Улану түрлері
Улы заттардың жіктелуі.
 
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді: 1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).  2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар.. Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар, сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады.   Экзогендік улы заттар Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:  минерал тектес,  өсімдік тектес,  органикалық,  бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар. Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жатқызамыз.  Органикалық уытты заттарға : пестицидтер, органикалық қышқылдар т.б. жатады.  Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады.  Жануар тектес уытты заттарға : жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің токсиндері жатады