Слайд 2Есеналиева Меңзия Ахотқызы 1958 жылы 25 қазанда Аңқаты ауылында дүниеге келген.1980 жылы
Тілекбай деген азаматқа тұрмысқа шығып, 6 құрсақ көтеріп, 4 ұл мен 2 қызды тәрбиелеп өсірді.
2010 жылы «Күміс алқа » иегері атанды. Қазірде 1 немере, 2 жиен өсіріп, мейірімін төгіп отыр. Меңзия апа шаңырағында бақытты ғұмыр кешуде
Слайд 3Закарина Тойған 1942 жылы 1 қаңтарда Көнеккеткен ауылында дүниеге келген. Қайыржан атты
азаматпен шағырақ құрып, 7 құрсақ көтерді,5 ұл мен 2 қыз өсіріп. Бүгінде ақ жаулықты ана, қамқоршы әже болып, 10 немере, 4 жиен сүйіп отыр.
2010 жылы «Алтын алқа» иегері атанып, балаларының ортасында тату- тәтті өмір сүруде.
Слайд 4Тасымова Сәбира 1940 жылы
1 тамызда Панкенсад селосында дүниеге келген. 1961 жылы
Ораш атты азаматпен шаңырақ құрады. 1990 жылға дейін зейнет жасына жеткенше абыройлы еңбек еткен. Қазірде аяулы жар, асыл әже, 4 ұл мен
4 қыз тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты ана.11 немерелерімен тату- тәтті өмір сүруде.
2010 жылы «Алтын алқа » иеленді.
Слайд 5Қадырғалиева Маруся 1960 жылы 15 наурызда Көнеккеткен ауылында дүниеге келген. Сансызбай атты
азаматпен шаңырақ құрып, 6 құрсақ көтеріп, 5 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп 2 қызың құтты орнына қондырып, жиендерін тәрбиелеп отыр.
2010 жылы «Күміс алқа » иегері атанды. Маруся апамыз аяулы жар, асыл әже атанып тату- тәтті өмір сүруде.
Слайд 6Төлешбаева Мауия 1938 жылы 1 қаңтарда Бөкей Ордада дүниеге келді. 1958 жылы
Қуан атты азаматпен тұрмыс құрып, 11 құрсақ көтеріп, қазірде 7 перзенті өмірде 4 ұл мен 3 қыз.Аяулы ана, асыл әжеміздің 12 немере, 10 жиен, 4 шөбересінің қызықтарын қызықтап тату- тәтті өмір сүруде.
2010 жылы «Алтын алқа» иеленді.
Слайд 7Сламғалиева Бақытжамал 1932 жылы 1 қаңтарда Ақжайық ауданының Жұбан ауылында дүниеге келген.
Әжеміз жастайынан еңбекке араласып, трактор айдап, егін егіп, шөп шапқан. 18 жасында Наурызғали атты азаматпен шаңырақ құрып, 11 құрақ көтерген, 9 ұл мен 2 қыз.Бүгінде 10 перзенті көз алдында. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға ұшырған әжеміз 33 немере, 14 жиен, 16 шөбересінің қызығын көруде.
2010 жылы «Алтын алқа» иеленді.
Слайд 92002 жылы 11 бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегеі үшін «Алтын алқа» алқасымен марапатталған
Слайд 102010 жылы «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»
мерекелік медалімен марапатталған
Слайд 11 Ана - үш-ақ әріптен құралған осынау бір сөздің астарында қаншама мән жатыр
десеңші. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, анадан киелі ештеңе жоқ. Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Слайд 12 Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл
өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Слайд 13 Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың
болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, өмір бойы, күні-түні перзентінің тілегін тілейді. Не деген құдіретті мейірім десеңші.
Слайд 14О, анам, Алатаудай асқарымсың,
Жазылмаған өлеңім, дастанымсың,
Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сырым
Әрдайым өзің үшін
ақтарылсын.
Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,
Анашым, нұр шашасың жүрегімде.
Сен болмасаң осылай бақытты боп,
Жарқылдап, шалқып, тасып, жүремін бе?