Слайд 6ЖИА бар науқастарда еңбекке қабілеттілікті бағалау үшін еңбек шарты сипаты маңызды болып
табылады.
Еңбек шарты адам қызмет ететін өндірістік ортадағы факторлар жиынтығы. Өндірістік үрдістерді анықтау кезінде науқастың жұмысындағы зиянды факторлардың ЖИА қатысы бар жоғы анықталады. Зиянды өндірістік факторлар жұмысқа қабілеттілікті уақытша немесе тұрақты төмендетеді, соматикалық және инфекциялық аурулар жиілігін жоғарылатады, кәсіби ауруларды тудырады. Зиянды факторлар болып физикалық (температура, ылғалдылық, электромагнитті орта,иондаушы сәуле, шу, вибрация, микроклимат), химиялық, биологиялық, психо эмоционалды болуы мүмкін. Негізгі маңызға жүрек қан тамыр жүйесі аурулары ие, себебі ол еңбек үрдісінің ауырлығы мен физикалық жүктемеге тікелей баййланысты.
Еңбек ауырлығы физикалық динамикалық жүкетемен, көтерген немесе тасыған жүктердің салмағымен, стереотипті қимылдардың жалпы санына, статикалық жүктеме көлеміне, жұмыс істеу позасына байланысты. Еңбек жүктемесі ОЖЖ, сезім мүшесіне, эмоционалды сфераға (интелектуалды, сенсорлы, эмоционалды жүктеме, жұмыс режимі монотондылығына) әсер етуіне байланысты.