Дәріс неврологияға кіріспе. Пән және клиникалық неврология тарихы. Неврологиядағы дәлелдену медицинасы

Содержание

Слайд 2

Нерв жүйесінің қабыну ауруларын бактериялар мен вирустар туғыза алады. Олар бірінішілік және

Нерв жүйесінің қабыну ауруларын бактериялар мен вирустар туғыза алады. Олар бірінішілік және
екіншілік болады.
Біріншілік аурулар нейроинфекцияның нерв жүйесін бірден зақымдау жағдайында туады, ал екіншілік организмдегі басқа қабыну ошағынан кейін нерв жүйесінің қабыну себебінен туады. Нерв жүйесінің қабыну кезінде гематоэнцефалиттік және гематонервтік барьер маңызды қызмет атқарады.
Егер қабыну ми қабықтарында орналасса менингит ауруы туады.
Ми затында орналасса энцефалит деп аталады.
Жұлын қабыну миелит, мидың торлы қабығының қабыну арахноидит деп аталады.

Слайд 3

Менингит-ми қабықтары мен жұлын қабықтарының қабынуы. Бұнда жұмсақ және торлы қабықтар қабынады.

Менингит-ми қабықтары мен жұлын қабықтарының қабынуы. Бұнда жұмсақ және торлы қабықтар қабынады.

Менингиттердің жедел, созылмалы ағымдары байқалады. Ликвордың өзгерістеріне сай іріңдік және сероздық деп бөлінеді

Слайд 4

Іріңдік менингитке менингококкты менингит жатады.
Сероздық менингиттерден туберкулездік және вирусты менингиттер кездеседі. Менингиттердің

Іріңдік менингитке менингококкты менингит жатады. Сероздық менингиттерден туберкулездік және вирусты менингиттер кездеседі.
клиникасына жалпы инфекциялық және менингеальдық синдром тән.
Жалпы инфекциялық синдром дене қызуының көтерілуімен, әлсіздікпен және қанның құрамындағы лейкацитоз және СОЭ-нің көтерілуімен байқалады.

Слайд 5

Менингеальды синдром ми қабықтарының тітіркенуінен дамиды. Клиникасында бас ауру, қысу, жарық, шу

Менингеальды синдром ми қабықтарының тітіркенуінен дамиды. Клиникасында бас ауру, қысу, жарық, шу
тітіркендіру, желке еттерінің жиырылуы, Керниг симптомы, Брудзинский, Лессаж симптомдары байқалады.
Менингиттің диагнозы ми сұйықтығын тексергеннен кейін анықталады. Ол үшін бактериологиялық және вирусологиялық тексеру тәсілдері қолданылады. Ликворда клеткалар көбейеді, негізінен нейтрофильдер байқалады, қысымы жоғарлайды, белок көтеріледі. Бактериологиялық тексеру тәсілдерінде менингококк немесе кокктар анықталынады.
Сероздық менингиттерде қысымы артады, белок көбейеді, клеткалар саны бірнеше жүздеп саналынады. Негізінен лимфоциттер.

Слайд 6

Емі. Антибиотиктерді этиотроптық ем ретінде қолданады және ол кезде қоздырғыштың препаратқа сезімталдығымен

Емі. Антибиотиктерді этиотроптық ем ретінде қолданады және ол кезде қоздырғыштың препаратқа сезімталдығымен
науқастарға әсерін есепке алады. Антибиотиктерді ликвор толық қалпына келгенге дейін қолданылады.
Интоксикацияны азайту мақсатымен гемодез, реоглюман, реополиглюкин қолданылады. Ми ісінуге қарсы лазикс, маннитол, глицерол, буфенокс қолданылады.
Психомоторлық қозу мен эпилепсиялық ұстамаларға қарсы седуксен, клоназепам, оксибутират натрий тағайындалады. Қанның электролиттік құрамын және қышқылдығын қадағалау қажет.
Ми зат алмасуының жақсарту үшін пирацетам және басқал ноотроптар, витаминдердің В тобы қолданылады

Слайд 7

Сонымен қатар жүрек қызметінің жетіспеушілігін, дене қызуын, аллергиялық үрдістеріне қарсы ем қолданылуы.

Сонымен қатар жүрек қызметінің жетіспеушілігін, дене қызуын, аллергиялық үрдістеріне қарсы ем қолданылуы.

Науқастарға көп мөлшерде сұйықтық ішу, оттегімен дем алу, ауыр жағдайларда аппаратпен тыныс алу және басқа реанимациялық шаралар қолданылады.
Инфекциялық ошақты мұқият дезинфекциялау қажет, бациллотасымалдаушылар анықталынып оларды қарым-қатынастан бөлектеу қажет.
Науқастармен қарым-қатынаста болған балаларды тексеріп отыру керек, ата-аналарымен санитарлық алдын алу шараларын жүргізу керек.

