Слайд 21. Маневрлер дегеніміз … (жылжымалы құрамның станция ішіндегі (жеке жағдайларда аралыққа шығумен) пойыздан
тыс орнын ауыстырулары)
Слайд 3Маневр операцияларының неғұрлым жетілдірілген әдістерін таңдау және оларды нормалау - маневр операцияларын
жеке бөлік-терге және элементтерге жіктеуге, оларды талдауға және синтездеуге (зерттеуге) негізделген. Маневрдің ең қарапайым бөлігіне жартылай рейс жатады.
Маневр жекелеген элементтерден түрады. Олардың ең қарапайымы - жартылай (біржацты) рейс - локомотивтің вагондармен немесе локомотивтің бір өзінің жүріс бағытын өзгертпестен станса жолдары-мен жүріп тұруы
Слайд 4Маневрлік рейс … (вагондардың локомотивтермен немесе жеке локомотивтердің станциялық жолдар бойымен қозғалыс
бағытын өзгертумен орнын ауыстыруы)
жарты рейс… локомотивтердің вагондармен немесе жеке локомотивтердің қозғалыс бағытын өзгертпей орнын ауыстыруы.
Слайд 5Маневрлік жұмыстарды кім басқарады, олардың міндеттері қайда көрсетілген? (станция кезекшісі (кіші станцияларда),
маневрлік диспетчер және дөңес немесе парк кезекшісі; станцияның техникалық-басқару актісінде)
Слайд 6Локомотивтің вагондармен немесе локомотивтің бір өзінің жүріс бағытын өзгерте отырып станса жолдарымен
жүріп түруын маневр рейсі деп атайды. Ол екі жартылай рейстен тұрады.
Локомотивтің вагондармен жүретін рейстері мен жартылай рейстерін – тиеулі рейстер деп, вагондарсыз жүрісін - бос рейстер деп атайды. Жартылай рейстермен рейстер жасайтын вагондарды маневрлік құрам деп атайды.
Таратылатын құрамдағы сұрыптау барысында бір стансаға жеткізілетін бір вагонды немесе қатар тұрған вагондар тобын бастапқы топ немесе ағытпа деп атайды.
Сипаттамасы мен мақсатына қарай жартылай (толық) рейстерді: құрамға бару, тартып шығару, шегіндіру, итеріп жіберу (сұрыптау), кейін тарту ауыстырып орналастыру, итеріп жүру деп бөледі.
Слайд 8Маневрлерді тікелей (маневрлік бригадалар – локомотив машинисті мен оның көмекшісі және пойыздар
құрастырушысы орындайды)