тағайындайтын сыртқа қолдануға арналған әртүрлі жақпа майлар, майлар, емдік дымқылдатулар мен сықпалар: топикалық глюкокортикостероидтар (ТГКС), кальциневрин топикалық баяулатқыштар (КТИ), бактерияға қарсы жабдықтар (АБ).

Емі.

Слайд 10

Жүйелі дәрі-дәрмектік жабдықтар
АД жүйелі емдеу асқынған жағдайда және анықталған белгілер бойынша -

Жүйелі дәрі-дәрмектік жабдықтар АД жүйелі емдеу асқынған жағдайда және анықталған белгілер бойынша
гистаминге қарсы жабдықтарды, жүйелі түрде глюкокортикоидтар, цитостатиктермен бактерияға қарсы ем қабылдауды көздейді.
АД көптеп таралған асқынулары бактериямен, вирустармен немесе зеңдермен қоздырылған терінің микробтық инфекциясы болып табылады. Патогендік микроағзалар арасында Staphylococcus aureus (алтын түстес стафилококк) бастапқы рөл атқарады (90%-дан көп жағдайда).

Слайд 11

1.Толығырақ: http://alashainasy.kz/saylyk/atopiyalyik-dermatitten-kalay-ayyiguga-boladyi-64337/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
2.  З.Б.Есенгараева.,

1.Толығырақ: http://alashainasy.kz/saylyk/atopiyalyik-dermatitten-kalay-ayyiguga-boladyi-64337/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат
Н.М. Малдыбаева., З.Б. Кешилева. «Тері және венерология аурулары» Оқулық.2003 ж.
3.  Мәсімқанова Т.М. Жұқпалы аурулар. Оқу құралы.Алматы 2009 жыл

Пайдаланылған әдебиеттер:

Имя файла: Атопиялық-дерматит.pptx
Количество просмотров: 57
Количество скачиваний: 1