Слайд 2Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін
медицина ғылым саласын анестезиология
(гректің «а» – жоқ, aestesis

– сезім, logus -
сөз, ілім) дейміз. Анестезия терминін 1846
жылы Мортон енгізді. Анестезияға келесі
талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін
жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол
ыңғайлы жағдай тудыру
Слайд 3Қазіргі кездегі анестезиология
жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы
барлық операцияларды толық жасауға
мүмкіндік болып отыр.
Анестезия жалпы,

жергілікті, аралас,
болып бөлінеді. Аралас анестезияға
жергілікті анестезия мен наркоз, жергілікті
анестезия мен нейролептаналгезия, наркоз
бен нейролептанагезияның түрлері кіреді.
Слайд 4Хирургиялық операция
кезінде ауыру сезімін жоюға
бағытталған шаралардың
жинағын жансыздандыру деп
атаймыз.

Слайд 5ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек – естен айырылып сіресіп қалу)

организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық нерв жүйесінің жұмысын терең тежеу: наркозға ауру дегенде біртіндеп есінен айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді.
Слайд 6И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз «Орталық нерв жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич)». Наркотикалық

дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты наркоз ингаляциялық және ингаляциясыз деп бөлінеді.
Слайд 7Организмге әртүрлі наркотиктердің буы дем алу арқылы енгізілсе оны ингаляциялық немесе маскалы

наркоз дейд.і. Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалды немесе интубациялық наркоз деп атайды
Слайд 8Анафилактикалық шок (АШ) - ағзаға
аллергендер енгенде жедел түрдегі
аллергиялық реакцияны тудыратын,
қанайналым, тыныс алу,

орталық
жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен
сипатталатын, жедел дамитын, өмірге
қауіпті патологиялық үрдіс.