Ас қорыту - фармакология
Ас қорыту жүйесі: ас қорыту мүшелері менас қорыту бездерінен тұрады. Ас қорыту мүшелері түтік тәрізді ас қорыту жолын құрайды. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8-10 м. Ол: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашішек және тоқішек, тікішек болып бөлінеді. Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттің жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік береді. Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация процесі нәтижесінде бөлінеді. Жұтқыншақ- ұзындығы, шамамен, 11-13см бұлшық етті мүше; Онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып, өңешке жалғасады. Өңеш- ұзындығы, шамамен, 25 см бұлшық етті түтік. Ішкі беті шырыш бөліп шығаратын жалпақ эпителий жасушаларымен астарланған. Асқазан- ас қорыту жолының кеңейген көлемді мүшесі. Асқазанның сыйымдылығы-2-3 л. Ашішек- ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Ұзындығы: 5-6 м. Тоқішек ұзындығы 1,5-2м. Оның қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлщерде сөл шығарады. Ұйқы безі- ас қорытуда сөлімен маңызды рөл атқарады, ұзындығы 10-12 см. Бауыр-күрделі түтікшелі без. Бауырдың негізгі қызметі-өт бөліп шығару. Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды. Ас қорыту жүйесі