4
Дәріс жоспары 1 Қоғам ұғымы және оның жіктелуі. 2 Қоғамның типологиясы мен әлеуметтік құрылымы. 3 Әлеуметтік өзгерістер 4 Әлеуметтік теңсіздік 5 Әлеуметтік стратификация 1. Қоғам ұғымы және оның жіктелуі. Қоғам ұғымы - әлеуметтік ағымдардағы негізгі мәселе. Ол – көп қырлы құбылыс. Елдің әлеуметтік құрылысын сипаттайтын ұғым. Оның құрамдас элементтері: адам, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар және т.б. Қоғамдық өмірдің негізгі сфералары – экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік сфераның сипаты. 1.«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әртүрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2)театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді. Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұны және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді. Аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы Гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді. «Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам-бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет-сол қоғамды басқаратын билік органы; ел- әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.