Қарттарда когнитивтік бұзылыстарды ерте скрининг-диагностикалау технологияларын жасау және енгізу
Бірқатар аурулардың, оның ішінде нейродегенеративтік аурулардың қауіп факторы болып қарт жас табылады, ал 80 жастан асқандар үшін бұл негізгі қауіп факторы болып саналады. Болжамдар бойынша, нейродегенеративтік аурулар 2040 жылға қарай өлімнің басты себебі ретінде ісіктен де басым болады, деп күтілуде [Walter U., 2013]. Осыған байланысты, қарттарда когнитивтік бұзылыстардың ерте скрининг-диагностикасын жасау өзекті болып табылады. ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ Қазақстанда 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 11%-дан асып, біздің де мемлекет әлемдегі "қартаюшы" мемлекеттер қатарына енді [UN: World Population Ageing 2013; Демографическое развитие Казахстана: состояние и перспективы, 2015]. Болжамдар бойынша, 2030 жылда әлемдегі әрбір алтыншы адам 60 жастан асқан адам болады, 2050 жылда Қазақстанда ол 25% үлесті құрайтын болады [Bloom, D.E., E. Jimenez and L. Rosenberg, 2014; 2015 ж. статистика мәліметтері]. UN: World Population Ageing 2013 алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК - ПСМП) деңгейінде қарттарда когнитивтік бұзылыстардың ерте скрининг-диагностикасы технологияларын ғылыми негіздеу, жасау және енгізу. ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