Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл)

Содержание

Слайд 2

Мазмұны
1 Негізгі белгілері
2 Олигофрения түрлері
3 Клиникасы
4 Емі

Мазмұны 1 Негізгі белгілері 2 Олигофрения түрлері 3 Клиникасы 4 Емі

Слайд 3

Негізгі белгілері

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және

Негізгі белгілері Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау
сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.

Слайд 4

Олигофрения түрлері

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және

Олигофрения түрлері Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения
дебильдік олигофрения деп бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады.

Слайд 5

Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің

Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің
дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі

Слайд 6

Ақыл-ой кемістігінің классификациясы

Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады:

Ақыл-ой кемістігінің классификациясы Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады:
дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық), имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс).

Слайд 7

Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі.

Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі.
Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.

Слайд 8

. Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін

. Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін
көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады. Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу- шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала болуы да мүмкін.

Дебилдік дәреже

Слайд 9

Имбецилдік дәреже

Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық

Имбецилдік дәреже Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл
дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес. Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардыңэмоционалды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.
Имя файла: Олигофрения-(грек.-olіgos-–-аз-және-phren-–-ақыл).pptx
Количество просмотров: 41
Количество скачиваний: 0