Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар. Денсаулық және медицина
Дәріс мақсаты: жаңғыру және урбанизация, миграция және жаһандық урбанизация, денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағытың карастыру, қоғамдық денсаулық түсінігінің, денсаулық сақтау мәселелерін қарастыру, себептеріне, түрлеріне түсініктеме беру және талдау. Дәріс жоспары: Жаңғыру және урбанизация Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты «Демография» тек «халықты санап» қоймайды, ол одан әлдеқайда кең мағынаны білдіреді. Оның қарастыратындары: табиғи өсім, жалпы адам санының артуы; табиғи азаю, өлім фактілері арқылы адамдар санының азаюы; миграциялық процестер - эммиграция, иммиграция, ішкі миграциялық қозғалыстар, көші-қон себеп-салдарлары; халықты орналастыру (расселение), оның географиялық, әлеуметтік және экономикалық, саяси себеп-салдарлары; маргиналдық әлеуметтік топтар, олардың пайда болуы мен проблемалары; отбасындағы демографиялық қозғалыстар, оны жоспарлау т.б. Осыдан-ақ демография әлеуметтанудың аса бір маңызды саласы екенін көруге болады. Әлем халқы тез өсуде, егер оның жалпы саны 1850 жылы - бір, 1930 жылы екі миллиард болса, қазір 7 851 163 856 адам. 1. Жаңғыру және урбанизация