Слайд 2ЖОСПАРЫ:
Ет тканінің ісіктерінің түрлері: лейомиомалар мен рабдомиомалар
Ісіктердің этиологиясы
Ісіктердің макроскопиялық және микроскопиялық көріністері
Емі
және алдын алу жолдары
Слайд 3БҰЛШЫҚЕТ ТКАНІНІҢ ІСІКТЕРІ
РАБДОМИОМАЛАР
ЛЕЙОМИОМАЛАР
Слайд 4 РАБДОМИОМА -
көлденең жолақты ет тканінен (әдетте, эмбриондық талшықтар мен
ет тканіне ұқсас миобластылардан) өсіп шығатын қатерсіз ісік. Ол көбінесе жүректе (жаңа туылған нәрестелерде), сонымен қатар тілде және мұрын қуысында кездеседі. Ол қатерсіз болғанымен, хирургиялық операциялардан кейін қатерлі ісік түрінде рецидив беру қаупі өте жоғары болып саналады. Сондықтан, операциядан кейін міндетті түрде гистологиялық анализ жүргізіледі.
Слайд 5РАБДОМИОМА ТИПТЕРІ:
ФЕТАЛЬДІ-КЛЕТКАЛЫ ТИП;
ФЕТАЛЬДІ-МИКСОИДЫ ТИП;
ЖЕТІЛГЕН ЖАСУШАЛЫҚ ТИП;
ГЕНИТАЛЬДІ ТИП.
Слайд 6РАБДОМИОМАНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ:
Рабдомиоманы түзетін клеткалар әдетте, эмбриональды даму кезінде атипизмге ұшыраған ет
клеткалары болып табылады. Себептері:
көмірсу метаболизмінің бұзылыстары;
гормондық қызметтердің бұзылуы (әсіресе жыныс гормондары);
ауыр металлдармен улану және т.б.
Слайд 7Макроскопиялық көрінісі:
Түйін немесе инфильтрат түрінде болады, диаметрі 10-15 см, тығыз, эластикалы консистенциялы,
қозғалысты және сыртында анық көрінетін капсуласы бар. Субэндокардты рабдомиоманың диаметрі 1-2 см.
Слайд 11 Лейомиома –
қатерсіз, кез-келген біріңғай салалы бұлшықеттерден өсіп шығады. Яғни, олар
көбінесе төмендегідей мүшелерде өседі:
жатыр;
асқазан;
тік ішек;
қан тамырларының қабырғалары;
тіл;
қуық.
Слайд 12ЛЕЙОМИОМАНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ:
Қазіргі кезде бұл ісіктің шығу себебі бірыңғай салалы ет клеткаларын
мутацияға ұшырататын генге байланысты деп тұжырымдалады. Одан басқа себептер:
қалқанша безінің аурулары;
қант диабеті;
офтальмологиялық аурулар;
СПИД және басқа да иммунды жетіспеушілік аурулар;
семіздік;
гипофиздің жұмысының бұзылуы және т.б.
Слайд 13Макроскопиялық көрінісі:
Ол униполярлы немесе мультиполярлы орналасады. Диаметрі әр түрлі (20 мм
- >60 мм) болып келеді. Сырты әйнек тәрізді жылтыр және гиалинді шеміршек тәрізді сырғанақ болып тұрады. Ол бұлшықетті мүшелердің әр түрлі қабатында өсе алады және басқа қабаттарын қамтиды.
Слайд 16ЕМІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУЫ
Қазіргі кезде ет тканінің ісіктерін хирургиялық жолмен алып
тастайды. Бірақ, оның рецидив беру қаупі өте жоғары. Сонымен қатар әр түрлі химиотерапиялар жүргізіледі. Тез көбейетін клеткаларға қарсы антибиотиктер қолданылады. Жатыр миомалары кезінде гормондық препараттар қолданылады. Қолдан келетін алдын алу шараларына:
уақытында скринингтен өту;
стресстік жағдайдан құтылу;
ісіктердің өсуіне мүмкіншілік жасайтын тағам өнімдерін қолданбау және т.б. жатады.