Слайд 2 Лапароскопия құрсақ қуысын тексеруге бағытталған қазіргі таңда кеңінен таралған заманауи диагностикалық
емдеу шараларының бірі болып саналады. Лапароскопия — бұл зерттеудің операциялық әдісі және құрсақ қуысының ішкі мүшелерін және оның мүмкін болатын өзгерістерін дәрігер көзбен тексеретін әдіс.
Слайд 3Тарихы:
1983 жылы К. Семм жедел қабыну белгілері жоқ аппендицитті тек лапароскопиялық
техниканы қолдана отырып жасады. Бұл операцияны жасай отырып, ол өсіндінің тұқылын кисетті тігіспен енгізе алды.
Слайд 4Тақырыптың өзектілігі:
Жедел аппендицит ауруымен сырқаттанушылық көп болғандықтан оның диагностикасы мен
емі өзекті мәселе қатарында (тұрғандардың 4–6%-да осы ақау кездеседі). Хирургиялық стационарға жатқызылған барлық пациенттердің 20-50% жедел аппендицитпен түскен науқастар құрайды. Бір қатар авторлардың пікірінше диагностикалық қателіктер 12-31% жағдайда кездеседі, ал, жеткіншектер мен егде жастағы адамдарда қателіктер жиі болып тұрады. Операциядан кейінгі асқынулар жиілігі 0,25%-дан 32,6% дейінгі жоғарғы көрсеткіштерді ұстап тұр
Слайд 5 Лапароскопиялық аппендэктомияның артықшылықтары:
Жарақаттың аз болуы
Отадан кейінгі кезеңнің тез өтуі және асқынбауы
Жара
аумағының тез жазылуы
Жергілікті ауырсынудың азаюы
Жараның тез бітуі т.б.
Слайд 6 Негізгі көрсеткіштері W.P Geis (1992) бойынша:
Жіті аппендицит;
Өсіндіде жедел қабынудың болмауы;
Гинекологиялық ауруларының
болмауы;
Крон ауруы;
Өміріне маңызды органдарының ауруларынвң болмауы:
Слайд 7Операциялық үстелде науқастың орналасуы:
Слайд 10Лапароскопияның тиімділігін анықтау үшін, біз 2016-2018 жылдар аралығында ОКА-ға жедел аппендицит диагнозымен
емделген науқастарды екі топқа бөліп, науқастардың ем нәтижесін салыстырдық. Негізгі топқа эндовидеохирургиялық жолмен емделгендер кірсе, бақылау тобына дәстүрлі әдісті пайдаланған науқастар құрады.
Жасалынған ота түрлерінің сандық көрсеткіштері.
Негізгі топты 120 пациент құрады. Қорытынды клиникалық диагноздарының мәліметтері бойынша флегмонозды аппендицит 80 науқаста гангренозды перфоративті аппендицит 38 науқаста кездесті. Және де бір науқаста жәй аппендицит болды, яғни 0,46%.
Слайд 11Бақылау тобында 1249 пациент зерттелді. Бұл топта флегмонозды аппендицит 850 болса, гангренозды
перфоративті аппендицит 399 науқаста анықталды. Көңіл аударар жағдай патоморфологиялық тексерудің қорытындысында 184 науқаста жедел жәй аппендицит кездессе, 239 науқаста екіншілік өзгерген құрт тәрізді өсінді анықталды. Мұндай қорытынды негізгі топта бір ғана жағдайда кездескен.
Слайд 12Патоморфологиялық зерттеудің нәтижесі:
2016 жыл: лапароскопиялық – 21 науқаста, дәстүрлі – 479 науқаста;
2017 жыл: лапароскопиялық – 60, дәстүрлі – 428;
2018 жыл: 9 айлық көрсеткіш : лапароскопиялық – 39, дәстүрлі – 342.
Слайд 13Натиже және талқылау:
Негізгі топта құрт тәрізді өсіндінің деструктивті өзгеруіне байланысты
және орналасу қалпы атипиялық болғандықтан техникалық қиыншылықтар болу себебінен конверсия саны 18-ге жуық. Релапароскопия 2 жағдайда кездесті. Бақылау тобында 1 жағдайда релапаротомия болған. Негізгі топта лапароскопиялық әдістен кейінгі операциядан кейінгі асқыну 2 (0,46%) жағдайда кездесті, олар құрт тәрізді өсіндінің шажырқайынан қан кету және құрт тәрізді өсінді құлтығының босап кетуі.
Слайд 14Бақылау тобында дәстүрлі әдістен кейінгі асқынулар 127(4,2%) науқаста кездесті, олар операциядан кейінгі
жараның іріңдеуі және жарадағы инфильтраттың болуы. Негізгі топта азайғаны байқалады.
Операциядан кейінгі асқынулар: Дәстүрлі – 5,30 %. Лапароскопиялық – 0,92 %.
Екі топтағы науқастардың стационарда өткізген төсек бейіні мерзімі салыстырмалы есептелініп, орташа алғандағы төсек бейіні мезгілінің саны шығарылды: Дәстүрлі – 7,3. Лапароскопиялық – 4,92. 2 күн стационардан ерте шығарылуымен ерекшеленеді.