Слайд 8

Күтім. Менингит кезінде күтімге үлкен мән беру керек. Бұндай науқастардың палаталары шулы

Күтім. Менингит кезінде күтімге үлкен мән беру керек. Бұндай науқастардың палаталары шулы
бөлмелерден алшақ орналасуы керек.
Медбике бұл аурулардың әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық бар екенін ұмытпауы керек. Сондықтан палаталарда тыныштық және бөлме өте жарық болмау керек.
Ас жеңіл және сұйық болуы керек. Ішек және несеп функцияларын қадағалау қажет.
Тері жабындыларын және шырыштарын өңдеп, ауызын калий перманганат әлсіз ерітіндісімен шайып отыру қажет.

Слайд 9

Энцефалиттер- мидың қабынуы. Сұр заттың зақымдануын-полиоэнцефалит, ақ заттың зақымдануын-лейкоэнцефалит деп атайды.
Энцефалит

Энцефалиттер- мидың қабынуы. Сұр заттың зақымдануын-полиоэнцефалит, ақ заттың зақымдануын-лейкоэнцефалит деп атайды. Энцефалит
шектелген (бағаналы, қыртыс асты) немесе диффузды; біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Ауру қоздырғыштары вирустар және бактериялар. Жиі қоздырғыш анықталмайды.
Этиологиясы бойынша вирусты, микробты, токсикалық, инфекционды-аллергиялық, аллергиялық, травмалық энцефалиттерді ажыратады.
Ағымы бойынша жіті, жеделденген, созылмалы болып бөлінеді.

Слайд 10

Кене энцефалиті (көктемгі-жазғы), мидың және қабықтың жіті іріңді емес диффузды қабынуды шақыратын

Кене энцефалиті (көктемгі-жазғы), мидың және қабықтың жіті іріңді емес диффузды қабынуды шақыратын
біріншілік вирус. Жиі жұлынның мойын-кеуде бөлігінің алдыңғы мүйізі және бас ми бағанасының қозғалғыш ядролары зақымданады.
Қоздырғышы көктем-жазғы кезеңдегі бақшалық кене шаққанда берілетін нейтротропты вирус. Жұқтырылған ешкіден алынған сүттен де берілуі мүмкін.
Эпидемиялық ошақтары Сібірде, Оралда, Алыс Шығыста табылған. Кене энцефалитінің сібір варианты Белоруссияда, Прибалтикада, Ленинград облысында, Украинада бар

Слайд 11

Кене шаққаннан кейін инкубациялық кезең 7-21 күнге созылады.
Мазасыздық байқалады, бұлшық еттегі ауырсыну

Кене шаққаннан кейін инкубациялық кезең 7-21 күнге созылады. Мазасыздық байқалады, бұлшық еттегі
байқалады. Аурудың жедел кезеңі бастың қатты ауруымен, құсумен, қалтыраумен, жоғары температура (39-40С)-мен басталады.
Бұл кезде менингиальды симптомдар, сананың бұзылысы, мойын, қол, иық бұлшық еттерінің әлсіз параличтері дамиды. Бастың кеудеге салбырауы, иығының төмен түсуі, бұлшық еттердің атрофиясы, қолдары дене бойында салбырауы тән.
Кейде спастикалық гемипарездер, эпилептиформды ұстамалар пайда болады. Кене энцефалиттің прогредиентті бұлшық еттердің еріксіз тартылуы, бұлар жалпы ұстамға жалғасуы мүмкін. Ликворда мөлшерді плеоцитоз және гипераль 25%-де өлім болады

Слайд 12

Емі. Міндетті түрде госпитализация, қатаң төсектік режим, 3-5 күн ішінде күнделікті немесе

Емі. Міндетті түрде госпитализация, қатаң төсектік режим, 3-5 күн ішінде күнделікті немесе
күнара 5-6 мл арнайы гамма-глобулинді бұлшық етке енгізу.
Сонымен қатар кенелік энцефолитпен ауырған адамдардың сары суын, гипериммунды жылқының сары суын, интерферон, дегидратациялық заттарды (лазикс, фуросемид, маннит) және симптоматикалық препараттарды (ыстық түсіргіштер, қалтырауға қарсы), ауыр жағдайда-кортикостероидтар енгізеді.
Өршу кезеңінде биостимуляторлар, дәрумендер (витаминдар), массаж, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), физиопроцедуралар, батпақты емдеу, электростимуляция қолданады.
Ауырғандардың жартысында салдану және кожевник эпилепсиясы түрінде қалдық көріністері байқалады.

Слайд 13

Алдын-алу.Аурудың алдын алу үшін кенелерді жою керек, арнайы жабық киім кию, дененің

Алдын-алу.Аурудың алдын алу үшін кенелерді жою керек, арнайы жабық киім кию, дененің
ашық жерлерін иісі қатты шығтын, кенелерден сақтандыратын заттар жағу.
Имя файла: Дәріс-неврологияға-кіріспе.-Пән-және-клиникалық-неврология-тарихы.-Неврологиядағы-дәлелдену-медицинасы.pptx
Количество просмотров: 68
Количество скачиваний: 0