Қант диабеті

Содержание

Слайд 3

БДҰ жіктеуі 1981ж бойынша қант диабетін 2 түрге бөлген:
1. Инсулинге тәуелді І түрі –

БДҰ жіктеуі 1981ж бойынша қант диабетін 2 түрге бөлген: 1. Инсулинге тәуелді
25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды.  Ол сырқат адамның қатты арып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамып, адамның өлуіне әкеледі.
2.     Инсулинге тәуелсіз ІІ түрі  - ұлғайған адамдарда кездесетін және инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен  дамиды (70%).
Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және кетоацидоз дамымайды.

Слайд 4

      Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі.
Сонымен

Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Сонымен қатар
қатар қант диабетінің дамуы – акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы,
феохромоцитома кездерінде соңғы көрініс ретінде байқалады. Бұл кездерде
инсулинге қарсы гормондардың артық өндірілуінен, ұйқы безінің
бета-жасушаларының тұқым қуалайтын пайдаланылмаған мүмкіншіліктері
шектелген адамдарда, инсулиннің жеткіліксіздігі тез дамуы ықтимал.
·        Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.
·        Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша,
желшешек, тұмау, мысқыл т.б.
·        Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.
·        Стресстік ситуациялар.

Этиологиясы

Слайд 5

     Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады.

Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады.
Гипергликемия дамиды. Бұлшықеттерде және
май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны
пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген. Қалыпты
жағдайда гексокиназа және глюкокиназа глюкозаны фосфорлайды:
глюкоза + АТФ = глюкоза -6- фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза
тотығу тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген  ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны
пайдалануы бұзылады.
    Инсулиннің жеткіліксіздігі гликогенсинтетаза ферментінің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан бауырда, бұлшықеттерде, қантты диабет кезінде
глюкозадан гликогеннің түзілуі азаяды да, глюкоза бос күйінде сақталып қалады. Бұл кезде глюкозаныңпентоздық – фосфаттық жолмен тотығуы нашарлайды.
  Сондықтан рибоза мен НАДФ.Н2 коферменті құрылуы азаяды. Ал бұлар нуклеин және май қышқылдары түзілуіне қажет.

Патогенезі

Слайд 6

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері
·        үнемі сусап тұру
·        кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.
·        үнемі шаршаулы сезіну,
·        қол-аяқтың

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері · үнемі сусап тұру · кіші дәреттің жиілеп,
үйып, жансыздануы
·        үнемі қарын аштығынан арылмау
·        салмақ азаюы

Өршіп бара жатқан диабет белгілері
·        терінің қышуы
·        көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)
·        жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
·        аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
·        естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
·        Полидипсия-шөлдеу.
·        Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
·        Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
·        Науқас  тамақты жақсы ішкенімен азады.
·        Науқастың  терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
·        Ауру қатты екпінді басталады.
·        Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
·        Асқынуға бейімді.

Слайд 7

Қауіпті асқынулар

Гипергликемиялық кома

Гипогликемиялық кома

Қауіпті асқынулар Гипергликемиялық кома Гипогликемиялық кома

Слайд 8

Гипергликемиялық кома
Себептері:
1. Инсулин дозасының кем болуы.
2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп

Гипергликемиялық кома Себептері: 1. Инсулин дозасының кем болуы. 2. Майлы және тәтті
жеу.
Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық
түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы
заттар жиналып уланады.
      Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп
басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді,
баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады,
терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан
ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала
есінен айрылады.

Слайд 9

Жедел жәрдем:
·        Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне
қосып 0,1 ед/кг

Жедел жәрдем: · Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып
салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
·        Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
·        4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
·        Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза
ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю
(токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге
кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар
құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды
суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай
қасықтан беріп отыру керек.
·        3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен
тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
·        Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк
тамырдан қанын қантқа тексеру.

Слайд 10

Гипогликемиялық кома.
Себептері:
1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
    Айқындалуы: Гипогликемиялық

Гипогликемиялық кома. Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі. 2. Организмге инсулинді
кома кенет
басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз,
дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі
құрысып-тырысады, тез есінен танады.

Слайд 11

Жедел жәрдем.
·        Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант,
бал, тәтті шай,

Жедел жәрдем. · Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал,
кәмпит беріледі.
·        Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз
етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
·        Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
·        Дымқылданған оттегі беріледі.
·        Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Слайд 12

1.Диетотерапия-тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қант-тардың мөлшерін шектеу қажет,

1.Диетотерапия-тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қант-тардың мөлшерін шектеу қажет,
тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қантты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болуы қажет. Ет, балақ, жұмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз бомағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді. 2.Күн тәртібі-мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала әсіресе инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек. 3.Негізгі емі - Инсулинмен емдеу-инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар. 8 сағат, 10-14 сағат және 24-36 сағ.  Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Тағы бір ерекшеліктері:  •Әр еккенде егу орны алмастырылып отырылады. •Егер алдында препаратты дене температурасына дейін жылыту қажет. •Ине үшкір болғаны жөн. •Препарат жай егілу қажет. 4. Витаминдер комплесі- қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, симптомдық ем кейде анаболикалық гормондар жүргізіледі.

Емі

Имя файла: Қант-диабеті.pptx
Количество просмотров: 47
Количество скачиваний: 0